"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Алматыда сел жүрді

Алматының Наурызбай ауданында сел жүрді деп, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Ақсай шатқалы. Тексеріс кезінде қатты жауын-шашын салдарынан Қызылжар өзенінде сел жүргені анықталды. Сел жүруі салдарынан автожолдар жабылған. Су асфальт бойымен ағып жатыр. Оқиға орнында төтенше жағдайды жою мақсатында жеке құрам жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады ТЖК өкілдері.

Сонымен қатар, ауа райының бұзылуы мен жауын-шашынның әсерінен Талғар ауданында да сел жүргені белгілі болды.

Жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайды жою және автожолдарды уақытша жабу  мәселесі бойынша тапсырма берді.

«Казгидрометтің» мәліметіне сүйенсек алдағы үш тәулік ішінде бұлтты ауа райы болып, ауа температурасы төмендейді.



Ілмектер:
АлматыселТЖ

Осыған ұқсас:

  1. Алматыда марафон кезінде 18 жастағы жігіт қайтыс болды
  2. Денис Теннің өліміне күдіктінің анасы: Ұлымның адам өлтіргеніне сенбеймін
  3. ҚазПИ-дің іргетасына 90 жыл емес, 100 жыл толды
  4. «Өліспей беріспейміз»: Алматыда желтоқсан белсенділері қарсылық митингіне шықты (ВИДЕО)
  5. Мемлекеттік тілге миы жетпейтін адам қалайша «халық қалаулысы» бола алады?
  6. Вячеслав Вавилин: ТЕК ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУГЕ ТИІСПІЗ! Ол үшін бүкіл БАЛАБАҚША ТЕК ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ болуы керек.

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.