ОҚО-да қыз алып қашып, әлеуметтік желіні шулатқандар табылды (ВИДЕО)-Қазақстан жаңалықтары

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



ОҚО-да қыз алып қашып, әлеуметтік желіні шулатқандар табылды (ВИДЕО)

Оңтүстік Қазақстан облысында қыз алып қашып, әлеуметтік желіде танымал болған видео кейіпкерлерінің тұлғасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жуырда БАҚ-та және әлеуметтік желіде қырыққабат сатумен айналысатын қызды алып қашқан сәт түсірілген видео тарап кетті. Оқиға ОҚО-да болған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ролик кейіпкерлерінің тұлғасын анықтады. Олардың барлығы ОҚО тұрғындары. Қыз да, оның туыстары да ешкімге кінә артып отырған жоқ. Қазіргі кезде қыз тұрмысқа шыққан», – дейді ведомство өкілдері.

Енді қыздың туыстары сол видеороликті желіге таратқандарды сотқа бермек.




Осыған ұқсас:

  1. Жаңа омбудсмен ОҚО-дағы баланы зорлау ісін қолға алды
  2. Назарбаев ОҚО-да жаңа екі аудан құру туралы Қаулыға қол қойды
  3. Тілшілерге ауылдағы проблеманы айтқан ақсақал таяқ жеп қалды
  4. Мектепте еден жуушы болу үшін пара беру оңтүстікте ғана бар – Нұрсұлтан Назарбаев
  5. Қазығұрттағы АПАТ: Ашынған халық АШЫҚ ХАТ жазды
  6. Абай ауылының «зорланған» 7 жастағы тұрғынына қатысты деректер шықты

Facebook арқылы пікір жазу



1 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. user00 14 Мамыр, 2018, 18:46

    Қыз алып қашу қазіргі таңда сәннен қалды ғой,.. Алып қашса да қыздың келісімімен жасалады…

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.