Назарбаев 92 жасында қайта билікке келген Махатхир Мохамадты құттықтады-Қазақстан жаңалықтары

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Назарбаев 92 жасында қайта билікке келген Махатхир Мохамадты құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Махатхир Мохамадты Парламент сайлауында «Үміт альянсы» коалициясының жеңіске жетуімен және Малайзия Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

«Сайлау нәтижелері Сіздің парасатты басшылығыңызбен Малайзияның келешекте жаңа белестерді бағындыратынына халықтың сенім артып отырғанын көрсетті. Бұған Сіздің 1981-2003 жылдарда Малайзияның қарқынды дамуына қосқан өлшеусіз үлесіңіз дәлел бола алады.

Қазақстан мен Малайзия арасындағы достық қарым-қатынас жылдан жылға нығайып, жан-жақты өркендеп келеді», – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Махатхир Мохамадқа жауапты лауазымда табыс, ал Малайзия халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.




Осыған ұқсас:

  1. Елбасы Нұрлан Ермекбаевтың Қорғаныс министрі болып тағайындалуын түсіндірді
  2. Елбасы Жарлығымен Павлодардың екі ауданы қазақшаланды
  3. Европа адам құқықтарын қорғау ұйымы Елбасынан Сайрагүл Сауытбайға араша сұрады
  4. Елбасына өмір бойы Қауіпсіздік Кеңесін басқару құқығы берілді
  5. Назарбаев: Астана Едігеден Әз-Тәукеге дейінгі хандардың ордасы болған
  6. Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы ең сүйікті жерін атады

Facebook арқылы пікір жазу



2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. user00 14 Мамыр, 2018, 18:49

    Махатхир Мохамад Ер екен! Құдай көкелерімізге қуат берсін!

  2. user00 14 Мамыр, 2018, 18:50

    Алла жар болсын!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.