"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Ике УДАНО: «Автодорды» қалайда ұтуға тырысамыз

Саратовтың «Автодор» командасымен болатын ойынның қарсаңында «Астана» командасының америкалық шабуылшысы Ике Удано қонақтарды ұтып, жанкүйерлерді жеңіспен қуанту үшін бар күштерін салатындықтарына сендірді.

– Біз «Автодорды» Саратовтағы ойында да жеңуіміз керек болатын. Өкінішке қарай, өзіміз көптеген қателіктерге бой алдырып, овертаймда жеңісті беріп қойдық. Енді біздің плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігіміз өзімізге ғана емес, Санкт-Петербургтің «Зенитіне» де байланысты. «Зенит» өз алаңында Беларусьтің «Цмоки-Минск» командасын жеңеді деп үміттенеміз. Ал біз өз кезегімізде Саратовтың «Автодорын» қалайда ұтуға тырысамыз. Көп сөзді қойып, нақты іске көшуіміз қажет. Ұтамыз деп сенемін, – деді елордалық команданың ойыншысы.

Естеріңізге сала кетейік, мамырдың 12-сі күні «Сарыарқа» велотрек кешенінде елорданың «Астанасы» Саратовтың «Автодор» командасын қабылдайды. 

ВТБ Біріккен лигасының соңғы туры аясында өтетін бұл кездесуде біздің жігіттерге тек жеңіс керек. Сонда ғана плей-офф кезеңіне жолдама алады. Ал саратовтықтар турнир кестесінде үздік бестікте.

Тартысқа толы ойынға куә болып, «Астанамызға» жанкүйер болайық!




Осыған ұқсас:

  1. Головкиннің белбеулері «Канелоға» берілді
  2. Алматыда марафон кезінде 18 жастағы жігіт қайтыс болды
  3. Елбасы Жолдауы аясында Шымкентте World Class заманауи фитнес-клубы ашылды
  4. Хабиб Нұрмағамедов: Әкем мені жазалайтын болды
  5. Хабиб Нұрмағамедов Макгрегордың тас-талқанын шығарды (ВИДЕО)
  6. В рамках Послания Президента в Шымкенте открылся современный фитнес-клуб World Class

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.