ПУТИННІҢ инаугурациясында РЕСЕЙ ТУЫ КӨТЕРІЛМЕЙ ҚАЛДЫ!..

  Бүгін Ресей президенті Путиннің инаугурациясы өтті. Шара барысында Ресей туын салтанатты түрде флагштокқа көтеру сәтінде ту қақ ортасында қатып, көтерілмей тұрып қалды. Оны тікелей эфирде көрсетіп тұрған оператор, сасқан үйрек артымен жүзедінің ісін істеп, көрермендерді көрсетіп жіберді. Камераны қайта бұрған сәтте, екі әскери тумен әлі алысып жатыр екен. Әйтеуір, әрең  дегенде әупірімдеп көтерді аяғында. Құдай-ау, Алланың өзі Ресей туын көтертпей тұрса, Путиннің бұл жолғы мерзімі оңай болмайды-ау деп жорып қойдым өзімше...  Бұл да белгі шығар. Ту деген мемлекеттің басты белгісі, оның көтерілгені жақсы, түскені сұмдық. Ту түсуден Тәңір сақтасын!  Сондықтан қазақ "Туың биікте желбіресін" дейді ғой.  Ал мынаны жақсыға жори салдым ішімнен...
Ashat Kasengali
Фейсбук парақшасы