GGG-дің Мартиросянды нокаутқа түсірген видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды

Қазақстандық Геннадий Головкиннің Ванес Мартиросянды нокаутқа түсірген видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видеода алдыңғы раунд кесіліп алынып, тек нокаутқа түсірген сәті көрсетілген. Қазақстандық «қанның иісін» сезіп, қарсыласына шабуылдайды. Бірнеше рет нақты соққылар беріп, кейін Мартиросян жерге құлайды. Еске салайық, бүгін GGG ұлты армян америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен айқасып, 38-ші жеңісіне қол жеткізді. Жекпе-жек техникалық нокаутпен екінші раундта аяқталды.

«Ванес - талапты боксшы, шаршы алаңда бірнеше жақсы соққыларын дарыта алды. Алайда жекпе-жекті екінші раундта аяқтауға қауқарлы болдым (...) Мен кез келген қарсыласқа дайынмын. Егер де «Канело» жекпе-жекке әзір болса, мен де дайынмын. Мен көп жылдар бойы чемпиондығымды сақтап келемін. Менің белдіктерімді алғыларың келе ме? Онда жекпе-жекке шығып, тырысып көріңіздер», - деді Головкин.