Әлібек Шегебай: ШАХАНОВТЫ ӨЛТІРУДІҢ НАУҚАНЫ…-Қазақстан жаңалықтары

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Әлібек Шегебай: ШАХАНОВТЫ ӨЛТІРУДІҢ НАУҚАНЫ…

47shakanov

Осыдан екі жыл бұрын «Қазақ үні» ұлттық порталында белгілі ақын Әлібек Шегебайдың «Шындықтың шырағданы» атты өлеңі жарияланған болатын. Ақиқаттың ақыны Мұхтар Шаханов туралы жазылған бұл туынды оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленіп, ең көп пікір жинаған өлеңге айналды. Кеше порталымызда Мұхтар Шахановтың жаңа МӘЛІМДЕМЕСІ жарияланып, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Осыған орай Әлібек Шегебайдың кезінде әдебиет сүйер қауым жылы қабылдаған жырын қайта ұсынуды жөн санадық…

Шындықтың шырағданы

Мұхтар Шахановқа

Бақ, береке тасып жатса еліңде,
Бақыт деген сол болар-ау, тегінде.
Бақытына бақыт қоссаң сол елдің
Бақ-жұлдызың жанбай қалмас сенің де.

Түп-тамырын Түркілерден тартатын,
Ақиқатын аңыздарға артатын,
Қайыс текті қайсар мінез халқымның
Тәңір өзі таңбалаған жалпы атын!

Бұл сөзімді құптамас бар, құптар бар,
Жалқы да бар, жарқыраған жұптар бар.
Қиянаттың қазанында қайнаған
Қазағымнан шықты қанша Мұхтарлар.

Тексіздіктің төнгенімен тасыры,
Алшысынан түскен емес асығы.
Қазағымды әйгілі етті әлемге
Мұхтарлардың мұнаралы ғасыры.

Керегемді кетпесін – деп, жат алып,
Тағдырымды теппесін – деп, апарып.
Жалғандыққа жаны күйіп жүретін
Соның бірі – ақын Мұхтар Шаханов.

Сезімдерді – сұлулыққа сенбеген,
Сырға толы жырларымен емдеген.
Жүрегінде жыр оты бар Қазақтың
Шахановты сүймейтіні кемде-кем.

Әр сөзінің,
Жарқыраған Ай мүсін,
Көзбен шұқып көрсетерсің қай тұсын.
Бүгінгінің Толағайы емес пе?
Қазағының арқалаған қайғысын.

Қиянатқа қарсы тұрар білегі,
Жалғандыққа шыдамайтын жүрегі.
Шырылдаған шынашақтай шындығын –
Күллі Қазақ Шаханов деп біледі.

Алданбастан айласы мың елеске,
Батыр ғана көтерілер белеске.
Ақын болып батыр болмау,
Батырында ақыл болмау,
Халық үшін зор қасірет емес пе!

Жабықтырса көп ағаның жаутаңы,
Кімге жетер жалғыз жанның қауқары.
Байқасаңдар,
Жүріп жатыр бұл елде
Шахановты өлтірудің науқаны.

Ақиқаттың аз ба жасын төккені,
Алшаң басып келер әлі көктемі.
Шахановты шеттеткені қоғамның
Шындықты да шырылдатып тепкені.

Айтпағымның осы болды шамасы,
Адамдардың болмас бұған таласы.
Ақиқаттың кеткен күні ақыны
Аңырайды жер мен көктің арасы!

alibek1Әлібек ШЕГЕБАЙ




Осыған ұқсас:

  1. Су басып жатыр Шығыстың байтақ даласын – Әлібек Шегебай
  2. «АЛАШ АРМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЫР МҮШӘЙРАСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
  3. СҰЛУЛЫҚҚА СҰҚТАНАДЫ – АДАМЗАТ
  4. Сүткент, сүт мекенiм – қалашығым
  5. «Жетпіс төрттің жеті ақыны» – Сергей Жаданның құрдастары

Facebook арқылы пікір жазу



39 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 3 Шілде, 2016, 04:41

    Аса қадірлі Мұхтар аға, сіздің еліміздің шын жанашыры екеніңіз баршаға мәлім. Аллам сізге ұзақ ғұмыр берсін. Теңіздей толқыған осы бір ауыр кезеңде сіз кемеңізді аман-сау жағалауға жеткізетініңізге сенеміз. Аллам сізге жар болсын

  2. Белгісіз 3 Шілде, 2016, 06:37

    Сізге АЛЛАДАН зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін.

  3. Белгісіз 3 Шілде, 2016, 08:05

    Мұхтар Шаханов ағамыз «Эйнштейн» атындағы сыйлықтың , тағы басқа да бірнеше Әлемдік бас жүлделердің иегері ретінде ешбір сотқа жауап бермеуге ақынның құқығы бар, бірақ ақын ағамызға мықты менеджер логист-заңгер керек, сотқа бармауын түсіндіретін, неге соттар осы заңды білмейді?
    Мұхтар аға, сізге адам өлтіріп қоймасаңыз болды, басқаның бәріне де сот жоқ Сізге, сот шақырса да бармаңыз, заңды судьялар біліп тұрып , заң білмейтін сізді ақымақ етіп келіпті..Мен сіздің барлық еңбектеріңізді қызыңыз Жанкеркенің үйінде қызмет бабымен жүргенімде оқып біліп алғанмын, Сізден рух аламыз, Сіз біздің Күнімізсіз!….
    Аман болыңыз, жекепарақшаңызға арнау өлең жібердім, ФБ дан, Қоғамға сіздей қызмет еткен азаматтар аз болып тұр…

  4. Белгісіз 3 Шілде, 2016, 08:15

    Мұхтар аға сіз сияқты əрбір қазақтың жүрегі қан жылайды.Айғайымызды ешкім естімейді.Біз қазақпен біргеміз.Жол ұсынған ағаларымызды қолдауға алла қуат берсе даярмыз.

  5. Белгісіз 3 Шілде, 2016, 08:47

    Мұхтар аға сіздің жырларыңыз – қазақтың үні,ата- бабамыздың үні,батырларамыздың үні,Сондықтанда қаламыңыз мұқалмасын,шабытыңыз шарықтасын! Сіздің жырларыңызбен шындықтың не екенін білмейтіндердің көздері ашыла берсін,қазақ елі өрлей берсін!Сіздің өлеңдеріңіз қазақ елінің,қазақ тілінің шын жанашыры, қорғаушысы!Аман болыңыз,деніңіз сау болсын! Жырларыңыз таусылмасын,қазақ халқы сізді жақсы көреді жəне жырларыңызды күтеміз!

  6. Белгісіз 3 Шілде, 2016, 13:01

    Кiмге не арнау оз еркiнiз. Елi егемен болганына ширек гасыр, 25 жыл болган кезде де фамилисын шет елше жазып жургендi мактауга болмайды.

  7. Белгісіз 3 Шілде, 2016, 13:32

    Әлібек Шегебайдың осы өлеңін оқи отырып көзім жасқа толды. Мұхтар Шаханов – қазір өзі қазақ рухының алып генераторына айналды және Билік сүйеніш болмаса да, бүкіл қазақ Мұхтар Шахановтың сүйеніші. «Енді мен сорлыға сүрінгенде сүйеніш болар, ел, ұлт мүддесін өз мүддесінен оқ бойы биік ұстар, мейірім мен рух генераторы іспетті Мүсіреповтей ұстаз кезікпейді… Ешқашанда! Және мұны сезіну қандай ауыр» (Мұхтар Шаханов).

  8. Белгісіз 3 Шілде, 2016, 14:28

    Алла ұзақ ғұмыр берсін.

  9. Белгісіз 3 Шілде, 2016, 15:56

    Мухтар ага аман болыныз, сiздi билiк колдамасада. Сiздiн артынызда колдаушы жане артыныздан еретин миллиондаган казах халкы тур. Сiз колбы жогары бир котерсениз

  10. Белгісіз 3 Шілде, 2016, 16:02

    Мухтар ага аман болыныз, сiздi билiк колдамасада. Сiздiн артынызда колдаушы жане артыныздан еретин миллиондаган казах халкы тур. Сiз колды жогары бip котерсениз букил халык жактайды. Билiктеги шipiктер сизден сол ушiн жасканады.

  11. Белгісіз 3 Шілде, 2016, 18:26

    Аяулы Жан Ага аман журиниз. Алладан сиздин амандыгынызды тилеймин. Сиз сонау 89 жылы Кремльге барып казак елинин 86ж бастан кешкен зардап, кайгысын айтпаганда, биз Тауелсиз ел болар ма едик?! Букил казак ели сизбен мактанамыз.

  12. Белгісіз 3 Шілде, 2016, 18:56

    Мұхтардай ағамыз аман болсын. Қазақ деп, шындық деп шырылдаған ағамызды билік елемесе де , артында оны таққа кө еріп, қастерлейтін қазағым аман болсын. Билік басындағылар мəңгі емес, халықтың ашу-ызасы сыртқа бір-ақ күнде шығады.

  13. Белгісіз 3 Шілде, 2016, 19:29

    Нағыз абыз,біздің ғасырдың Асан Қайғысы,қазақтың бетке ұстары ,ұлтнамысын өзіңдей кімжы жыртады? Аман жүруін бір Алладан тілеймін.

  14. Белгісіз 3 Шілде, 2016, 19:41

    Мұхтар аға! Сізден бақытты адам жоқ шығар! Ел басы мен биліктегілер сізді көре алмай, күдестік пен, қызғанышпен қарайтыны да содан шығар. Сідің соңыңызда, сізді сүйетін, қолдайтын миллиондаған халқыңыз, қазағыңыз тұр! Сондықтанда тулаған теңіз толқынындай, бір сəтке де бəсеңдемей, буырқанып-бұрсанып тасқындай беріңіз! Сізді бүкіл қазақ қолдайды деп ойлаймын!!!

  15. Белгісіз 3 Шілде, 2016, 22:21

    Аман болыңыз сізге алладан басыңызға амандық деніңізге саулық тілеимін қазақтың сенетіні сіз

  16. Белгісіз 4 Шілде, 2016, 01:59

    Қазақ елінің жоғын жоқтаушысы абзал ағамыз аман жүрсінші

  17. Белгісіз 4 Шілде, 2016, 04:13

    Мұхтар аға жасасын!!!!

  18. Белгісіз 4 Шілде, 2016, 09:51

    «Мұхтар Шахановты өлтіру науқаны басталды» деген, «сіз кісі өлтірмесеңіз, басқа сот ала алмайды» деген не сандырақ, жарандар-ау?! Ондай «оқиғалар» болғалы жатқанын қайдан білдіңдер? Мұхтар Мағауиннің «Қазақ әдебиеті» гәзетіндегі мақаласынан ба? Егер шындықты керек етсеңдер, онда Мұхтар Шахановқа қатысты үш айыптауы шындыққа негізделгенін мойындау керек қой? 1.Испанияда бұқамен «намыстана шайқасқаны» 100 пайыз бекер. Ол ойынды ұйымдаструшылар «мен шығам!» дегенді шығара салатындай топас емес, кім көрінгенді шығарса, оны бұқа өлтіріп тастаса, өздері сотталатынын білмейді дейсіңдер ме? 2. Бауыржан Момышұлын жазғырып, сонсоң Батыр аға оған «қазақ тілінде сөйлеуге уәде беріп, содан бірі күні уәдесін орындағанын айтып телефон шалғаны» ойға қонбайды. Баукең тіріде солай жазса, Баукең оның мойнын бұрап алар еді. 1943-жылы майданнан елге бір келіп қайтқанында Баукең қазақ тілінің халі ауыр екенін көріп, Қазақстан партиясы мен үкіметінің 1-басшыларына «Қазақ тілінің болашағына жандарың неге ашымайды?!» деп батыл айтып та, жазып та қайтқан болатын. Ғылым академиясында Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов бастаған зиялылармен кездесіп, соғыс туралы лекция оқыған күні үзілісте бәріне айтқан наразылығы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін сақтауда немқұрайдылық барын ашып айтқаны болған.Ол мәжіліс туралы Академияның «Вестнигінде» жазылған. Жалпы Бауыржан ағамыз ана тілін әрқашан ардақтады, таза сөйледі, таза жазды, оны сауатты қазақ жақсы біледі. «Әкем Момыш, мен – әкемнің ұлымын, сондықтан фамилиям Момышұлы болуы керек!» деген сөзді айтқан Тұлғаға Шахановтың «батылдана сөгіп сөйлегені» – естір құлақтан ұят әбестік. 3. Қадыр Мырза Әлиді кінәләуі де – орынсыз қылық. Әуелде екеуі басқарған, кейін Мұхтар басқарған комиссия ақырында биліктің иегінің астында қалды емес пе? Желтоқсанды жасаған, қостаған басшылардың қайсысы жазаланды? Ол комиссия пайдалануға батпаған фактілер кейін Әркен Уақ деген азаматтың кітабында жарияланды. Әрекең Желтоқсан жастарының жанашыры болып арпалысқаны үшін сотталып, 8 жыл түрмеде отырып шықты. Міне, жарандар, осындай шындыққа қарсы шаппайық! :oilanu:

  19. Белгісіз 4 Шілде, 2016, 09:54

    Бұл ешқашан өлмейді!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

  20. Белгісіз 4 Шілде, 2016, 10:16

    Қадірлі Мұқаңның сонау бір жылдары Нарынқөолдан КСРО депутаттығына түскен сәттегі Азаматтығына куә болғам. Мұқаң туған халқының алдында Азамматтық парызын 200 пайыз орындаған, орындап жүрген Азамат. Енді тура Мұүқаңдай 5-6 қайраткер болса НӘНдер есірмес еді.

  21. Белгісіз 4 Шілде, 2016, 10:16

    Мұхтар аға жасыңыз ұзақ болсын,мына өлеңдіде жазған жігіт мықты екен.Қазыр ақты ақ,қараны қара дейтінде адамдар азайып кетті.Сен тимесең мен тиме деп сырттан қарап отырады емеспе.Алла күш қуат берсін бəріңізге.

  22. Белгісіз 4 Шілде, 2016, 10:39

    Мухтар Ага Казак халкынын жанашыры,батыры,нагыз Ер Азамат!!!Бiз Кадiрлi Мухтар Аганы курмет тутамыз!

  23. Белгісіз 4 Шілде, 2016, 13:23

    Мен не дейн, Ажалды пенде сын сағаты туғанда қандай жағдай болмасын ажалына мойынсұнады. Бастысы ажалды қандай күйде қарсы алғаның. Қауқарсыз қалт-құлт етіп, бәрін кеш түсініп шарасыз күйде ма жоқ әлде аюандықтан ада, ар алдында таза күйде ма? Йа, даулы сұрақ.
    Бетін ары қылсын, Мұхаң жақын арада аттанып кетер болса, бұған бәз-біреулерді айыптаудың қажеті жоқ. Пенде таразысы алдамшы әрі әсірешіл келеді.
    Айтқандай мен сахнада ойнамаймын, көрермендердің де қатарынан емеспін.

  24. Белгісіз 4 Шілде, 2016, 16:11

    Шындыкты айту биздин елде кауипти. Мухтар ага халкыныз сиз ушин катты аландайды. Алла сизге куат берсин

  25. Белгісіз 5 Шілде, 2016, 11:01

    Шахановтын кемшилигин тизу кореалмаушылык. Магауин тек озине жумыс истеп журген адам.

  26. Белгісіз 5 Шілде, 2016, 11:41

    Талант – Құдайдың пендесіне сыйлаған сыйы.
    МҰХАҢ – ТАЛАНТ ! Талантты тұлғаның досынан жауы көп болады.
    Талант жүрген жерде ҚЫЗҒАНЫШ деген пәлекеттің қызыл иті еріп жүреді.
    :oilanu:

  27. Белгісіз 5 Шілде, 2016, 12:40

    Әр елдің өзінің бір рухани абызы бар десек, Мұхтар Шаханов Қазақ елінің рухани абызы деп айтуға әбден лайық келеді. Еліміздің аяғынан тік тұрып кетуіне, көркейіп, күшейуіне өлшеусіз үлесін қосқан кемеңгер тұлға. Ал, анау отанын, халқын тастап, шетел асып кеткен Мұхтар Мағауйындікі не қылық. Қазақ үшін практика жүзінде не істей алды деген заңды сұрақ туындайды. не көрседе халқымен көру керек едіғой.Мағаиынның Шахановтың аяғынан шала бастауы биліктің айдап салуы емеспе. Шетелге кеттің бе тыныш жүрмедіңіз бе, онсызда Шахановтың аяғынан шалатындар билікте көп болып жатқанда оған сіз келіп қосылдыңызғой, елімізде күресіп жатқан адамда нең бар еді. Мағауйынға айтарымыз: кәртейсеңізде әдемі болып кәртейіңізші! бұл сізден өтініш!

  28. Белгісіз 5 Шілде, 2016, 22:51

    Есенғали, Мұхаң деп отырғаның Мағауин, сонда Шаханов оның ерекше, алапат дарынын көре алмаса, кім болвп шықты, ойланбай сөйлеме

  29. Белгісіз 6 Шілде, 2016, 08:14

    Кесексің бе, тезексің бе, оттама !
    Мен «Мұхаң» деп Шаханов ақсақалды айтып отырмын.
    Мен сендей аты-жөнін жазуға қорқатын, тасадан тас ататын пенде емеспін, ауыз өзімдікі деп, қырти берме !
    :oilanu: :kulki1: :oilanu:

  30. Белгісіз 6 Шілде, 2016, 09:43

    Әй, Шіріген Ауыз, қолыңнан келсе, Мағауиннің атын өзгерт, Әуезовтен кейінгі МҰХАҢ сол кісі

  31. Белгісіз 6 Шілде, 2016, 10:49

    Әй, шіріген тезек, мен біреулердің аты-жөнінін өзгертіп отыратын паспорот столдың бастығы емеспін.
    Біресе түйенің көті, біресе биенің көті деп не сайрап отырсың ?
    Өркімнің өз «Мұхтары» бар, мені зорлап Мағауинды жақтаушы қыла алмайсың !
    ӨТІҢ ТАРС ЖАРЫЛЫП, ТҰРҒАН ЖЕРІҢДЕ ҚАТА ҚАЛСАҢ ДА МҰХТАР ШАХАНОВ – ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН ТАЛАНТ !
    :kulki1: :kulki: :kulki1:

  32. Белгісіз 7 Шілде, 2016, 00:24

    Кесек, кесектеме аркимди, кесектесең әркімді Есенғали қак төбеңді тесет.

  33. Белгісіз 8 Шілде, 2016, 01:53

    Мұхтар Шаханов -Алаш зиялыларының соңғы тұяғы. Қазақтың ар-намысы, ұлы ақыны. Осындай біртуар тұлғаның қазақтың маңдайына симауы -ұлттық қасірет. Абайды да тірі кезінде қазақ бағалады ма?

  34. Белгісіз 8 Шілде, 2016, 02:41

    О, былапыт сорлы…

  35. Белгісіз 8 Шілде, 2016, 22:26

    Мухтар аға казактың жүрегі.гумыры ұзақ болсын.

  36. Белгісіз 10 Шілде, 2016, 22:53

    Талбойында бір мінжоқ өте тамаша жазылған әрі шындығымен бірге тамаша жарасып тур , өмір шындығы .

  37. Белгісіз 2 Тамыз, 2016, 10:14

    Мухтар ага сиздей казакка жан ашыр болатын iрi агаларымыз кобейе берсин !

  38. Белгісіз 5 Ақпан, 2017, 13:36

    Мұхтар ағамда Алаш көсемдерінің көшбасшылығы, Махамбеттің ержүректігі бар. Мен білетін саналы гұмырын қазақ халқының мүддесіне арнап, қалтқысыз қызмет атқарып келе жатқан қазіргі санаулы ғана тұлғаның ішіндегі ең биіктегі заңғары! Қазақ халқы Мұхаңды сүйеді, және сізбен бірге. Мұндай тау тұлғалы азаматтар халықтың рухы түспесін деп мың жылда бір рет қана дүниеге келеді!

  39. Ruza 6 Мамыр, 2018, 13:16

    Жарадыңыз, Әлібек баурым! Алла шыншыл, батыл, ми қабілеті көптерден озып тұрған, дүниежүзі таныған ақиық ақынымзға денсаулық берсін, ләйім!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.