Әйгілі жазушы Дулат Исабековтың жеке сайты ашылды

Қазақтың әйгілі жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековтың жеке сайты ашылды. Әдебиет сүйер қауым үшін isabekov.live сайтында қаламгердің роман, повесть, әңгімелері, эссе-мақалалары мен пьесалары, сондай-ақ, рецензиялары мен сұхбаттары да жарияланады.

Есімі Ұлыбритания ұлттық кітапханасының мәңгілік қорына енген Исабековтың пьесасы Лондонда сахналанғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Сонымен қатар, Дулат Исабеков Лондонның Лордтар палатасында сөз сөйлеген тұңғыш қазақ жазушысы. Осыған орай жазушының сайты ағылшын тілінде (қосымша орыс тілі де бар) де сөйлейді.

Қазақ үні