Болмысына жарасар «қайсар» деген...

Қаршадай қауымдасқан жас қаламмен, Аршадай жолын ақын ашқан әнмен... Тағдырға тоқымалы өкпеміз жоқ, Табысқан Қазыбектей жақсы ағаммен!

Жалғандықтың жонынан таспа тілген, Жырлары алысқандай жас батырмен... Өлеңнің киесіне басымды идім, Сырласқан Қазыбектей жақсы ақынмен!

Биікте бағындырған байсал белең, Болмысына жарасар «қайсар» деген... Қазақтың ұлтшылының ұстамы зор, Мүдделес Қазыбектей жайсаңменен!

Арманын ұштастырған ұлықты елмен, Мұзтауына күрестің шығып көрген... Ұлтымыздың мұраты мұқалмайды, Жігерлі Қазыбектей жігіттермен!

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА, Орал-Ақтөбе, 23.04.18 ж.

Дереккөз: Жұлдыздар құпиясы