Зина жасағандарға шариғат бойынша бүкіл халықтың алдында дүре соғылды

Индонезияның Ачех аймағында некеге дейін жақындасқан және жезөкшелікпен айналысқандарға дүре соғылды. Жағында ғана аталған елде мұндай жазаны ел алдында қолдануға тыйым салғанымен, бұл жайт мыңдаған адамның көз алдында өрбіді.

Бұл туралы Brinkwire басылымына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Көрермендер арасында Малайзиядан келген туристер де болған. Шетелден келген меймандар айқай-шуға ұласқан көріністі тамашалауға мәжбүр болды.

Бұл күні үш ер адам мен бес әйел адам жазаланды. Олардың ішінде студенттер де бар. Олардың жасаған қылмысы – діни ережені бұзғандығы, елдің көзінде сезімдерін білдіргені, сондай-ақ, ғаламторда сексуалдық сипатта қызмет ұсынуы.

Индонезия халқының басым бөлігі – мұсылмандар. Алайда Ачех – Шариғат заңдары бойынша жаза қолданатын жалғыз мекен. Мұнда адамдар құмар ойын ойнап, ішімдік ішкені үшін, сондай-ақ, некеге дейін жақындасып, біржынысты байланысқа түскені үшін ауыр жазаға тартылады.

Бір қызығы, осыдан дәл бір аптадай бұрын консервативтік провинция «қылмыскерлерді» жабық түрде жазалауға уәде берген. Алайда жаңа заңның қашан күшіне енетіні белгісіз. Индонезияда Құдайға сенбейтіндер мен өзге дін өкілдері қарсы шыққандықтан, аталған заң жобасы қабылданған болатын.

Адам құқығын қорғаушылардың айтуынша, дүремен соғу – адамгершілікке жатпайтын іс. Өткен жылы Индонезия президенті Джоко Видодо Ачехте дүре соғу жазасын қолданбауды бұйырған.