Шыңжаң басшысы Чын Чуан Го миллионға жуық xалықты концлагерьге қамаған

Шыңжаң басшысы Чын ЧуанГо 2017 жылдан бері бір жыл ішінде миллионға жуық xалықты тұтқындаған деп қабарлайды bannedbook.org ақпарат басылымы.

Бір ғана Үрімші қаласының өзінде 33 концлагеьр салып үлгерген Чын ЧуанГо бір жыл ішінде Шыңжаңды біртіндеп үлкен түрмеге айналдырған.

Ол: 1. Өткен жылы Қытай Коммунистік Партиясының «19 құрылтай» ның алды-артында, Шыңжаңның әр жеріндегі үкіметі, саяси-сот жүйесі, барлық "Фалун Кун-Фу" жаттығушыларын тексеріп, бұрын олар "Фалун Кун-Фу" мен айналысып кейін бас тартсын-тартпасын, барлық мүшелерін жергілікті полициялар жағынан тұтқындаған. "Фалун Кун-Фу" мен жаттығу райынан қайтпағандарды лагерлерге жіберіп, не болмаса интернетте іздеу бұйрығын шығарып немесе мырзақамаққа алып, еркіндігіне шектеу қойған, сонымен олардың үйден аттап басуы қйынға соққан. Қазыргі таңда, Шыңжаңның барлық қала-аудан, ауылдардың кіре берістеріне, барлық үкімет орындарына, заң саласындағы орындарға, әр түрлі базар, сауда орталықтарына, қонақ үйлердің қақпасына, завод-фабрика, кен орындарындың қақпаларына ең озық "сканерлеу тексеру есіктерін" орнатып, барлық кіріп-шығушының денесін сканерден өткізіп, және олардың жеке куәлігін тексереді, егерде жеке куәлігінде ерекше ескертуі болған жағдайда дереу сақтық сигналы белгі беріп, ол адамлы бірден жақын маңдағы полиция мекемесіне жөнелтіледі әрі қамалып отырады. Бұл тексерулер осы күнге дейін күнделікті тұрақты жалғасып келеді. 2. Қытай Коммунистік Партиясының Шыңжаңдағы зорлығы - тек Шыңжаңдағы "Фалун Кун-Фу" жаттығушыларымен ғана шектеліп қоймай, шетелдегі "Фалун Кун-Фу" жаттығушыларында шарпыған, олар ұшаққа мінгенде, поездға отырғанда "сканерлеу тексеру құрылғыларынан" өткен кезде тұтқындалып, қастандыққа ұшыраған. 3. Қытай Коммунистік Партиясы - Шыңжаңдағы қудалауды тек "Фалун Кун-Фу" мүшелеріне жасалып қана қоймай, сонымен қатар «аз санды ұлт» өкілдерін(Қазақ, Ұйғыр, Қырғыз, Мұңғұл. т.б. ) қатігездікпен жаныштаған. Қазыргі таңда Шыңжаңның әрқайсы қала-аудандарында арнаулы түрде «аз санды ұлт» өкілі болған қарапайым бұқараларды қамайтын КОНЦЛАГЕРЬ салдырған, оның атын әдемілеп "тәрбиелеу-баулу орталығы" деп атаған. Онда қамалғандардың саны қазірге дейін бір жыл ішінде МИЛЛИОН ға жеткен. 4.Шыңжаңдағы Чын Чуанго бастаған топ əр саладағы мемлекеттік қызыметкерлерді, заң саласындағы жеке кəсіп-орындардағы адамдарды қорқыту, алдау тəсілдерін қолдану арқылы оларды ИДЕЯЛОГИЯЛЫҚ тәрбиелеуден өткізіп "миын жуу" операциясын жүргізген. Бұл зұлым саясатқа қарсы өз пікірлерін білдіргісі келгендерді дереу "саяси үйрену лагерьне" қамап, барлық саладағы адамдардың өздеріне қарсы өзгеше пікірлерін жойып, өздеріне бағындырып, ең соңында олардыда халықты қудалауға жұмыс жасайтын безбүйрек етіп жіберіп отырған. 5. Шыңжаңдағы Мемелекеттік қызыметкерлерде бұл жолғы "қудалау саясатының" ең қатты ауыр соққысына ұшырады, шын мəнінде мемлекеттік қызметкерлердің басым көп бөлігі Чын Чуанго бастаған залымдарға қарсы болған, бірақ Фашизимдық зұлымдық саясаттың кесірі өз басына тиіп кетуден қорқып, тек жұмған аузын аша алмай, амалсыздан көніп, бой ұысынған, ақыры олар "зұлымдық көрушіден" - "зұлымдық жасаушыға" айналған. 6. Қытай комунистері Шыңжаңда адамдардың құқығын аяқ асты ететін көптеген саяси лагерлерін ашып, халықты кез-келген уақытта жəніштау үшін әскерлерді кең көлемде қару жарақпен және әр түрлі қыйнау құрылғыларымен қаруландырып, қанды қырғынның туын әр жерде желбірете түсуде. Олар Комунистердің "зұлымдық тұқымын" Шыңжаңның әр жеріне септі. Бұл қысымдар жалпы халыққа қатты батып, оған шыдамаған адамдардың жүйке жүйесі төзе алмай, әртүрлі жүйке ауыруларына ұшырып, соңында "ЖЫНДЫ" болушылар көбейген.

Дереккөз: atajurtjastar.com