"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Өзбекстанның ең ықпалды жанұясы: Мерзияевтар туралы тың деректер (ВИДЕО)

Өзбекстанның көшбасшысы Шавкат Мирзиеевтың отбасы туралы ресми ақпарат аз. Ислам Каримовтың орнын басқан саясаткердің жанұясы бүгінде өзбек жеріндегі ең ықпалды деген атқа ие. Оқырман қауымға кaz.365info.kz порталының Мирзиевтің отбасына қатысты деректерін ұсынамыз.

***

Біліп қойыңыз, Өзбекстанның бірінші ханымы – Зироатхон Хошимова. Немесе Ойхон.

Оны бала кезінен Ойхон деп еркелеткен деседі.

Мирзияевтер отбасы

Шавкат студент кезінде Ойхонға қатты ғашық болып, артынан біраз жүгірген екен. Әке-шешесіне қояр да қоймай жалбарынып, ақыры Шавкаттың ықпалды әкесі қызға құда түсіп, Ойхонды әперген дейді.

Шавкат Мирзияевтың балалары

Қыздарының есімдері Шахноза және Саида. Ұлының есімі — Даврон. Дәурен болар, бізше қазақшалағанда.

Шахноза Мәскеуде тұрады. Баспасөзде оның 2010 жылы қыз босанғаны хабарланған болатын.

Мирзияевтің туған бауырының қызы Диораны да айтпай кетуге болмас. Диора кезінде атышулы Алишер Усмановтың жиені Бабурға күйеуге тиіп, Мирзияевтер отбасының атын бір шығарған еді. Бірақ Бабур кейінірек автокөлік апатынан қайтыс болған.



Ілмектер:
шавкат мирзиеев

Осыған ұқсас:

  1. Өзбекстан билігі президентке мадақатау одаларын арнауға тыйым салды
  2. Шавкат Мирзиёев Генерал Сабыр Рахымовтың ескерткішін бұрынғы орнына қайта қоюды тапсырды
  3. Өзбекстан президенті Ақтөбедегі қайғылы жағдай туралы: Оларға жағдай жасай алмадық
  4. Мирзиеев Путинді өзбекше сөйлетті, қазақша кім сөйлетеді?
  5. Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияевті Шахановтың күзететіні рас па? (фото)
  6. Назарбаев пен Мирзиеев Арал теңізін құтқару бойынша ортақ келісімге келді

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.