Абаев ресейлік журналистің Қазақстан туралы айтқанына пікір білдірді

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ресейлік журналист және тележүргізуші Владимир Соловьевтің Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасына қатысты айтқанына пікір білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Ресейлік журналист Соловьев? Жоқ, көрмедім. Бұл танымал бағдарлама ма? Шын сөзім ондай журналисті білмеймін» деді министр журналистердің сұрағына.

Естеріңізге сала кетейік, «Ресей» телеарнасының жүргізушісі Владимир Соловьев тікелей эфирде  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Қазақстанның сайлауға түсуі туралы пікір білдірген болатын.

«Біз Қазақстанмен қарым-қатынасымыз туралы бірдеңеден хабарымыз жоқ па? Мүмкін арамыздан қара мысық өткен болар?» деді Соловьев.

«Біз Қазақстан мен Нұрсұлтан Әбішұлын сыйлаймыз. Тек осындай сын сәттерде не болып жатқанын түсінуді қалаймыз», - деді ресейлік журналист.

Соловьевтің Қазақстан туралы пікірін Қазақстанның сырты істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев та пікір білдірді.