МАРҚАСҚА МАРАТ АҒА!-Қазақстан жаңалықтары

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



МАРҚАСҚА МАРАТ АҒА!

 

Бүгін марқасқа Марат ағамыздың туған күні! Біз секілді қалам ұстаған інілеріне бағыт-бағдар беріп, ұлтттық мүддені ұлықтауда ұлағат көрсетіп жүрген ағамызға МЕРЕКЕҢІЗ БЕРЕКЕҢІЗГЕ ҰЛАССЫН  дейміз.

Марат ағаның алдына «Қазақстан» Ұлттық арнасының директоры кезінде кірген едім.  Шардарада  «Көкпардың көкбөрісі» деген атымен  Орта Азияға танымал әйгілі бапкер, батагөй атамыз Күзенбай Тілегенұлы туралы деректі фильм түсірген едік. соның шаруасымен кірген едім, біраз қыстап алғанмен, меселімді қайтармады.

Ана бір жылы Марат ағамыздың ұсынуымен Иран Ислам революциясының 31 жылдығына Теһранға барып, апта бойы аралап келгенім бар.  Келгесін  газеттің екі номерінің айқарма беттеріне  «Иілмейтін Иран» атты жолжазба  мақала жаздым.  Оны кейін Иран елшілігі парсы тіліне аударып, Теһранға жіберді, маған алғыстарын айтты.  Мен «алғыстарыңызды алдымен мені сонда баруға ұсынған Марат ағаға айтыңыздар» дегенмін сонда.  Сол жолсапарда  «Сапар сазы» атты топтама жыр жазып, парсы аруына жыр арнап келген едім… Иман жолында жүрген қажы ағамызға Теһраннан арнайы жайнамаз бен тәпсі алып келіп, сыйлап едім, батасын беріп, разы болып, қалды.

Марат ағамыз қазір соңғы бір жылдан бері Тоқашба-ЕВ емес, Марат БАЙДІЛДАҰЛЫ!   Бұған, яғни «ОВ» деген орыстың құлдық жалғауын алып тастауға біз секілді інісінің үлесі бар екенін ағамыздың өзі осы текке өткенде- Байділдаұлы болғанда атап жазды да. «ОВ» деген орыстың құлдық жалғауынан қашан құтыласыз?» -десек, ұлттың атынан сөз сөйлеп, азуын айға білеп жүрген атақты ағаларымыздың өзі жақтырмай: «Сонда тұрған не бар? Мәселе соған тіреліп қалып па?»-деп шырт ете қалады. «Әрине, мәселе сонда, бәрі адам атынан, бастан, бас есімнен басталады»-десең, тіпті теріс қарап жатып алады…  Ал Марат ағамыз орынды сынды бірден қабылдап, шешім шығарды. Елге өнеге көрсете білді.

Адал еңбекпен маңдайынан маржан үзіп, маңдайалды марқасқаға айналған Марат БАЙДІЛДАҰЛЫ ағамызға Алла жар болып, Жұлдызыңыз жарқырай берсін де тілек айтамыз!

«Қазақ үні» газеті атынан Қазыбек ИСА




Осыған ұқсас:

  1. ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ҚАРЛЫҒАШЫ
  2. ҰЛТТЫҚ НАМЫС ПЕН САНАНЫ ШЫҢДАР БАСЫЛЫМ
  3. «ҚАЗАҚ ҮНІ» – БАР ҚАЗАҚ ҮНІ!
  4. ДУЛАТ ИСАБЕКОВ КІТАПХАНАСЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)
  5. Жұбаныш Жексенұлы: Қазір ӘНШІСЫМАҚТАР мен САЯЗ САТИРИКТЕРДІҢ ЗАМАНЫ
  6. Абзал Құспан. Сайрагүл Сауытбай туралы не білеміз?

Facebook арқылы пікір жазу



12 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 18 Сәуір, 2018, 18:01

    Туған күніңіз құтты болсын, аға ! Жасай беріңіз, жаза беріңіз !

  2. Белгісіз 18 Сәуір, 2018, 18:02

    МАРАТ ағатайым! Бұдан кейінгі күндеріңіз де нұрлы иманға, биік абыройға толы бола беруін Аллаһ Тағалам нәсіп ете берсін!

  3. Белгісіз 18 Сәуір, 2018, 18:02

    Аман жүрсін рухани сергек ағамыз. Құтты болсын дүние есігін ашқан күні!

  4. Белгісіз 18 Сәуір, 2018, 18:03

    Марат аға! Құтты болсын жасыңыз!!!!

  5. Белгісіз 18 Сәуір, 2018, 18:23

    Марат аға арна басшылығына теледидардың арғы-бергі тарихында болмаған ең бір қысылтаяң, қиын шақта келген болатын. Бізден бөлініп шыққан агенттік қызметкерлері 60-100 мыңнан асырып айлық алып жүргенде, ұлттық арна қызметкерлері 5-7 мыңға (оның өзінде көбіне бір штат нәпақысына екі адам телінетін) жұмыстанды. Түсіру, монтаждау… техникаларының бар жарамдысын дүмі күштілер «еншілеп» әкетіп, мұнда тоз-тозы шыққан ескі-құсқылармен қалған жұрт «қоңыз терудің» халінде болған кез. Айтпағым, діні, ділі, білім-білігі мен иманы мықты М.Байділдаұлы сол тұста ұлттық арнаның туын жықпай, ұйымдастырушылық-іскерліктің, шығармашылық ізденістің шын мәніндегі ұстыны бола алды. Ең бастысы, тұрмысы аса ауыр қызметкерлердің әлеуметтік жағдайларын назардан таса қалдырмай, түрлі жолдармен моральдық-материалдық көмек шараларын ұйымдастыра алғанын осы күндері қайран қала отырып, риясыз ризашылықпен еске аламыз! Ең бастысы, соның бірін де дабыра қылып жалаулатпай, азамат басшының, айнымас адами кісіліктің үлгісін ұстана білген еді!.. Туған күніңіз құтты болсын, Марат аға Байділдаұлы! Сіз біз үшін асыл адам айнымас сөзіне лайық азаматтардың қатарындасыз!

  6. Белгісіз 18 Сәуір, 2018, 18:45

    Көп жаса!

  7. Белгісіз 18 Сәуір, 2018, 19:32

    Туған күнің құтты болсын, Марат! «Жетісу» газетінен басталған журналистік жолың сені үлкен қаламгер, қайраткер дәрежесіне жеткізді.Алда асар асуың көп болсын!

  8. Белгісіз 18 Сәуір, 2018, 19:32

    туған күніңіз құтты болсын, кереметтей силайтын аға!

  9. Белгісіз 18 Сәуір, 2018, 19:32

    Мəке, Туған күніңізбен! Шаршамаңыз, ауырмаңыз, аман болыңыз!

  10. 18 Сәуір, 2018, 21:46

    Марат бауырымызға, Алла разы болсын! Нағыз ұлт күрескері!

  11. Белгісіз 18 Сәуір, 2018, 23:57

    Марат аға мерекеңіз құтты болсын.Мəкең басшы болған жылдарды жылылықпен еске алып отырамыз.Мəкең директорлығымен емес,жақсы қасиеттерімен,қомқорлығымен есімізде.Аға көп жасаңыз.Тілекшіміз

  12. Белгісіз 18 Сәуір, 2018, 23:58

    Мəкең асқар тау ғой. Басқаша бейнелей алмадым. Асқар тау қашан биік, қашан да көрікті, қашан да саялы. Осының бəрі де бір Мəкеңнің бойына сыйған. Аман жүрші асқар тау ағам!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.