"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Әзербайжан президенті Назарбаев туралы шын мәнінде не ойлайтынын ашық айтып тастады (ВИДЕО)

Әзербайжан Республикасының басшысы Ильхам Әлиев ҚР Президентінің Телерадиокешеніне берген сұхбатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маған Нұрсұлтан Назарбаевпен әңгімелескен өте ұнайды. Мен өзім оны қатты сыйлаймын. Ол – біздің ақсақалымыз. Әкем – Гейдар Әлиевпен кездескен сәттері әлі есімде. Олар өте жақын дос болды. Дәл осы дәстүр жалғасып жатқанына қуаныштымын. Әрине, Нұрсұлтан Әбішұлы қарапайым адам ретінде де өте қызықты тұлға. Бакуде өткен соңғы кездесу де, ресми шараларда да, бейресми жиында да біз бір отбасының мүшесі сияқты отырып әңгімелестік», – дейді И.Әлиев.

ҚР Президентінің Телерадиокешенінің хабарлауынша, жақында ТМД елдері басшыларының қатысуымен деректі фильм жарыққа шығады.

«ТМД елдері басшыларының қатысуымен деректі фильм дайындалып жатқанын хабарлаймыз. Қатысуға ынтасын білдіргендердің алдыңғы қатарында Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев болды. Осы сәтті пайдалана отырып, оқырмандарымызбен әлі ешкім тамашаламаған видеомызбен бөліспекшіміз», – делінген ҚР Президенті Телерадиокешенінің Youtube-арнасында.

Айта кетейік, таяуда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайланумен құттықтаған болатын.

«Өткен сайлаудағы жеңісіңіз азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыруға және мемлекетіңіздің халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған. Сіздің саясатыңызға Әзербайжан халқының көрсеткен жоғары қолдауының дәлелі болып саналады. Бауырлас Әзербайжан елінің өркендеуі жолындағы жауапты қызметіңізде жаңа табыстарға қол жеткізуіңізге және алдағы барлық жоспарыңыздың сәтті іске асырылуына тілектеспін», – деп жазды Н.Назарбаев.





25 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Арман 16 Сәуір, 2018, 13:46

    спасибо за хорошие слова, раз он так говорит значит Назарбаев заслужил хорошие отношения к себе

  2. Есенгали 16 Сәуір, 2018, 13:48

    Еще раз поздравляем его с победой в выборах, чтобы у него все было хорошо, благодарны нашему президенту и вам за то что у нас с вами все хорошо

  3. Олег 16 Сәуір, 2018, 13:49

    мы народ Казахстана тоже очень уважаем народ Азербайджана, вы наши братья

  4. Айгерим 16 Сәуір, 2018, 13:50

    осындай жақсы сөздеріңіз үшін рахмет, біздің прездентті Қазақстан халқы да өте қатты сыйлайды

  5. Сулушаш 16 Сәуір, 2018, 13:51

    по мне все народы бышвей ССР братья, нам надо быть дружными и поддерживать друг друга во всем

  6. ДҰРЫС! 16 Сәуір, 2018, 14:53

    ЕГЕР БАРЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТЕР АЛИЕВ СИЯҚТЫ,БІЗДІҢ ЕЛБАСЫНЫ ТЫҢДАП АҚЫЛЫН АЛЫП,ТЫҢДАЙТЫН БОЛСА,ӘЛЕМДЕ БЕЙБІТШІЛІК ОРНАЙДЫ.

  7. Дарын Жолдасовна 16 Сәуір, 2018, 15:11

    Елбасымыздың айналасына қашанда жақсылығы тиіп келеді. Басқа елдерде сосын қатты құрметтейді.

  8. Берик Султан 16 Сәуір, 2018, 15:11

    Елбасымыздың кемеңгерлігін, парасаттылығын мойындап, құрметтеп жатқаны ғой. Бұл еліміздің ,біздің халықтың абыройы.

  9. пати 16 Сәуір, 2018, 16:11

    Әкесінен қалған достықты ары қарай жалғастырып жатқан сізгеде рахмет. Әке көрген оқ жонар деп осыны айт.

  10. мақсат 16 Сәуір, 2018, 16:14

    Түркі тілдес бауырларымыз аман болыңыздар, екі ел бейбіт қарымқатынаста болсын әрдайым. Бізде сіздермен біргеміз.

  11. мади 16 Сәуір, 2018, 16:20

    Расында бұрынғы басшылардан қалғаны біздің президент екен, елбасының ТМД елдерінің басын біріктіріп, өзара ынтымақтастыққа бастар жолды көрсетіп жүргені белгілі.

  12. Қайрат 16 Сәуір, 2018, 16:25

    Әзірбайжан президенті біздің елбасыға еркше құрметпен қарайтыны белгілі, осы екі елдің бір-бірінен алары көп, экономика жағынан байланысты нығайта түсіруіміз керек.

  13. Серік 16 Сәуір, 2018, 16:30

    Біздің елбасымен әңгімелесу кімге де болса ұнайтыны анық, көпті көргеннен үйрен дейтін даналар!

  14. жандос 16 Сәуір, 2018, 17:53

    қәзір осындай аумалы төкпелі заманда түркі тілдес елдер бірі-бірін қолдап отырыу керек сонда орыста қытайда тісін батыра алмайды

  15. Қолқоюсыз 17 Сәуір, 2018, 08:47

    Біздің елбасымыз аман болсын.

    • Қолқоюсыз 17 Сәуір, 2018, 08:49

      Иә мәңгілік болсын.

      • Қолқоюсыз 17 Сәуір, 2018, 10:03

        Мәңгілік…ештеңе де жоқ,бәрінің де шегі бар,шексіз болса,адамдар құрығанда жүз жиырма жыл өмір сүрер еді ғой,ол біз сияқты санын көп жоғалтқан халықтарға тамаша өсім болар еді.бірақ құрттай құжынаған елдер саны жергөкке симай кететіні де бар.табиғат ана өзі бәрін реттеп отырады,құбылысқа қарсы келетін ғаламат әлі пайда болған жоқ,жер ана да бірде тыныстап,бірде тынып,бірде бұлқынып жатады.бәріде тал бесіктен жер бесік қойынына кіреді,торқасын жамылып мәңгілікке кетерде,артыңа топырақ шашпайтын,тас атпайтындай қылып жақсылықтар,игі істер қалдыруды ойлау керек.

  16. Аркалык 17 Сәуір, 2018, 16:40

    Әкесімен дос, сырлас болған екен. Елбасымыздың басқалардың алдындағы асқақ, биік тұрғаны біздің елдің абыройы.

  17. Дарын Жолдасовна 17 Сәуір, 2018, 16:40

    Қазақстан туралы, елбасымыз туралы әлемнің көптеген елдерінің көзқарасы осындай. Осындай құрметке лайықты Елбасымыз, еліміз аман болсын!

  18. Айым 17 Сәуір, 2018, 16:56

    Ильхам да жақсы кісі екен. Елбасымызды құрметтейтінін айтып, бір марқайтып тастады. Бұл шынымен біздің елдің абыройы.

  19. жаек 18 Сәуір, 2018, 19:55

    да даааа

  20. Шынгиз 19 Сәуір, 2018, 10:24

    все это херня

  21. Шынгиз 19 Сәуір, 2018, 10:28

    Долой Назарбаева

  22. Иса 20 Сәуір, 2018, 14:57

    Нурекени барында силай билейик,елди каламмен устап турган.Бари озимизге байланысты,колдайык,улги бола билейик баскага.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.