"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

ШҰҒЫЛ! Жамбыл облысында ер адам мешітке шабуыл жасап, Құранды «аяққа таптаған» (ВИДЕО)

Қордай ауданындағы Қайнар ауылында біреу Құдай үйінің астаң-кестеңін шығарып кеткен, – деп хабарлады КТК арнасы.

Бұл бейнекөрініс әлеуметтік желіде кең тарады. Түсірген адамның айтуынша, басбұзар қасиетті ғимаратты әбден қорлаған. Яғни, мұндағы есік-терезелер мен мүліктердің түгін қалдырмай шашып, қиратқан. Тіпті, киелі Құранды «аяққа таптады» деген күдік бар.

Ал осы бұзақылыққа барған күнәһар сол Қайнар ауылының тұрғыны болып шықты. Ұсталған 43 жастағы азамат өзінің мас болғанын айтып ақталған. Ол осы әрекеті үшін әкімшілік жауапқа тартылып, үш күнге қамауға алынды.





3 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 16 Сәуір, 2018, 15:35

    Құдай ұрған оңбайды деуші еді, бұл да соның кебін киіп тұрған пақыр да. Мешітте, құран кітапта несі бар, атауын ішкен соң өз жайымен жүрмей!?

  2. Қолқоюсыз 16 Сәуір, 2018, 17:42

    Сол үшін Қазаққа Үлкен Үлкен тәрбие, мәдиниет керек. Шет елге еліктей бермей.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.