"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Жас кәсіпкер Шахановтың журналын қайта шығару үшін ақша жинауға кірісті

Белгілі кәсіпкер, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген Мұхтар Шахановтың пәтерге қатысты туындаған мәселесін шешіп берді. Ол ақынның қарыздары мен алдағы бір жылға пәтерді жалға алу құнын төледі. Енді ол Шахановтың жетекшілігімен жарыққа шыққан журналды қайтару үшін қаламгерге көмектеспек ниетте, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Бүгін Мұхтар Шаханов ағамызбен кездестім. Көп нәрсе тұралы сөйлестік. Бұл дана адамның білетіні алтын қазына, ойы түпсіз терең мұхит. Бұндай ахуалға ұшырағаны, оның адамдарға сенгені. Біреуге бой ұсынып намысын сатпағаны. Елім, жерім деп шырылдағаны”, – деп бастады сөзін миллионер.

Бұдан кейін кәсіпкер берген уәдесінде тұрғанын атап өтті. Ол Шахановтың жетекшілігімен жарыққа шыққан журналдың қарызын төлеу үшін елден көмек сұрады. Айтуынша, басылым қарызы 46 миллион теңгеге жеткен, ал Шахановтың жиып-тергені 10 миллионға әрең жеткен көрінеді.

“Иә, үй қарызы мен оның 1 жылдық мәселесін шештік, бірақ ең маңызды мәселе бұл Мұхтар ағамыздың журналын оралту. Қарызы 46 млн.тг болған, 10 млн.тг өзі тапты, қалғанын қайдан табарын білмейді. Елден сұрауды ұят дейді. Бірақ… Сонда қазақтың ел тірегін көтерген, жеріміз тәуелсіз болуға тікелей қатысқан, тіл мәселесі мен Желтоқсан оқиғасы туралы шындықты дүниежүзілік деңгейде таратып, анық ақпаратты берген данышпан ағамызға көмек бере алмасақ, біздің қазақи намысшылдығымыз бен ұяттылығымыз бес тиын да тұрмайды.

Ертең мен ағамыздың жаңа есеп-шотын аламын, көмек берем десеңіз қосылыңыз. Көрейік қазақшылығымызды! Осы ақпаратты таратуға нағыз ел сүйер адамдарды шақырамын”, – деп бөлісті Қайрат Құдайберген желідегі парақшасында.




Осыған ұқсас:

  1. Детектив дарабозы Кемел Тоқаевтың 95 жылдығы өтті (ФОТО)
  2. «Мемлекеттік тілді менсінбей ме?»: Мәжіліске келіп орысша сөйлеген шенеуніктер депутаттың ашуына тиді
  3. Көлгіновтің көлігі 17 миллион тұрады
  4. АҚШ мемлекеттік хатшысы Ресейді пайдасы жоқ ел деп атады
  5. Қоғам қайраткері Қазақстан халқына ұрынып жүрген шетелдіктерге үндеу жасады
  6. Омар Жәлел: Бүгінгі балалар ұялмайды, себебі, олар ұялмайтын шешелерден туып жатыр

Facebook арқылы пікір жазу



9 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 16 Сәуір, 2018, 11:23

    Осындай кезде,қол үшін созған,ер-азаматтығын көрсеткен Қайрат баламызға – алғыстан басқа айтар жоқ.
    Үлкенге қамқор,кішіге сүйеніш болған үлкен жүректің иесі, жүрегі қазағым деп тұрған баладан айналмайсыңба!

  2. Белгісіз 16 Сәуір, 2018, 11:41

    Мұхтар Шахановтың есеп шотын көпшілікке жариялаңыз. Қолымыздан келгенше көмектесеміз.

  3. 16 Сәуір, 2018, 11:55

    Қайрат , жарайсың!!! Ал Мұхтар мырзаның осы жасқа келгенше өз баспанасы жоқ болғаны ма? Қандай əділетсіздік!

  4. Белгісіз 16 Сәуір, 2018, 16:21

    46 млн қарызы бар журналды тірілтіп не керегі бар, сұраныс болмаса.

  5. Белгісіз 16 Сәуір, 2018, 16:51

    Қайрат інім жарайсың!! Нағыз азамат. Бауырым сендей азаматқа алла екі дүниенің рахатын берсін. Отбасыңа, жақындарыңа амандық тілеймін.

  6. Белгісіз 16 Сәуір, 2018, 21:21

    Қайраттай азаматтар өкініке орай өте аз..Жарайсың бауырым.Алла жар болсын

  7. Белгісіз 17 Сәуір, 2018, 22:19

    Жарайсыз, балам! Жариялаңыз есеп-шотын, тұлға ағамыздың

  8. Белгісіз 21 Сәуір, 2018, 16:46

    Жарайсың Қайрат. Қазақтың тілі үшін жан күйдіріп отпен суға түсіп жүрегі шындық деп жылаган Шахановка комектескенйн үшін саған рахит айтамыз Алланың нұры жаусын. Мұхтар аға орыныныз қазақ ұлты үшін бір бөлек.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.