"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Қырғызстанның президенті қарапайым ұшақтың «эконом» санатымен ұшады екен (ВИДЕО)

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Ош қаласына кәдімгі рейспен ұшты. Ұшақ бортындағы жолаушылар оған қошемет көрсетті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қырғыздардың танымал жүргізушісі Нұрсұлтан Майназаров өзінің Instagram парақшасына видео салып көрсетті. Видеода шоумен ұшақ ішінде орнынан тұрып, өздерімен бірге ел президенті ұшып бара жатқанын айтады.

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі Sputnik басылымына ақпаратты растады.

«Президент Ош қаласына отбасылық жағдайына байланысты ұшты. Ол өзінің қайтыс болған ағасының жылдық асына барды», – делінген хабарламада.




Осыған ұқсас:

  1. Қырғыз президенті жұмысына туыстарын араластырмаймын деп уәде берді
  2. Сооронбай Жээнбековтың билікке келуі Қазақстанға қалай әсер етеді?
  3. Қырғызстандағы президент сайлауында Жээнбеков жеңіске жетті

Facebook арқылы пікір жазу



2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 16 Сәуір, 2018, 18:24

    » көрпесіне қарап, көсіледі » деген рас ау.

  2. 18 Сәуір, 2018, 07:27

    Дұрыс!!!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.