ШҰҒЫЛ! Шығыс Қазақстанда 2 шақырымдық жыра пайда болды
Қатонқарағай ауданының Солоновка ауылдық округіне қарасты егістікте ұзындығы 2 шақырымға таяу жыра пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көктемгі тасқын Кіші Нарым ауылы мен қырдағы қыстаулардың арасын жалғап жатқан жолды жырып кеткен. Салдарынан ұзындығы екі шақырымға жететін жарық пайда болған. Бұл жолмен адам өте сирек қатынайтындықтан, адам өміріне қауіп төндіретін жағдай болмапты.
«Қар еріп, егіске жайылған қарғын су қара жолдың бойымен өзен болып аққан. Бірнеше күн бойы тоқтаусыз аққан су жолды үлкен жыраға айналдырып жіберген. Бұл оқиғаны алғаш естіген күні-ақ төтенше жағдай мамандарына хабарлағанбыз. Адам өміріне қауіп төнетіндей ештеңе жоқ. Қазір егіс басында 2 бульдозер жүр. Жергілікті халық бұл маңды Қараөзек деп атайды. Жер Анатолий Матасов деген шаруаның иелігіне кіреді. Қожалық иесімен жиі хабарласып, жағдайын біліп отырмыз. Жыраның пайда болуы егіс науқанына ешқандай кедергі болмайтынын айтып отыр» – дейді аудан әкімінің орынбасары Жанболат Тыныбеков.
Бұл оқиға интернет қолданушыларды әжептәуір алаңдатып тастады. Кейбірі аталмыш жыраны Африка құрлығында пайда болған алып жарықпен салыстырып жатыр. Алайда, аудан әкімінің орынбасары Ж.Тыныбеков жыра қар суынан пайда болғанын тағы да нақтылады. Ал тау жынысының қозғалысы туралы айтудың өзі артық деген пікірде. Еске сала кетейік, бүгін Шығыс Қазақстан облысы аумағында жер сілкінісі тіркелген еді.
Осыған ұқсас:
- БҚО-да былтыр ғана салынған дамба жарылды (ФОТО)
- Су тасқынымен күрес жұмыстарына Шығыс Қазақстанға 2 млрд теңге бөлінеді
- ШҚО-да тағы бір ауданды су басты
- Семейде жүздеген үйді су басып, төтенше жағдай жарияланды
- ШҚО әкімі су тасқыны кезінде жаңа баспана алу үшін үйлерін әдейі қиратқандардың бар екенін айтты
- Семейде тұрғындар эвакуацияланып жатыр (ФОТО)
28 пікір жазылған
Пікір жазуПікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.
Иә осындай Кения да да жыра пайда болды.Ал ол жақта су да жоқ сахара,неге пайда болды?.. Жер ақырындвп жаңарайын деп жатқан болар.
Масқара ал біздер топас тар адамзаттар креслоға таласып,жерге таласып жүр міз . Бәріне жететін болып тұр..
Мұхит құрлық,құрлық жер мұхит болып кетпесе де..?.
Ал зайырлы мемлекет,атейст терміз дейтін дер әлі де солай айтасыңдар ма? ..Мне нағыз ойланатын нәрсе.
Жыра қар суынан пайда болғаны анық
Ол жақта,он бәленбай жыл бұрын,жер сілкінісінен кейін осылай жер жарылып кетті деп естігенбіз.
Табиғат анада мінез көрсетеді.
Жол бойымен ағып 5 метр тереңдікке дейін ойып тастапты
Су шайған жыра мұндай емес. Бұл жыра жер қақ жарылғаныан пайда болған..
байқап жүру керек екен, оқыс деген аяқ астынан
ол жыралар қалай пайда болады екен, адамдар зардап шекпесе болды
шынымен алаңдататын жағдай екен, тіптен қорқынышты көрінеді
фотоларды көріп шошып кеттім, байқап жүру керек, неше түрлі жағдайлар болып жатыр ғой
Осы Шығыс Қазақстан су тасқынынан көп зардап шегіп жатыр, Даниял Ахметовтың арқасында халық аман есен деп ойлаймын
что еще ожидать от природы, максимально показывает свой гнев, думали все уже паводки кончатся а тут такое…
Апат айтып келмейді, ең бастысы адам аман екен.
Сабырлы болу керек. Қандай жағыдайда болғанын кім біледі. Бастысы ешқандай зияны тимепті елге.
Қардың суынан болған секілді. Қар суы жер астына түсті дегенде үлкендерден көп естуші едік.
Табиғаттың сырлы дүниесін кім түсініп біледі. Алла амандық берсін.
Ең бастысы адам өміріне ешқандай қауіпі жоқ екен. Ия, табиғаттың салдарынан осындай құбылыстар болып тұратыны рас. Бұл жағдайды облыс әкімі өз назарына алады деп ойлаймын.
Су тасқыны адамзатқа көптеген өзінің зиянын тигізіп жатыр. Соның бірі осы жердің айырылуына себеп болып отыр. Бұл жерді Қазақстандық ғалымдар зерттеп, шешімін айтатын болады.
Жарылған жердің бойын бойлап,тереңірек тексерсе,мүмкін ол жерде бұрнағы өткен замандарда әлдеде белгісіз дүниелер болуы мүмкінбе.
Я вообще не из Катон карагая но моя жена от туда, так что, считаю, что нужно помочь этим фермерам, в восстановлении этого участка дороги
Ең бастысы тұрғындары аман. Бәрі өз орнына келеді деген сенімдемін.
Атлантида.т.б.Бізге дейін де жер бетінде адамдар өмір сүріп,сосын өздерін өздері техника кесірінен жойылып кетіп отырған ға ұқсайды..
Қазірде адамдар ақыл естері нен ауысып жатыр,соғыс соғыс деп,сол себепті жойып жіберетін болу керек , белгілі бір дұрыс адамдардан басқа планета ға өмір сүретін ,сосын жер беті біраз жатып қайтадан динозавр,маймыл,жабай адам аң жануарлар , алғашқы қауым басталатын болып тұр…
Уақытында білгені жақсы болды, адамдар немесе жайылымда жүрген малдар түсіп кетсе жаман болар еді.
Ол жердің астында үнгір болуы да ғажап емес, зерттеп көрі керек еді. кім біледі тарихымыздан сыр беретін заттар тауып қалармыз
Ертедегі ғұнсақтүркі тегіміздің б
Ертедегі ғұнсақтүркі тегіміздің бір белгілері қылаң беріп қалмасын.
суы қайда кеткен сонда
Қара қалпақтар ішіп қойғанғой, ҚызылОрда екеуі бірігіп.
людям терпения. в скором времени думаю все сделают. а сзади такой вид красивый.