"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Назарбаев: Қазақ тілін насихаттап жатқанымызға ешкім шамданбасын

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

 

Астанада «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының тұсау кесу рәсімі өтті. Аталмыш шараға қатысқан Мемлекет басшысы Н. Назарбаев жаңа кітаптарды жалпы білім беру мекемелеріне енгізіп, олардың негізінде электронды курстар дайындауды тапсырды, – деп хабарлайды «Қазақ үні».

Салтанатты шарада Елбасыға алғашқы 18 кітап таныстырылды. Тұсаукесер рәсімі аясында Президент еліміздегі  Мемлекеттік тілдің мәртебесіне қатысты толғамды ойларын ортаға салып, барлық қазақстандықтар қазақ тілін білуі керектігін атап өтті.

«Біз қазір бізге дейін өзге де тәуелсіз елдер жасаған істі жасап жатырмыз. Әрбір мемлекет өзінің тарихын, мәдениетін, барлық құндылықтарын насихаттағысы келеді. Сондықтан біздің қазақ тілін насихаттап жатқанымызға ешкім таң қалып, шамданбай-ақ қойсын. Өйткені, қазақ халқы да бүкіл әлемге өзінің мәдениетін, тарихын көрсеткісі келеді, біз осы әлемнің бір бөлігіміз. Ал, жаңа оқулықтар жобасы гуманитарлық білімді жаңғырту, оқулықтарды жаңарту секілді маңызды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған», — деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, тұсауы кесілген оқулықтар ғылымның бірнеше саласын қамтыған, атап айтқанда, философия, әлеуметтану, психология, тілтану, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, антропология және журналистиканы үйретеді.





14 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Айка 15 Сәуір, 2018, 16:36

    Қазақ тілінің мәртебесін жоғарылата беруіміз керек. Мемлекет басшысы осы мәселемее күресіп келеді.

    • Назар 15 Сәуір, 2018, 16:36

      Презиленттің сөзіне қосыламын. Мемлекеттік тілдің мәртебесін әр азамат жоғары ұстауы керек.

  2. Руслан 15 Сәуір, 2018, 16:37

    Тілдігіміз тұғырлы болу үшін әр қазақ қазақша сөйлеу керек.

  3. Қолқоюсыз 15 Сәуір, 2018, 17:24

    Бұл енді «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы өте Тамаша нәрсе. Қазақ Елінде Қазақ Тілі 1 орында тұру керек, олай болмаса Ресейдің бір ғана губерниясы болып қаламыз.

  4. Ghaly 15 Сәуір, 2018, 21:39

    Menihn oyimsha qazaq tilin kòteriu birinshiden àr qazaqtihn òzine baylanisti bolmaq. Qazaq adami mìqti bolsa ghana bul joba ilgeri jìljiydi àri damìp otìradi. Qazir àleumettik màseleler òz sheshimin jîel sanap tabouda.

  5. оралман бауырларың 16 Сәуір, 2018, 01:13

    дәл оиымдағын айты ЕЛБАСЫ себебі біздің елдегі әрбір ұлт жасап жатқан жеріндегі тілде сөилеу керек оларға өз тілдеріңді ұмыт деп жатқан мен өзім ӨЗБЕК жерінен көшіп келдім бірақ сол елде жасап жұргенде тек ӨЗБЕК тілінде сөилеитін едім себебі ол менің сол елге деген құрметім ,ал мында өзге ұлтар ҚАЗАҚ деген елдің тілін құрметтеміиді сосын олар өздерінше орыстың тілін құрметеп немесе ҚАЗАҚТЫ басынып жұрген болар бірақ ҚҰДАЙ бар сондай әрбір ұлт жер бетінен біртіндеп жоиыла береді себебі біздің ҚАЗАҚ айтатығо жеген НАНЫҢ сосын СУЫҢА түкірме деп олар қанша түкірген менен еш уақыта бірі-бір болмайды ҚҰДАЙ қаласа

  6. АТыРАУЛЫҚ ЖАНДОС 16 Сәуір, 2018, 01:56

    қашан қоиамыз ЕЛБАСЫ өтрік пенен сұқыйтықты неге неге деген сұрау мені мазалай береді неге жалтақтай береміз неге ана өзбек ағалар сыйқты заңды бекітпеисің яғный конститутциядағы заңды алып таста орыстың тілі дегенді сонда сізге ел сенеді мен мың пайыз саған артыңдағы халық сенбеиді сырты саған күліп тұрған менен іштері саған сенбеиді сіз күш пенен елді ұстап тұрыу қыйын

    • Arystan 16 Сәуір, 2018, 09:25

      Иә Конституциядан орыс тілін алып тастау керек, Қазақ елінде тек бір тіл болу тиіс.

  7. Қанат Атырау 16 Сәуір, 2018, 02:24

    Елбасымыздың бастамасын қолдаймын. Оқулықтарды көріп қатты қызықтым шынымды айтсам. Ал мына Жандосты біз білмейміз.

  8. Амангелді 16 Сәуір, 2018, 13:18

    ЕЛБАСЫМЫЗ ӨТЕ ОРЫНДЫ ОЙДЫ АЙТТЫ. ТІЛГЕ ҚАТЫСТЫ МƏСЕЛЕЛЕРДІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІП КЕЛЕДІ. КӨПШІЛІКТІҢ КӨКЕЙІНДЕГІ ОЙ ЕДІ. ТЕК СӨЗ ЖҮЗІНДЕ ҚАЛМАҒАЙ.

  9. Құттыгүл Шардара. 16 Сәуір, 2018, 18:16

    Көп сөзден гөрі бір ғана заң артық еді!

  10. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 16 Сәуір, 2018, 18:41

    ШЫНЫН АЙТСАҚ, 30 ЖЫЛ ІШІНДЕ НАҚТЫ ЗАҢМЕН АНА ТІЛІМІЗДІҢ МӘРТЕБЕСІ МЕН ОРНЫН ШЕГЕЛЕП ТҰРЫП ОРНЫҚТЫРУ КЕРЕК ЕДІ, АЛ ШАМДАНУ ТУРАЛЫ АЙТЫЛҒАН ПІКІРГЕ ҚОСЫЛМАЙМЫН ЖӘНЕ ОЛ ОРЫНДЫ ЕМЕС ДЕП САНАЙМЫН. ӘТТЕҢ, ТІЛ МЕН ЖЕРДІҢ МҮДДЕСІ ЖАЙЛЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ХАЛЫҚ КӨРІП СЕЗІП ОТЫРҒАНДЫ БИЛІКТІҢ КӨРМЕУІ, СОҒАН ҚАДАМ ЖАСАМАУЫ ӨКІНІШТІ. ЕГЕР ДЕ ОСЫ ЖЫЛДАР БОЙЫ 18 МЛН, ХАЛҚЫ БАР БІР МӘСКЕУДІҢ ХАЛҚЫНДАЙ САНЫ БАР ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ӘЛЕМДЕ 9 ОРЫН АЛЫП ОТЫРҒАН ЖЕР КӨЛЕМІ ЖАҒЫНАН, АЛ БАЙЛЫҒЫ ЖАЙЛЫ ЖЕРІМНІҢ БӨЛЕК ӘҢГІМЕ, ҚАНШАМА ОСЫ ЖЫЛДАР БОЙЫ ӘКІМДЕР, МИНИСТРЛЕР ТАҒЫ ДА ТОЛЫП ЖАТҚАН ДЕПАРТАМЕНТТЕР МЕН ВЕДОМСТВОДАҒЫЛАР ХАЛЫҚТЫҢ АТЫНАН ЗАРПЛАТА АЛДЫ, АЛ НӘТИЖЕ ҚАЙДА, НЕГЕ БІЗДЕ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ КӨПШІЛІГІ КЕДЕЙШІЛІКТЕ ӨМІР СҮРЕДІ, НЕГЕ БИЛІКТЕ БОЛЫП ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ ЖАРАМАҒАНДАР МЛНДАП ЗАРПЛАТА АЛҒАНДА ҚАЛҒАНДАРЫ 30,40,50 МЫҢҒА ҚАЙЫРШЫНЫҢ КҮНІН КӨРЕДІ, БҮГІНГІ БИЛІККЕ СҰРАҚ ДЕГЕН ТОЛЫП ЖАТЫР, БІРАҚ ЖАУАП БЕРЕР ТҰЛҒАЛАР ЖОҚ. СОНДЫҚТАН ТІЛ, ЖЕР ПРОБЛЕМАЛАРЫ, ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ТАҒЫ ДА ТОЛЫП ЖАТҚАН ПРОБЛЕМЕЛАР БІРГЕ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ КЕРЕК ЕДІ, БІРАҚ ОЛ БҮГІНГІ БИЛІКТІҢ ҚОЛЫНАН КЕЛГЕН ЖОҚ.

  11. Әбіл 16 Сәуір, 2018, 23:48

    Мемлекеттік тіл – қазақ тілінің «жыры» 27 жыл бойы айтылып келеді. «Әләуләйім бітсе, хәләуләйім бар». 27 жылдан кейін «насихаттау» тым ерте емес пе? Енді ешкім шамдана қоймас, себебі: орыс тілінің жеңістік бермейтініне көзі жеткен орыстілділер қазақ тілінің мемлекеттік тіл екенін ұмытып та кеткен шығар. Ал «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген сөйлем қазақша емес, жаңылтпаш сияқты, дұрысы: «Қазақ қазақпен Ана тілінде сөйлессін».

  12. Амантай 17 Сәуір, 2018, 08:58

    Қазақ тілін яғни мемлекеттік тілді насихаттадың қажеті жоқ,ешкімнен кешірім сұрау да керек емес, оны тура барлық салада қолданысқа енгізу керек. Мемлекеттік қазнадан қомақты қаражат бөліп техника, бизнес,қаржы, даяшылық т.б салалардағы сөздерді қазақшаға аудару, сөз жасау ісін тіл ғылымдары мықтап қолға алу қажет. Қазақ, қазақ Елі тілімен ғана ел бола алады.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.