"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Заңгер Астанадағы антикоррупциялық қызмет пен Прокуратураға қатысты сұмдық жайтты айтты

Белгілі елордалық заңгер Ринат Баймолда өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында Астана қаласының антикоррупциялық қызметіне қатысты жайтпен бөлісті. Адвокаттың айтуынша, жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Астана қаласындағы өкілдік қызметкерлері өзінің қорғауындағы азаматшаны қинап, күш көрсеткен. Ал Прокуратура қызметкері бұл факті бойынша арызды қабылдаудан бас тартқан.

Бұл туралы «Қазақ үні» ұлттық порталының тілшісі хабарлайды.

– Мен, тәжірибелі заңгер болсам да, құзырлы орган – Прокуратура тарапынан жасалған заңбұзушылықтарға куә болып жүрмін. Олардың басты мақсаты – заңның орындалуын қадағалау емес пе?!. Сәуірдің 7-күні мен елордалық прокуратураға барып, өзімнің қорғауымдағы азаматшаға антикоррупциялық қызмет өкілдері тарапынан қысым көрсетілгені туралы арыз қалдырмақшы едім. Қызмет орнында кезекші прокурор Айтжанов отырды, алайда «демалыс» күні деп арызымды қабылдамады. Мұндай ережені кім бекітіп еді сонда?

Ашынған заңгер Астана қаласында мұндай бассыздықтар орын алса, өзге аймақтарда не болатынын ойлаудың өзі қорқынышты дейді.

Ринат Баймолда бұл фактіге қатысты істі соңына дейін жеткізіп, Бас Прокурорға арыз жазатынын да айтты.





19 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Имам 13 Сәуір, 2018, 18:57

    Булар оз кызметтерин асыра пайдаланады

  2. Ағзам 13 Сәуір, 2018, 19:00

    Адамдар зансыздыкка шыдамай оздерин ортеп жатады. Осынын барлыгы осы саладагы зансыздыктардын барын айгактайды гой.

  3. Аида 13 Сәуір, 2018, 19:03

    Бастыктардын озин заказ бойынша курыктайды булар деп естидим. Адам ды кинап мойындатады дейди. Изоляторда канша адам озине кол салып олди. Ериккеннен асылып жатыр ма. Бастык болса да, олгеннен турмеде тири отырган жаксы гой.

  4. Қолқоюсыз 13 Сәуір, 2018, 19:22

    Қарға қарғаның көзін шұқымайды.
    Бас прокурордың өзі антикорупцияны басқарған жоқпа кезінде.
    Оның үстіне Шпекбаев шапырашты екенін ұмытпау керек

  5. Қолқоюсыз 13 Сәуір, 2018, 20:02

    Өкінішті, кімге сенеміз!!!!

  6. Қолқоюсыз 13 Сәуір, 2018, 20:46

    Құдайға сену керек, әлде оған сенбеушіме едің.
    Онда Құдай саған да сенбейді.

  7. Казак 13 Сәуір, 2018, 23:00

    Жел турмаса шоптин басы кимылдамайды. Атаулы кузырлы органдар ауадан алып жерге салмайды, ягни факты бар болган жагдайда зан аясында тийсти жазалар немесе марапаттаулар колданатынын умытпауымыз керек. Сондыктан биринши озимизди тузейик агайын, киналып болсан мойнынмен котер

  8. Казак 13 Сәуір, 2018, 23:07

    Егер шынтуайтка келгенде алги азаматшаны не ушин Жане кайда кызмет аткарганы туралы нактырап жазатын болсаныз, халык колдап алып шыгар еди.

  9. Дина 14 Сәуір, 2018, 07:46

    Я биздерде көріп жүрміз Төрешілердің құжаттарды дұрыс қарамай тек анықтаманың негізінде де шешім шығара салады. Әсіресе Медеу, Әуезов аудандарының Төрешілері.

  10. Жанбатыр 14 Сәуір, 2018, 13:17

    «Сенген қойым сен болсаң, маңырағаныңа болайын». Заңның адамдары деп халық сеніп отырған мыналарың болса, істері мынау. Беттері жылтырақ, тек бір адамның көңілінен шықсақ болды деп ойлайдығо. Ешкім мəңгі емес! Халыққа, мемлекетке əділ, адал қызмет атқарыңыздар.

  11. Қолқоюсыз 16 Сәуір, 2018, 15:05

    Заңдылықты қорғайды дегендеріміздің өзі заңды белінен басып, өз ыңғайына қарай бейімдеуі – біздегі заңды құбылыс! Соттар шығарып жатқан қаншама «күлкілі» шешімдерді қосыңыз бұған – содан-ақ белгілі біздегі заңның сақталуы!

  12. Дина 18 Сәуір, 2018, 13:55

    Төрешілердің айлықтары жоғары болсада, олар шағымдарды дұрыс қарамайды осы былықтарды кім тексеріп сотқа жүгінгендерге әділ шешімін кім көрсетер екен осы қара халықты кім ойлар екен осы. Әптен шаршап біттік қой жемқор төрешілерден Алматыда Әуезов, Медеу аудандарының төрешілерін ауыстыру керек шеттерінен бюрократтар отырған

  13. Қолқоюсыз 18 Сәуір, 2018, 14:28

    Заңдылықты сақтайды деген осы прокурорлар – ең көп, әрі тұрақты түрде қасақана заң бұзатындар. Бұл жерде ең алдымен :ақша, сосын тамыр-таныс һәм «қарға өарғаның көзін шұқымайды»!қағидасы. Есеп бергенде өтірікті «қарша» боратып үйренген.

  14. саша 19 Сәуір, 2018, 08:27

    негізі қазақстанға бір жақсы көтеріліс жасап қазіргі билікті қулатпай дурысталмайды қазақстан осындай жайттар қайталана береді

  15. марат 19 Сәуір, 2018, 23:10

    баюды көздеген арам ниетті адамдар осындай қызметтерге пара беріп кіреді. о дүниесін ойламайды. Абу Ханифа Рахимахуллахқа халифа қазы бол дегенде қарсы келгені үшін абақтыға жабылған. ол кісі екі адамның арасына шешім шығарудың не екенін анық біліммен түсінген.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.