"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Нұрсұлтан Назарбаев: Латын әліпбиімен күнделікті жазып үйреніп жүрмін

 

Қоғам қайраткерлеріне латын қарпіндегі клавиатура таныстырылды «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді бастадық. Ол жөнінде үлкен әңгіме, халықтың арасында талқылау болды. Елдің пікірін жинадық. Ғалымдардың, тіл мамандардың ұсыныстарын жинадық. Бұл еліміз үшін, халқымыз үшін теңдесі жоқ оқиға деп санауға болады», – деді Мемлекет басшысы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген оқулықтардың таныстырылымы барысында. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

Елбасы Тәуелсіз 26 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерге де тоқталды. Бірінші жетістік ретінде Қазақстанның әлем қауымдастығының төрінен орын алған елге айналғанын айтты. Ал қазақ халқы тұңғыш рет өз санасымен, өз ойымен елордасын салғанын екінші жетістік деп атады.

«Барлық хандарымыз осындай қала салуды армандап кеткен. Ол арманға біз жеттік»,- деді Н.Назарбаев.

«Үшіншісі ешкімнің ықпалынсыз тәуелсіз, егемен ел ретінде ешкімнің мәжбүрлеуінсіз, өз еркімізбен әліпбиімізді, жазуымызды таңдадық. Әр елдің тарихында мұндай мәселе есте қаларлық үлкен оқиға саналады. Біз еліміз көш басында болсын, ана тіліміз кемелдене түссін деп осыны жасадық. Қазір оны бекіттік. Енді ептеп-ептеп енгізуіміз керек. Өзімде күнде отырып алып Абайдың сөздерін, ойларымды сол әліпбимен жазамын. Меніңше, онша қиын емес», – деді Елбасы.

Айта кетейік, Астанадағы Назарбаев орталығында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған алғашқы кітаптардың таныстырылымы өтіп жатыр. Жиында сөз сөйлеген Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы қазақ тіліне аударылған 18 оқулықтың жалпы таралымы 47 миллионнан асатындығын айтты. Сонымен қатар, ол америкалық студенттер 280 долларға сатып алатын оқулықты қазақстандар тегін оқитындығын атап өтті.





11 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. шал 14 Сәуір, 2018, 12:28

    Жаңа оқулықтарды оқуды қашан бастаймыз? Студенттерден басқаларымыз да тегін оқимызба, əлде дүкенде сатылама.?

  2. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 14 Сәуір, 2018, 12:57

    ЕҢ БІРІНШІДЕН, ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ ЖОЛ САЛЫП, ӨЗ ӨМІРІ МЕН ЖАНДАРЫН ҚИҒАН АТА-БАБАЛАРЫМЫЗДЫ АТАУ КЕРЕК ЕДІ, ЕКІНШІДЕН, АЛАШТЫҢ АРЫСТАРЫНЫҢ ЕСІМДЕРІ АТАЛУЫ КЕРЕК ЕДІ, ҮШІНШІДЕН, ТАШЕНОВ ПЕН ҚОНАЕВТАР, БИГЕЛЬДИНОВ ПЕН ҚАЙСЕНОВ СИЯҚТЫ БАСҚА ДА ТҰЛҒАЛАРДЫ АУЫЗДАН ТАСТАМАЙ АЙТА ЖҮРУ КЕРЕК ЕДІ, ӘЛІ ДЕ ӨЗ БАҒАСЫ МЕН ӨЗ ОРНЫН АЛМАҒАН ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ, АЙТА БЕРСІҢ ШЕК БОЛМАЙЫН ДЕП ТҰР, СЕБЕБІ ОСЫ 30 ЖЫЛДА ЖАСАЛМАҒАН ҚЫРУАР ЕҢБЕК ПЕН БАТЫЛДЫҚ, БАТЫРЛЫҚ, ҚАЙСАРЛЫҚ, КӨРЕГЕНДІК ЕСІМДЕРІ АТАЛМАЙ ЖҮРГЕНДЕРДІҢ ЕНШІСІНДЕ, ОСЫ 30 ЖЫЛҒА ДЕЙІН БІРДЕ-БІР АТАМ ҚАЗАҚТАН КЕЛЕ ЖАТҚАН ТҰЛҒАЛАР ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРІН САТАМЫН ДЕГЕН ОПАСЫЗДЫҚ, САТҚЫНДЫҚ ЖОЛДЫ ТАҢДАУҒА ЖОЛ БЕРГЕН ЖОҚ, ӨЗДЕРІ ДЕ ОНДАЙ ОЙДАН АУЛАҚ БОЛДЫ. АЙНАЛАЙЫН, ҚАЗАҒЫМНЫҢ ОСЫНДАЙ ТҰЛҒАЛАРЫНАН, ОСЫ 30 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ЕСІМДЕРІН ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ БЕТТЕРІНЕ АЛТЫН ӘРІППЕН ЖАЗЫП КЕТТІ, БАСЫМЫЗДЫ ИЕМІЗ, МӘҢГІЛІККЕ ӨШПЕЙТІН ӨЗ ЖОЛДАРЫ МЕН ІСТЕРІН ҚАЛДЫРДЫ. АЛ ОСЫ 30 ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ ҚУАНЫШТАН ҚАЙҒЫ БАСЫМ, СЕБЕБІ ӨЗ ОТАНЫНДА, ӨЗ ЖЕРІНДЕ, ӨЗ ЕЛІНДЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА ҚАРСЫ ЖАУЫЗДЫҚ ЖАСАЛЫП ҚАЗАҚТАР ӨЗ ЕЛІНДЕ АТЫЛДЫ ,ӨЛТІРІЛДІ, ЖАҢАӨЗЕННІҢ ЖАРАСЫ ЕЩҚАШАН ЖАЗЫЛМАЙДЫ, ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА ҚАРУСЫЗ ХАЛЫҚҚА ҚАРСЫ ОҚ АТЫЛЫП, ӨЛІМГЕ ЖОЛ БЕРІЛДІ. ЖЕРДІ ҚОРҒАҒАН МАКС ПЕН АЯН НЕ БОЛҒАНЫН ДА ЕЛ БІЛЕДІ.

  3. Қолқоюсыз 14 Сәуір, 2018, 17:14

    Кеше Елбасы ҚР БжҒ министріне ағылшын тілін оқутуды күшейту керек, а то көштен қалып қоямыз деп айтты. Ол дұрыс бірақ, қазір Қазақ жастарын- Қазақ Ұл мен Қыздарын Қазахи тәрбиелеп,Үлкен мәдинетке баулу керек,ол үшін таза, жоғары мамандар бала бақшада,мектепте,ЖОО т.с оқу орындарында үлкен білімге деген мәдинетке оқыту керек. Қазір Қазақ жастарында мәдинет жоққққ, білім жоқққ, оны оқытатын мұғалімдер, ЖОО-ның білгір оқутушылары жоққққ.Қазақ жастары шет елге еліктеп канализацияға түсіп кетіп жатыр. Басқа тілдерді оқу керек, білу керек, бірақ ОРНЫМЕнннннннн

  4. Нұротан 14 Сәуір, 2018, 19:05

    ЕЛБАСЫНЫҢ БАРЛЫҚ БАСТАМАСЫН ҚОЛДАЙМЫН!ЖАСАСЫН ЕЛБАСЫ!

    • Каскырбай. 14 Сәуір, 2018, 20:36

      Жарайсын Нуротан !Ертен НАН Байтеректен секир десе, биринши болып кытай,маскопияга кашатын шыгарсын. Жагымпаздар кор как,саткынболып келеди. Бира саган сенемиз куротан!

    • Қолқоюсыз 15 Сәуір, 2018, 08:05

      Нұр Отан саған жазған жауапымды Қазақ Үні (м-р) өшіріп тастады.

  5. Қолқоюсыз 15 Сәуір, 2018, 08:03

    Қазақ Үні неге өшіріп тастадың ? Бір жер керек ия ?

  6. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 15 Сәуір, 2018, 08:45

    НҰРОТАН, НЕ КӨРІНДІ БІР АДАМҒА ТАБЫНЫП, ЖАСАСА ҚАЗАҚ ЕЛІ ЖАСАСЫН, ЖАСАСА АТАМ ҚАЗАҚ ЗАМАНЫНАН БЕРІ ЖЕРДІ САТУ ТУРАЛЫ ОЙЫДА БОЛМАҒАН АТА-БАБАЛАРЫМ ЖАСАСЫН, ОСЫ 30 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ БАТЫРЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАР ЖАСАСЫН, ТӘШЕНОВ ЖАСАСЫН ПЕН ҚОНАЕВТАР СИЯҚТЫ БАСҚА ДА ҰЛЫЛАР ЖАСАСЫН, ТАЛҒАТ ПЕН МАКС ЖАСАСЫН, МӘҢГІЛІК ЕЛІМ ЖАСАСЫН.

  7. Нұротан 15 Сәуір, 2018, 08:59

    ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТҰТАСТЫҒЫН САҚТАП КЕЛЕ ЖАТҚАН БІЗДІҢ ЕЛБАСЫ.БАРЛЫҚ ЕЛМЕН ЖАҚСЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУ ТЕК БІЗДІҢ ЕЛБАСЫНЫҢ ҚОЛЫННАН КЕЛДІ.

  8. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 15 Сәуір, 2018, 09:42

    НҰРОТАН, ҚАЗАҚ ЕЛІ АТАМ ҚАЗАҚ БОЛҒАЛЫ ТҰТАС ЕЛ БОЛЫП КЕЛЕДІ, СОНДЫҚТАН АДАСПА, АЛ ТҰТАСТЫҚТЫ САҚТАП КЕЛЕ ЖАТҚАН БІР АДАМ ЕМЕС, ТҰТАСТЫҚТЫ САҚТАП КЕЛЕ ЖАТҚАН ХАЛЫҚ, БІЛІП ҚОЙ, ОЛ ЕШКІМНІҢ ДЕ, СОЛ БІР АДАМНЫҢ ДА ҚОЛЫНАН КЕЛМЕЙДІ, ОЛ ТЕК ХАЛЫҚТЫҢ ҚОЛЫНАН КЕЛЕДІ, ЖЕРДІ ДЕ САТҚЫЗБАЙ, ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТҰТАСТЫҒЫН ДА САҚТАП ҚАЛҒАН ХАЛЫҚ, ЕЛ АМАН ЖҰРТ ТЫНЫШТЫҚТА БОЛҒАНДА, ХАЛЫҚ ӨЗ АТА- БАБАСЫНАН МҰРА БОЛЫП ҚАЛҒАН ЖЕРІН ӨЗ ЕЛІНІҢ БИЛІГІНЕН ҚОРҒАҒАН ҚАЙ ХАЛЫҚТЫ, ЕЛДІ КӨРДІҢ, СОЛ ЖЕРДІ ӘЗІРШЕ САҚТАП ҚАЛҒАНДАР НЕ БОЛҒАНЫН БІЛЕДІ ШЫҒАРСЫҢ, ОЛ ТУРАЛЫ БҮКІЛ ӘЛЕМ БІЛЕДІ, БҰҒАН ДА АЙТАРЫҢ БАР МА?

    • Қолқоюсыз 15 Сәуір, 2018, 10:42

      Бергісі ғасыр,арғысы дәуір тұңғиығындағы қазақ халқының туған жерімен еліне деген жанкештілігі,батыл айла-шарғысы.түп тамыр,түп етектің,тұғырдың мықтылығы.қашанда жері үшін жан алысып,жан берген бабаларымның мәрттігі,бөлшектеніп,қидалануға жол бермеген қазақтың бас көтерер,қол бастар
      ата-әке-бауырлардың ерлігі.ұран тасталғанда,бір тудың,бір қолдың астына жинала білетін отансүйгіштігінде.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.