"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

«Үш әріптің адамы емеспін»: Шаханов өз шындығын айтты

Мұқағали Мақатаев туралы жазған өлеңі дауға айналған атақты ақын Мұхтар Шаханов атышулы журналист Аман Тасығанға сұхбат беріп, өзіне қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді.

TalkLike бағдарламасында қонақта болған ақиық ақын шындықты айтамын деп біраз қиыншылық көргенін айтты.

«Менің басты кінәмнің бірі — шындықты айтып қоятынымда. Жазушылар одағына қарап қалған күнім жоқ. Тек шындық үшін жағаласып жатырмын. Сол одақтағы 800 адамның оншақтысы ғана ұлттық мүддеде бізбен бірге болған. Әнеугүні Оразалин сөйлеген күні елдің бәрі шапалақтап тұрды. Ол одаққа жұмысқа орналасу үшін де ақша берген. Мен туралы ақпарат жазғандардың көбісі Жазушылар одағындағы журналистер. Ешкімнің ата-бабасына тиіспеймін. Ол ақпарат бұрмаланған», — деді Шаханов.

«Шындық үшін әрқашан күресу керек. Ал өз мүддесі үшін болса, онда ұят нәрсе. Ақынсымақтардың көбісі туфли жалағыш. Мен үш әріптің адамы емеспін. Атаққа қызықпаймын. Шетелден алған атағымның өзі 120-дан асады», — деді ақын.

Қазақ үні


Ілмектер:
Мұхтар Шаханов



9 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Болат 34 13 Сәуір, 2018, 10:22

    Ал, енді ТЖЛтар мен троллерші сумақайлар Шахановқа тағы да өре түрегеледі.

  2. Қолқоюсыз 13 Сәуір, 2018, 14:57

    Кісінің ары мен намысына бұлай күйе жағуға болмайды, арада жүрген найсаптар бар, әдейі екі жақты атыстырып, жауластырып! Арандамай, ұлт мүддесі үшін бірлесе еңбектенсе – болашаққа бағдар, ұрпаққа қалған адастырмас із болар еді!

  3. Сансызбай 13 Сәуір, 2018, 15:55

    Шындқтың жолы қашанда ауыр . Өтірік өрге баспайды дегендей. Мухтар аға шындығыңыз үшін сізге рахмет

  4. жанашыр 13 Сәуір, 2018, 19:50

    Мұхтар Шахановты қаралаймыз деп жүргендер,сол шындық пен әділдік жолында жүрген дара да дана ақынымызды,бес ауыз өлең жазып, даңғойсып жүрген ақынсымақтар сынға алса,басқа жұрт не демейді.Жазушылар Одағының басында отырғандар,өз орнына лайық емес деген сөз,Мұхаң кісі өлтірсе де,терісін итке талатпай ақтап алар едіғой.Оліштарлық,көреалмаушылық,балықтың басынан шірігені.Неше айдың жүзі болды,әрі маздатып,құртын езіп қоятын түрі жоқ.Бұл қазақ ел боламыз деп кеудесін соқпай ақ қойсын!

    • Қолқоюсыз 14 Сәуір, 2018, 10:54

      Қалай деседе,Мұқтар аға шындықты айтты.
      Шындықтың бетіне тура қарай алмайтын жалтаңбайлар,жүздері күйіп,тиісерге қара таппай қалды.
      Өмір мақтауменен жағымпаздықтан ғана тұрмайды,өтірік күліп өтірік сөйлеуденде.
      Қанша ауыр болсада,шындық түбі айтылады.Мұқтар ағаның өкшесін басқан бәрімізде өлең-жырларын жаттап өстік,ол кісінің жаны таза,адал,өршіл ақын ретінде білеміз.

      • Амангелді 14 Сәуір, 2018, 12:27

        Шындықты айтқаны дұрыс-ақ. Мұхтардың жасағанын екінің бірі жасай алмайды. Бір өзі қаншама ақиқатты айтып қана қоймай, сол жолдағы қателіктерді түзеді. Алайда кейде ұсақталып, жұрттың жеке басына тиісіп, Қоразкүл, Қоразалин, Жұқағали, Шөжеалин дегені ақымақтың ісіндей. Осы сияқты бір басына жетерлік күнгейімен қоса пенделігі де бар.

  5. Жанбатыр 14 Сәуір, 2018, 12:46

    Ащы да болса шындық. Мұхтар Шаханов аға жарайсыз. Халық сізбен бірге. Халық өткен кеткенді білу керек.

  6. Nazira Nurtazina 14 Сәуір, 2018, 23:59

    Мухтар Шаханов – казахский Эверест и Великий Кыпчак

  7. Әбу 15 Сәуір, 2018, 23:54

    Беу шіркін!.. Шындықтың да шындығы бар емес пе… Қазақ еліне, қазақ тарихына кесірі тиген өлілердің теріс қылықтарын айту бірбасқа да, үлкен-кіші марқұмдардың кезінде анаумен, мынаумен өзара араздық салдарынан айтқандары мен істегендерін айту – бірбасқа. Соны ажыратпай, өзара кикілжіңдегі жәйттерді «шындық» деп айту осылайша басталып кете берсе, ертең кімдердің ішкіш, төбелескіш, арандатқыш, арызқой, ұрлықшы, ойнасқор, алаяқ қу, мешкей,зорлықшы… болғандарын «шабыттана» айтып, жазып, «қазақ тарихына» тарау қосармыз. Қазекем: «Бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» дегенді сауатсыздықтан, мешеуліктен айтпаған шығар, тілі, діні, ділі жат бөгделерге мазақ болма деген шығар. «Атың шықпаса, – жер өрте» де сол оймен айтылған болар. Шахановтың «шындығына» ұйғыр ақын-жазушыларының бірнешеуі мәз бола күліп отырғандарын көрдім. Қазақ тілін жақсы білетін журналист орыстың: -Иә, иә, біз арақсыз жүре алмаймыз, қазақтар бірін бірі жамандамаса жүре алмайды, – дегенін естідім. Сол ма бізге керек «шындық»?..

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.