Қазақша сөйлегені үшін қазақ қызын соққыға жыққан ресейлік спортшы сотталды

Осыған дейін "Қазақ үні" порталында алматылық Әсел Назарбаеваның басына түскен қиын жағдайы туралы жазған болатынбыз. Өз елінде қазақ тілінде сөйлеп, сол үшін ресейлік спортшыдан таяқ жеген Әсел соттасып жүріп ақыры жеңіске жетті.

Перегуде есімді орыс спортшысы қазақша сөйлеген қазақ қызын аяусыз тепкілеп кеткені туралы жариялаған мақаламыз қоғам ішінде резонанс тудырған еді.

Міне, енді әділ сот үкімі шықты. Диана Перегуда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 293 бабы, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. 2 жылға шартты түрде сотталды. Жауапкер Диана Перегуда жәбірленуші Әсел Назарбаеваға 1 миллион теңге көлемінде материалдық және моральдық шығын өтеп беретін болды.