"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Сот Саят Ыбырайды қамаудан мерзімінен бұрын босатты

11 сәуір күні Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасы 12 жылға сотталған ғалым, техника ғылымдарының докторы Саят Ыбырайдың өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарап, оны қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Бұл туралы Азаттыққа Саят Ыбырайдың адвокаты Абзал Құспан хабарлады.

– Қазір ғана соттан шықтық. Біздің өтінішіміз толық қанағаттандырылды. Семей қалалық сотының шешімі бұзылды. Бүгін үлгермейтін шығар. Ертең Саят Ыбырай шығуы керек, – деді ол Азаттық тілшісіне.

Адвокатының айтуынша, сот шешімі бүгіннен бастап күшіне енеді. Бұған дейін елдегі ғалымдар, қоғам қайраткерлері Қазақстан президентіне Саят Ыбырайды босатуды сұрап бірнеше мәрте хат жазған. 52 жастағы Саят Ыбырай 2010 жылы қамауға алынып, 2011 жылы 19 қазанда «сопылар ісі» бойынша «қылмыстық топ құрды» деген айыппен 12 жылға сотталған еді. Ол 2011 жылы желтоқсанда сырттай Әлихан Бөкейхан атындағы сыйлыққа ие болған. 2013 жылы қазақстандық құқық қорғаушылардан құралған сарапшылар тобы Саят Ыбырайды елдегі «саяси және ар-ұждан тұтқындары» қатарына кіргізген.



Ілмектер:
Саят Ыбырай

Осыған ұқсас:

  1. «АСЫЛ АРНА» ҺӘМ САЯТ ЫБЫРАЙ ЖЫРЫНА» МҮФТИДІҢ ЖАУАБЫ
  2. Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ жазықсыз сотталған Cаят ЫБЫРАЙДЫ БОСАТУДЫ ТАЛАП ЕТТІ

Facebook арқылы пікір жазу



5 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 13 Сәуір, 2018, 09:03

    САЯТ ЫБЫРАЙ, Сіз үшін қуанышым қойныма сыймай отыр! Қазақтың арда азаматына араша түскен азаматтарға мың алғыс! САЯТ ЫБЫРАЙ, Қазағыңыз үшін етер еңбегіңіз ерен болып, шөпшек сүйер жасқа жетуіңізге ақ жүрегіммен тілектеспін!

    • 13 Сәуір, 2018, 09:25

      Қазағының бетке ұстар,маңдай алды ғалымдары осы кісілер.
      Қазағын көркейтетін,сол жолда бар білімін,біліктілігін сарп ететін,кешегі ардақтылардың ізін басқан ізбасарлары,
      халқының алдында жарқырап жүретін бағдар шамдары-еңбектеріңіз жанып,еліңіздің бағына жүз жасаңыз,
      Сәтбаев атамыздай нағыз ғалымдарымыз
      көбейе берсін.Сізге мықты денсаулық,күш-жігер,қажыр-қайрат берсін.

    • Белгісіз 13 Сәуір, 2018, 17:19

      Жазықтан жазықсыз 8 жыл түрмеде отырып келгені үшін қуанышың қойныңа сыймай тұрма? Оған діннің маңайына да жоламау керек еді. Философияның маңызы діннен бөлек болады. Дің – қара ін, – дейтін баяғы қазақ.

  2. Белгісіз 13 Сәуір, 2018, 10:39

    Қазақ руханиятында Саяттың орны үңірейіп тұрды. Өз орныңды толтыр халқың күтіп отыр бауырым.

  3. 13 Сәуір, 2018, 18:48

    Нағыз қазаққа керек азамат! Күншіл, надандардың құрбаны болды. Әрі қарай да, ағартушылық қызметіңізді жалғастырады деп сенеміз. Алла ғұмыр берсін.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.