Қарағандыда қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген қылмыстық топ ұсталды

Қарағандыда адам саудасы және сутенерлікпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. 24 және 27 жас аралығындағы 4 жігіт қыздарды тәнін саудалауға мәжбүрлеп келген. Жедел ақпараттың арқасында ұсталған жігіттер пайда табудың оңай жолын тапқан көрінеді. Бұл туралы КТК хабарлады.

Олар жеңіл жүрісті қыздардың 10 шақтысын тауып, жалдамалы пәтерлерде күштеп ұстаған екен. Жыныстық қатынас қызметін көрсету жөнінде хабарландыру беріп, клиенттерді өздері тауып отырған. Бұл топтың қылмысына қатысты бұлтартпас айғақтар жиналған дейді полицейлер. Тергеу абақтысына қамалған төртеудің үстінен бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.