"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Теңге құлдырап барады: Ақшаны қай валютамен сақтаған қауіпсіз

Қазақстанның ұлттық валютасы екі күн бойы өз ұстанымын жоғалтты. Бүгінгі күні Қазақстан қор биржасындағы доллар бағамы тағы бес теңгеге артып, бір доллар үшін 330 теңгені құрады.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Ақша айырбастау орындарындағы бағалар кешегі көрсетішпен тұр. АҚШ валютасы бір теңге үшін 336 теңгені құрайды. Бірақ бүгінгі күні сату нүктелерінде дүрбелең жоқ. Қазіргі уақытта ең алдымен қазақстандықтарды ақшаны жоғалтпау үшін қай валютада сақтау керек деген сұрақ алаңдатып отыр.

«Ұлттық Банктің  өте қарапайым ұсыныс тастады. Олар ақшаны екі валютада да сақтауға кеңес берді. Ұлттық банк төрағасы үнемі ақшаның 50%-ын қазақстандық теңгемен және 50% -ды АҚШ долларымен сақтау керектігін жиі айтады. Яғни, егер халық тәуекелге барғысы келмесе, оны екі валютада сақтаса болады»,- дейді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентиев.

Ұлттық Банк тарифтің ауытқуы ұзақ мерзімді үрдіс екенін мойындап отыр. Бұл Ресейге қарсы санкциялардың күшейтілуі мен кеңейтілуіне байланысты. Сондықтан теңге есеп айырбастауыштарда үнемі ауысып отыратын болады.

Бірақ  Ұлттық Банк теңгенің қаншалықты төмендеп, немесе көтерілетіні туралы нақты айтпады. Олар ұлттық валютамыздың әлсіреуі де немесе нығаюы да мүмкін екенін ескертеді. Үкімет пен Ұлттық банк осы сенбіде ахуал нашарлаған жағдайда оған қатысты жоспар жасайды. Егер бұл жағдайдың алдын алмаса отандық өндірушілер ресейлік тауарлармен бәсекеге түсе алмайды, себебі тауарлар арзан болады. Сонымен қатар бұл ел экономикасын тығырыққа тірейді.

«Біздің кәсіпкерлеріміз үшін бұл тағы бір қиындық болады. Біз шекаралас аудандарда болғандықтан, сауда компаниялары, азық-түлік компанияларымыз белгілі бір мерзімге дейін клиенттерін жоғалтады. Тіпті болмаса олардың өнімдеріне деген сұраныс төмендейді. Ал, нарық ешқашан тоқтап тұрмайды. Конъюнктура, бәсекелестік бар. Сондықтан біз алға жылжуымыз керек»,-дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.




Осыған ұқсас:

  1. Зейнетақы жинақтарының 32 пайызы шетел мемлекеттерінің валюталарына салынды
  2. Ақша айырбастау пункттерінде бір доллар 380 теңгеге сатылып жатыр
  3. Қазақстандықтар жаппай доллар сатып алудан рекорд жасады
  4. Теңге құнсызданып барады: Бір доллар 367 теңгеге жетті
  5. ​Министр депутаттың теңгенің девальвациялануына қатысты айтқан мәлімдемесіне жауап берді
  6. Ақша айырбастау орындарында доллар 364 теңгеге сатылып жатыр

Facebook арқылы пікір жазу



3 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 12 Сәуір, 2018, 13:59

    Алтынмен, бриллантпен, мұнаймен, газбен –

  2. Белгісіз 12 Сәуір, 2018, 14:15

    сактаитын коп акшам да жок

  3. Белгісіз 12 Сәуір, 2018, 15:49

    Алтынмен

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.