"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Байбек ата-апаларға құр отырмай, ақылы түрде бала қарауға кеңес берді

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек балабақша санының аздығыі туралы мәселені қозғады. Ол зейнеткерлерге үйде бала тәрбиесімен ақылы түрде айналысуға болатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Ол цифрландыру ғасырында адамдар бір-бірімен араласа бермейтінін, сол үшін жергілікті билік қызығушылығы ортақ қариялардың басын қосуға ниетті екенін айтты.

«Біздің ұжымымыз, достарымыз, араласатын таныстарымыз бар. Қариялар үшін бұл қиын мәселе. Біз үйде отырудан жалыққан зейнеткерді ортақ қызығушылықтары бойынша байланыстырғымыз келеді. Олар бір-бірімен танысқаннан кейін бірге жүріп, бірге қалаған жерлеріне бара алады. Ең бастысы – оларды тыңдайтын алаң бөлуіміз керек», – дейді қала әкімі.

Ол өзінің қабылдауына тәжірибесімен бөлісіп, кеңес бере алатын зейнеткерлердің де келетінін айтты.

«Бимен, спортпен, психологиямен айналысқысы келетін, білгенін жастармен бөлісуді қалайтын белсенді зейнеткерлер бар. Бірақ, мен олардың бәрін қабылдай алмаймын, өйткені олар 1,5-5 сағат отырады. Менде оншалықты уақыт жоқ, бірақ олардың тәжірибесімен бөлісіп, көмектескілі келетінін түсінемін», – дейді ол.

Ол қалада құрылыс қаншалықты қарқынды жүріп жатқанымен, балабақшалар саны аз екенін атап өтті. Сол себепті бала тәрбиесін зейнеткерлерге тапсыруды ұсынды.

«Барлық жерге ғимарат салудың қажеті жоқ. Балабақша саны аз. Пәтерлері бар апа-аталар бар, соларға ақысын төлеп, балаларыңызды қаратуға болады. Күні бойы жейтін тамағын дайындап кетсеңіз, қажет болғанда ысытып алады немесе тамақ дайындау үшін ақысын төлеп кетсеңіз болады. Олар баламен бірге күні бойы бірге болып, теледидар көріп, аулаға шығып серуендейді», – дейді ол.



Ілмектер:
Байбек

Осыған ұқсас:

  1. Байбек: Тиін алматылықтарды дәл сипаттайды – сіз бен біз секілді
  2. Алматыдағы өрт: Байбек көпқабатты тұрғын үйді қалпына келтіруді тапсырды
  3. «Көкжайлау» тау-шаңғы курорты – отандық туризмді дамытудағы жаңа қадам
  4. Алматыда «Смарт сити» жобасын жүзеге асыруға Сингапур компаниялары қатысады
  5. Алматыда денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
  6. Алматыда жыршылардың халықаралық «Ұлы Дала Елі» фестивалі өтті

Facebook арқылы пікір жазу



9 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 12 Сәуір, 2018, 13:40

    Бала бағу оңай болып па? Бастарын əзер алып жүрген зейнеткерлерге.

  2. 12 Сәуір, 2018, 17:22

    Иә,сондай апалар бар,дұрыс айтады.
    Біздің аулада бір орыс апа,бір өзіміздің апа солай қарайды.
    Әлгі балалар үлкейгендеде,аулада ойнап жүріп,апа,баба деп жүреді.
    Әр адам әр түрлі,жалпы қимыл-қозғалыс жақсы ғой.
    Ауылдарда апа-әжелер қарап,бақты,әліде бағады.

  3. 12 Сәуір, 2018, 18:41

    Байбек бала дұрыс айтады.

  4. 13 Сәуір, 2018, 18:41

    Бала ата-әжесінің, әке-шешесінің құшағында өсу керек.Бала-бақшаға құйылған , миллиардтаған ақшаны, баланың анасына төлеп, еңбек өтілі ретінде жазса, ауыру бала азайар еді. Демография да өсер еді.

  5. 14 Сәуір, 2018, 07:08

    Шет елдерде шал-кемпірлер демалады, саяхаттайды, тсс, өмір сапасы басқа, ал біздің қарияларымыз өлместің күнін көреді …

  6. Белгісіз 14 Сәуір, 2018, 13:03

    Ата-апа емес! Ата-əже!

    • 15 Сәуір, 2018, 12:50

      Жәке :
      Апа Ата, Қазақ тілінің классикалық диалектісі,
      Оған түзету егізіп ана т ілімізді қорлама.

  7. 17 Сәуір, 2018, 02:08

    негізі ағайындар бұл жігіте дұрсын айтып отыр, анадағы әңгімесіне тәжірбесіне қарағанда жуынғанан тәуір яғыный ҚАЗАҚ ЖУЫНБАЙ ЖҮРГЕН СИЯҚТЫ тап осы бала ҚАЗАҚТЫ
    жуынбайтын қылып көрсеткен еді содан бері осы жігітке сене бермеимін неге мысал келтірсек кесінде АТА ӘЖЕЛЕР ҒҰСЫЛСЫЗ бала тапаған керек болса тыйынсыз ұрпақ тәрбеисіне мән беретін еді қәзір бәрінің айттыны пәленше түгенше болып баратыр соның тоиына не басқа әңгіме деген сияқты САҒАН АЙТАРЫМ ЕГЕР ЗИНЕТЕГІ АТА-ӘЖЕ ҚАНША ҰЛ-ҚЫЗДАРДЫ ТӘРБЕЛЕСІ СОЛАРДЫҢ ЗЕНЕТІ НЕМЕРЕ САНЫНА ҚАРАП ӨЗЕДІ ДЕСЕҢ СЕН КӨПТІ ҰТАСЫҢ СЕБЕБІ ҚАНШАМА НЕМЕРЕЛЕР АТА ӘЖЕНІҢ ҚАСЫНДА ЖҮРУДІ АРМАНДАЙДЫ ЕРКІН ӘКЕМЕНЕН АНАНЫҢ ҚАСЫНДА ЖҮРГЕНЕН СЕНДЕР ЕБЕБІ ЕЛДІҢ ОРТАСЫНА ТҮСІҢДЕР СОНДА КӨП ЗАТТЫ ТҮСІНЕСІҢДЕР

  8. Белгісіз 19 Сәуір, 2018, 06:03

    Дұрыс айтып отыр. Әр жерде сопақ бастары қалқиып босқа , той томалақ қуалап, деп жүрген ше одан да зейнеткерлер апа әжелер немерелері не қарасын. Кейін өздері неде сауап болады.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.