"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Мұхтар Шаханов: Атақты адамдардың кемшілігін ауызға алмай, тек мақтай беруіміз керек пе?

МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ «ШЫНДЫҚТАН МҮЛДЕ ШЕТ ЖҮРУ, ҰЛТ НАМЫСЫН ПЕНДЕЛІККЕ ТЕПТІРУ ЕМЕС ПЕ?!» АТТЫ МӘЛІМДЕМЕСІ

Бүгінгі кезеңде бүкіл қазақ халқын рулық сезім жаулап алды. Біреумен жолыға қалсаңыз, ол міндетті түрде алдымен қай жүзден, қай рудан екеніңізді сұрайды. Рас, әркім ата-тегін, руын білгені жөн. Бірақ, рулық сезім бүкіл қазаққа ортақ – елдік, ұлттық мүддені басып кетпеуі керек. Өкінішке орай, қазір солай болды. Кей жерлерде әрбір ру өздеріне арнап, жеке бейіт салып алған. Кезінде баспасөзде жазылды, қытайдан келген, руы басқа бір қандасымызды сол рудың бейітіне жерлеген екен, олар үлкен айқай шығарып, әлгі адамды басқа бейітке жерлеуге мәжбүрлепті. Мәселен, менің туған өлкем Оңтүстік Қазақстан облысында кейбір рулар өз ата-тегіне үлкен ескерткіштер орнатып қойған. Баз бір рулар өздеріне арнап әнұран да шығарған.

Ащы шындық мынада. Егер біздер, ұлтымыздың пайымды, парасатты адамдары бірлесіп, шектен шығып кеткен рулық сезімдерге тосқауыл қоя алмасақ, болашақта ұлтымызды сақтап қала алмасымыз айқын.

Жуырда бір топ жазушылар – Төлен Әбдікұлы, Дулат Исабеков, Қабдеш Жұмаділов, Темірхан Медетбек бәріміз бірлесіп, Қазақстан Жазушылар Одағын 23-ақ жыл басқарған, сонда да «Мәңгілік төраға» болып қала беруді армандаған, Қазақстан жазушыларының демалыс үйін 49-ақ жылға шетелге жалға берген, жазушыларға тиісті 15 гектар алма бағын, кезінде қала әкімі Храпунов: «Жазушыларға тигізген көмегім болсын!» – деп сыйлаған үлкен базардың көзін жойған Нұрлан Оразалинге қарсы шығып, қызметінен тайдырдық. Оның орнына шындық биігінен көрініп жүрген Ұлықбек Есдәулет деген ақынды бекіттік.

Мына қызыққа қараңыздар. Біз орнынан тайдырған Нұрлан Оразалин мен атақты ақын Мұқағали Мақатаевтың руласы екен. Енді сол Оразалин Жанарбек Әшімжанмен және бір топ руластарымен бірлесіп, «Шаханов Мұқағали Мақатаевқа қызғанышпен күйе жағып отыр.» – деп менің шыншыл рухта жазылған «Мұқағали Мақатаев пен Жұқағали Бұқатаев туралы ойтолғау» атты өлеңімнің ішіндегі мына жолдарды алға шығарыпты:

«Жазушылар Одағында,

Оянсын деп жастардан дара тұлға,

Бір топ жарқын жас өскіннің

жырын талдап жатқанда,

Мұқағали кіріп келді, ұқсап бақыт тапқанға.

– Осындағы әрқайсысың бір-бір сомнан бересің,

Ал, әйтпесе кім болсаң да көресіні көресің! –

Дедідағы жиындағы жұртты түгел санады.

– Алпыс бес жан… алпыс бес сом ұсынсаңдар болады!

Сол сәтте мен:

– Көріндіңіз бүгін жаңа белестен,

Енді сізді Мұқағали Мақатаев деместен,

Жан аярлық жұқалық мінез көрсеткеніңіз үшін,

Ақша сұрап, бұқалық мінез көрсеткеніңіз үшін

Жұқағали Бұқатаев деп атағым келеді! –

Дедім күліп.

Тек ол сөзім әзіл еді өрелі.»

Бұл оқиға айна-қатесіз шындық. Сол жиынға қатысқан ақындардың кез келгені (егер шындығын жоғалтып алмаса) мұны растай алады.

Біз қазақ тілін мемлекеттік тіл ету үшін, Кеңестер Одағы кезіндегі билікпен жағаласып жүргенде, Мұқағалидің арақ ішуден бір сәт те қолы босамады. Нұрлан Оразалин бастаған топ өкілдері ғаламторда, мені санасыз ақынға, тіпті есекке теңепті. Олардың ойынша, Мұқағали аруағын қаралағаным үшін оның руынан, бүкіл қазақ халқынан кешірім сұрауым керек екен. Мейлі, кешірім сұрады деп есептеңіздер. Мұқағалидің бүгінгі даңқы ел арасында биік деңгейде салтанат құра берсін. Руластары қуатты күш жинап тұрған кезде шындық айтылмауға тиіс екен.

Тағы бір қызығы, Мұқағали екеуміздің ортақ тіл тапқанымыз, тіпті оның маған өзгеше батыл тілек білдіргені жайлы жазғанымды, Оразалин бастаған топ мүлде елемеуге тырысып, аттап өтіпті. Онда Мұқағалидың маған айтқан мынадай тілегі және менің ол туралы ойларым келтірілген:

«…Мейлі билік көрсетсе де саған ылғи кекесін,

Тек шындығың аман тұрса, мақсатыңа жетесің!

Кешір мені айналайын, жүрген болсам ұсақтап… –

Деп көзіне жас алды да, ұзақ тұрды құшақтап.

Мен сорлыны қаншама адам өсектепті, ұқпапты,

Мұқаңның сол қолдау сөзі әлі есімнен шықпапты…

Көп жыл бұрын өтті-кетті пенделік, рух шатысы,

Мұқаңды енді кінәлауға жоқ ешкімнің хақысы…

Билікке де, халыққа да әр қырынан сән құрып,

Мұқағали даңқы солай тұра берер жаңғырып.

Айыра алмау қайғы емес пе қалайы мен жақұтты?

Қарасаздай ауылы бар әрбір ақын бақытты!..»

Енді менің «Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов бастаған жазушыларға тағылған кінә немесе Зылиха апайдың мұңы» деген жырыма назар аударыңыздар:

«Кезінде демократияға өзгеше жол салған тұлға,

Кейіннен Ресейдің тұңғыш Президенті болған тұлға,

Желтоқсан шындығын жақтаған,

Мені биліктің зорлығынан сақтаған,

Борис Ельциннен ерекше сес көргендіктен,

Одан туар қиындықты ескергендіктен,

Горбачевтің амалсыздан маған берген рұхсатымен,

Құпияларға өрледім, биліктегі биік сатымен.

Жақсы білген ақ пен қара өтімін,

Қауіпсіздік комитетінің,

Қазақстандық басшысын шақырып алып:

– Мұрағаттарыңда жатыр сан жылғы қара тарих,

Енді соны ашайық,

Шындыққа қадам басайық! –

Деп талап еткенімде,

Ол айтты:

– Қазір шындық бұрылмас теп-тегінге,

Мұрағатты ашсақ, Мұхтар Әуезов бастаған,

Сәбит Мұқанов, Тәжібаев, Ормановтар қостаған,

Өте үлкен топ даңқ пен құрмет биігінен кетеді,

Олардың да әділдікке сатқындығы жетеді…

Бейқам кеме секілденіп соғылған тас кемерге,

Шошып қалдым, әсіресе Мұхтар Әуезов дегенде.

Иә, Әуезов сонау Кеңес Одағының тұсында,

Түскен адам болмаса да зорлық пенен қысымға,

Шығармасы шыққандықтан үлкен дара белеске,

Ту биікке жол сілтеп,

Сондай тұлға болсын деп,

Мына менің есімімді Мұхтар қойған емес пе?

Бірақ, бірақ, алдымызда кімдер сатқын, кім мықты?

Біз білуге тиістіміз адал, ащы шындықты.

Үш әріптің бастығы да бұл нүктені басуға,

Бізбен бірге құлшынса да,

Бізбен бірге жұлқынса да,

Мәскеу рұхсат бермей қойды, мұрағаты ашуға,

Кейле билік дайын тұрар әділдіктен қашуға.

Шындық өрге шықпаған соң, тағдырымыз күйкілеу,

Рас, Кеңес кезіндегі тарих мүлде шикілеу.

Басқа-басқа «дана» Сәбит Мұқановтың бір өзі,

Күллі Кеңес Одағында өрге шығып мінезі,

Талай ұлттық тұлғаларға тірідей көр қазды ғой,

Әрі оларды сатқандығын мақтанышпен жазды ғой…

Өкінішті-ақ тұрсадағы қара тарих бетінде,

Жұрт оны әлі мадақтайды дара тұлға ретінде.

Құпия шындық шаршатады құздан, сайдан құралып,

Ел назарын енді басқа мәселеге бұралық.

Әрқашанда кеңге жайған рухының қанатын,

Әттең, бірақ, күнін ерте батырған,

«Халық жауы» ретінде атылған,

Жұмабаев Мағжан деген болды шыншыл дара ақын.

Күйеуінің тағдырына жанын салған ұдайы,

Сан-салалы кедергіден қажымаған, талмаған,

Сүйгені үшін Сібірді де шарлаған,

Болды оның Зылиха атты шыншыл, адал жұбайы.

Сол Зылиха күйеуі үшін сөзге шығып ерікті,

Мәскеулік бір журналистке үлкен сұхбат беріпті.

Әлгі сұхбат кітап болып басылыпты Мәскеуде,

Кәне, кімнің аузы бармақ оны мәнсіз, бос деуге?

Зылиханың шындығына ықыласы құлаған,

Кітапшаны маған берді қартаң тартқан бір адам.

Өте ауыр мазмұн ұқтым сол сұхбаттың ішінен,

Бір адамның нар беделін бес тиынға түсірген.

Айналаны және үйді қара түнек жапқанда,

«Үш әріптің» адамдары Мағжанды ұстап жатқанда,

Олардың зор жұлқуынан құлай кеп,

Зылиханың құлағына сыбырлапты ол былай деп:

– Кей тұлғалар мен үшін жай шөп болды.

Айналды олар рухсыздың күш, қаруына.

Ал бүгінгі ұсталуыма,

Есіңе тұт, Әуезовтің пенделігі сеп болды…

Әрқашанда бой – аласа, ой – теңіз,

Толғаналық,

бұл істі енді қайтеміз?

Иә, Кеңестер кезіндегі тарих шындық тапқан жоқ,

Тіпті қылмыс адамдары биікте тұр мақтан боп.

Шыншылдардың иығына ешкім шапан жапқан жоқ.

«Үш әріптің» мұрағаты ашылмай,

Өсек, шындық осылайша өрши бермек басылмай…

………………………………………………………………………………………..

Ал, Зылиха сұхбатына бір адам тіл қатқан жоқ,

Оған себеп, уақыт әлі шындық шамын жаққан жоқ…

Бұл кітап қазір менің қолымда. Әлде осы ащы шындықты ешкімге сездірмей бұғып жата беруіміз керек пе еді?!

Енді «Жамбылдың «дара ерекшелігі» және оның туған ауылында болған кездесу» атты жырыма да назар бұрсаңыздар:

«Шыншылдықты сақтап қалу жеңіл ме, әлде ауыр ма?…

……………………………………………………………………………….

Меніменен жыр алыбы Жамбыл туған ауылда,

Бір кездесу өткізілді ой саларлық қауымға.

Елестетіп, нар тұлғадан өрбіген он батырды,

Ұқсап және Жамбылдың ту ұстары,

Оның жақын немере, туыстары,

Мақтанышпен ең алдыңғы қатарға кеп отырды.

Кенет жас қыз сұрақ қойды:

– Сіз бір шыншыл ағайсыз,

Жамбылдың даңқ, атағына қандай көзбен қарайсыз?

Және оның ақындығын қай деңгейге балайсыз?

– Иә, Жамбылға бүкіл Одақ құрметпенен қараған,

Оның даңқы – дедім күліп, – әлі өшкен жоқ санадан.

Сталиннің туфлиін махаббатпен жалаған,

Жасы жүзге жақындаған,

Жігер-оты лапылдаған,

Болған емес ол кезеңде одан даңқы зор адам.

«Толған Ай ма дер едім,

Түнде бар да, күндіз жоқ.

Толған Күн бе дер едім,

Күндіз бар да, түнде жоқ»

Деп мақтана Сталиннің парқын Күннен асырған,

Ондай адам ілуде бір бой көрсетер ғасырдан.

Шындық кейде қауіпті шың, кеудесі – құз, басы – қар…

Жәкең жайлы мен әрдайым бір сенімге тоқтаппын,

Шынымды айтсам, жырларынан қос жол өлең таппаппын,

Поэзияға ерекше бір үлес болып қосылар.

Сонда да ол жыр алыбы, Сталин сенген асыл жан,

Асыл жанға бүкіл билік зор құрметпен бас ұрған! –

Дегенімде,

туыстары болды алғандай нар соққы,

Ал қалың жұрт орнынан тұрып ұзақ қол соқты.

Қазір елдің көбейсе де, жасқанары, бұғары,

Естілсе де жан-жағынан жағымпаздық ұраны,

Санасына дөп тисе егер ащы сөздің пырағы,

Бүгінгідей күрт секіріп, шындық алға шығады.

Мұндай қимыл анда-санда…

Ойланар жай бұл әлі…

Сол үшін де, намыс рухын көтеріп,

Жамбылды еске ап,

бірге тілек етелік:

«Ұлттан мәңгі жойылсын! – деп – «туфли жалау» құмары…

…………………………………………………………………………………………

Әлгі тілек Құдай қолдап, қабылданған жағдайда,

Жағымпаздық, үрку, қорқу кілт бұрылып шалғайға,

Шындық және ұлттық мүдде болып басты шынары,

Қазақ ұлты мүлде дара биіктікте тұрады!

Бұл өлеңдердің ешқайсысы ойдан шығарылмаған. Өзім куә болған, немесе қолға түскен шыншыл фактілер негізінде жазылған. Бірақ Нұрлан Оразалиннің басшылығымен жақтастары, ұлтымыздың ұлы ақыны Абай атамыздың кейбір пайымсыз туысқансымақтары, Жамбыл ақынның жақынсымақтары, Мұхтар Әуезовтің, Сәбит Мұқановтың, Әбділда Тәжібаевтың, Ғали Ормановтың бауырсымақтары тұс-тұстан жабыла үн қосып, ғайбаттауда.

Мен Мәскеуде, Кремлдің Съездер Сарайында, М.Горбачевті алдап, Арал мәселесін айтамын деп, Желтоқсан шындығын әлемге жайып салғанымда, Горбачев билігінің ұсынысымен Желтоқсан комиссиясының төрағасы боп бекітілген Қадыр Мырзалиев: «Желтоқсанда алаңға шыққандардың бәрі нашақорлар, маскүнемдер, алаяқтар еді» деп колбиншілердің пікірін қуаттады. Кейіннен Ресейдің Тұңғыш Президенті болған Борис Ельцин түгелдей маған бұрылғандықтан, одан қаймыққан М.Горбачев амалсыздан, мені желтоқсан комиссиясының тең төрағасы еткенде, мен оқиғаға кінәлі 42 адамның аты-жөнін тізіп, қаулы қабылдаттым. М.Горбачевтің тікелей тапсырмасымен біз ашқан шындықты жоққа шығару мақсатында КСРО Қауіпсіздік комитеті, КСРО Ішкі істер министрлігі, КСРО Прокуратурасы бірлесіп, арнайы комиссия құрды. Қ.Мырзалиевтің сол комиссия құрамында болғанын КСРО Бас прокуратурасының бірінші орынбасары А.Васильевтің маған жазған хатынан білуге болады. Мұның бәрі менің «Желтоқсан эпопеясы» атты кітабымда толық баяндалған. Енді сол Қадыр Мырзалиевтің жақынсымақтары да ащы шындықты ашқаным үшін, мені иттің етінен де жек көретінін сездіруде.

Әлеуметтік желідегі түрлі парақшаларда «Шахановтың пенделігі оянып, атақты тұлғалардың бәріне қызғанышпен қарай бастады.» деп, мен сорлыны есекке, хайуанға теңепті. Сонда біз атақты адамдардың кемшілігін ауызға алмай, тек мақтай беруіміз керек екен ғой. Онда елімізде шыншылдық арнасы мүлде жойылып, ұлтымыз бейшара күйге түспей ме?

Бірнеше мемлекеттің алдыңғы қатарлы өкілдері қолдаған, менің мына ұстанымым бұл сұраққа жауап беріп тұр:

«Кім шындығын жоғалтып алса,

«Ақты-ақ, қараны-қара» деп айтудан қалса,

Яғни, сөзі басқа, ісі басқа болса,

Ұлттық, ғаламдық мүддеге тамыр жібере алмаса,

Пенделігі тек өзін емес, қоғамын да алдаса,

Ондай ақынның да,

ғалымның да.

саясаткердің де,

Мазмұны, даңқы – далбаса!»

Сондықтан да мен шындығын жоғалтпаған рухтастарымнан жан-жақты қолдау табар деген ниетпен, осындай үндеу жариялауға мәжбүр болып отырмын. Ойланалық, шындықтан мүлде шет жүру, ұлт намысын пенделікке тептіру емес пе?


Ілмектер:
Мұхтар Шаханов



62 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 11 Сәуір, 2018, 13:36

    Ой АҒА, осыларды немесе соларды қайтесіз, өмір керуенғой қозғала береді.
    Ол ақиқат пен жаланың, күресі адамзат жаралғалы бері болып жатқан сұрапыл.
    Осы жолғы ол екеуінің күресі, Ақиқат пен жаланы, айтамын,
    Мұхтар біреуі ол Ақиқат, ал екіншісі керуенге үріп жатыр.
    Оларда өз күйбеңін атқарып жатыр.
    Сонымен адамзаттың өмір керуені ақырындап жылжып келеді.

  2. Алматы 11 Сәуір, 2018, 14:24

    Мұхтар Шаханов алжыды!!!

    • ЗИДАНА 11 Сәуір, 2018, 15:14

      Шындықтың шыңы Сізсіз.Сіздің жазғандарыңыз тарихи шындық
      Сол себепті шымбайларына батып кетіп жатыр.Сіз ХАЛЫҚТЫҢ жүрегінен орын алған, ХАЛЫҚТЫҢ сөзімен сөйлейтін адамсыз.Бұл Сізге ғана берілген құдырет.Сол құдыретт ілігіңіз сізді бəледен-жəледен сақтап келеді.Сақтайды да.Мұқалмаңяз.Халқыңыз Сізбен бірге.Шындығыңыз Сізбен бірге.

    • Талғат 12 Сәуір, 2018, 12:20

      Сен өзің алжығансың.сен түгілі сенің үрім бұтағын Шахановтай бола алмайсыңдар.

  3. Құттыгүл Шардара. 11 Сәуір, 2018, 14:27

    Мұхтар аға, ШЫНДЫҚ ~ол өте қатал ғой.Ал осы ҚАТАЛДЫҚТЫҢ бетіне міз бақпай тіке қарау үшін ЕРЛІК керек деп ойлаймын.Ал ерлік жасау екінің бірінің қолынан келе бермейтіні де белгілі ғой.Сізге деніңізге саулық,күш~қуат,шығармашылық, табыс тілейміз! Сізді әрқашан қадір тұтып,қастерлейтін оқырмандарыңыз Сізбен дәйім бірге!

  4. Сауле 11 Сәуір, 2018, 14:29

    Өлген адам жайлы,яғни аруақтар жайлы жаман пікір айтуға болмайды.Жер хабар береді деп үлкендер өнеге айтушы еді.Үлгі көрсетер ағаларымыз не боп барады.Өзгерген адамба,заманба.Қазаннан қақпақ кетес,иттен ұят кетеді деген қайда..жастардан не сұраймыз…

  5. Талгат 11 Сәуір, 2018, 15:01

    Казирги заманнын батыры гой Муктар ага.

  6. Серік қажы 11 Сәуір, 2018, 15:23

    Шындықты аштыңыз! Келер ұрпаққа.үлгі Сіз нағыз батырсыз Ойлан Қазақ

    • Шындык 11 Сәуір, 2018, 21:47

      Ненин шындыгы?Олген, суйеги курап кеткен адам туралы ма?Айткыш болсан шындыкты, тирилердин бетине айт.Олген адам коргана алмайды деп, кырта беруге бола ма?

  7. Руза 11 Сәуір, 2018, 15:30

    Кереметтей ағам…

  8. Қайнар Байбатыров. 11 Сәуір, 2018, 15:54

    Ассалаумағаликум Мұқтар аға.Сіз осы өмірде ақиқат деген бар болатын болса, соны қасқайып тұрып, бетің бар, көзің бар демей тура бетке айта алатын, сол шындық үшін, ақиқат үшін қасықтай қанын емес, шыбын жанын қиа білетін бірден бір адам болатын болса, оны сіз деп білемін, және оны бүкіл әлемге жар саламын.Ақиқат шындық бар, оны адам баласы жақсы көреді, бірақ сіз құсап айта алмайды, қорқады, қаймығады батылы, жігері жетпей жатады.Бұл дүниада ақиқаттан қорықпайтын, оны кез келген жерде айта алатын бірақ адам баласы болды, ол МҰХАМБЕД МҰСТАПА С, А, С, Шындықты айту алмастың үстімен жүру, шың құздың жиегінде тұру, бірақ Алладан бастау алатын ақиқаттың арқанынан айрылмау.Сізге бір Алла жар болсын.Алла сізбен бірге.

    • Асқар Жұмабаев 12 Сәуір, 2018, 16:16

      Менің бір түсінбейтінім:теледидардан біреудің əйел алғанын,біреудің той жасап ақша шашқанын жəне даңғаза концерттерді көрсете бергенше,М,Шахановтың тұнып тұрған тағылым,философияғары толы шығармалары:»Мəңүрттендіру «марсельезасы»,»12-3=?»,»Тілсіздендіру анатомиясы», т, б, шығармалары неге берілмейді, Кəзіргі уақытқа өте сай келер еді.

  9. Қолқоюсыз 11 Сәуір, 2018, 16:17

    Шындықты айту.өсек айту емес.Құдай ұрған оңалар.Аруақ ұрған оңалмас.

    • Қолқоюсыз 11 Сәуір, 2018, 16:55

      Хан Кене туралы шындық ұнамайды,
      не себепті,біреулердің білгісі келмегенімен бе,тарихта шындық қалды.
      Махамбетті кім жазым қылды,оны да айтпау керек пе?
      Алаш арыстарына кім кінәлі,олардың бәрі атылып кеткенде,сахна төріне шыға келгендер кімдер,Абай ғұламаның үрім-бұтағы қайда.сіңірі шыққан тақыр кедейлер билікке қалай келді.

    • Карашаш 11 Сәуір, 2018, 21:53

      Дурыс айтылган пикир.Шындыкты шынбайына тигизип тириге айтады.Шаханов алжыдын, шатырын кетти.Аруактарды козгама, киеси урады.

      • Қолқоюсыз 12 Сәуір, 2018, 07:02

        Тірісінде басқаларды қырып жоюға белсене қатысы болған аруақтардың киесі ?
        Тірісінде дұрыс емес тірлікте бллған аруақта кие болмайды.
        Кие бар Кенесары ханда, Қабанбай әскербасыда, Бауыржан Момышұлында т с . кие деген солай.

        • Қолқоюсыз 12 Сәуір, 2018, 16:50

          Дұрыс айтасыз,қандай адамға әруақ қонады,кісіге,жан баласына кесепат жаса-маған адамға.
          Алтай-Атырау арасын ұрпағына аманаттаған ата-бабамыз әруақты.
          Жерінің бүтіндігін,ұрпағының амандығын,тілінің тазалығын сақтаған,сол жолда құрбан болған батырлар,билер,ер азаматтар,бейбіт күнде дана,жаугершілік заманда пана,қорған болған, әруақты.

    • Қолқоюсыз 12 Сәуір, 2018, 15:51

      Менің бір түс

  10. Саят 11 Сәуір, 2018, 16:25

    Аға сіз батырсыз .

  11. Ержан Оспанов 11 Сәуір, 2018, 17:26

    Қол қоюсыз мырза.
    Сіздіңше Алашорданы құрған байдың балдары үстемдігін құра беру керек еді ғой деймін.

    Сіңірі шыққан тақыр кедей солардың езгісінде құл болып жүре беру керек екен ғой я.

  12. Maxambet Ergaly 11 Сәуір, 2018, 17:57

    ШАХАНОВ – ШЫНДЫҚ ЖЫРШЫСЫ!

  13. Қолқоюсыз 11 Сәуір, 2018, 18:12

    Керемет дəлелмен жазылған жырлар. Мұхтар ағамды қолдаймын. Желтоқсаннан жалпы ұлтымызды қара дақтан арашалап алған сол Мұхтар ағамыз ғой П. ШОРАБЕК

  14. Қара бала 11 Сәуір, 2018, 18:24

    Адам жайдан жай айтпайды ғой. Қандай болса да бір шындық бар.

  15. Аким Бек 11 Сәуір, 2018, 18:49

    » Тарт колынды Мухтардан» атты арнаулы пикир жинау желисин ашуды усынган болар едим

  16. Даулет 11 Сәуір, 2018, 20:06

    Мухтар Шаханов сіздей адам елімізде кемде кем сіз батыл адамсыз рахмет сізге

  17. Серік 11 Сәуір, 2018, 20:36

    Тарихи адамдар жайлы шындық бұлай айтылмайды. Архив материалдарымен бекітілген нақты дәлелмен айтылуы керек. Мысалы жақында Мағжанның қарындасы Мағжанның әйелі Зылиха туралы » Ол Мағжан ұсталғасын бірден тұрмысқа шығып кетті. Мағжан мұрасын сақтаудан да бас тартты. Артынан да іздеп барған емес. Енді Мағжанның жоқтаушысы болып жүр. Мағжан оны ешқашан сүйген емес.» деген ойлар айтты. Ендеше ол кісінің Мұхтар туралы айтқанына да күмәнмен қарауға тура келеді. Тіпті ақиқат болғанның өзінде мұндай айып архив материалдарымен нақты дәлелденуі керек.

    • Турашыл 11 Сәуір, 2018, 22:01

      Әй,шындық айтқыш Шаханов , аруактардын кулагын шулатпай, биликке айтшы шындыгынды.Олгендермен алысканша Кушинди, шындыгынды корейін.Шахановты колдаушы шындыкшылар,айтындар шындыкты биликке.Айтпесе Мухтардан бастап кысындар

      • Қолқоюсыз 11 Сәуір, 2018, 22:12

        Не,шыбық тимей,шіңк ете түстің,айтылады,айтыпта жатыр.
        айтақтап отыра бер,құдай береді,аузыңды ашсаң болды.
        қысқандар,қыстырып ап,отыра берсін,
        қыңсылағандарға бірдеме тиетін болса.

  18. Серік Алматы 11 Сәуір, 2018, 21:24

    Йə , шындық қашан да —ащы , ал өтіріктің аяғы бір -ақ тұтам !!!!

  19. кәдірғазы 11 Сәуір, 2018, 21:46

    мұхтар өзінің де көзі тірісінде бір-екі қатесін айтса өзін қолдаған халықты жиынға шақырмай ұры шалдың сойылын соғып жүргенін мойындап елден кешірім сұраса шыншыл деп санауға болады өзі кінәсіз болып көрінуі жалғандық сондықтан өзінен бастап айтуы керек,

  20. пипт 11 Сәуір, 2018, 21:50

    црпоцрпк

  21. Қолқоюсыз 11 Сәуір, 2018, 21:54

    шындык айтылуы керек.мактаншак казакка шындык жакпайдыешкашанда

  22. Мадияр 11 Сәуір, 2018, 22:20

    Жарайсыз Аға ризамын сізге

  23. Қолқоюсыз 11 Сәуір, 2018, 22:21

    Осыны оқып отырудың өзі ұят . Қаралайтын басқа ешкім қалмаған ба?
    Әруақтан қорқу керек шығар.

  24. Қолқоюсыз 11 Сәуір, 2018, 22:26

    осы да өлең бе, мұндайды сайлаубек те жазады.

  25. Кенжегүл Атешова 11 Сәуір, 2018, 23:49

    Сіз айтқан шындық жағдайларды бала күнімізде əкемнен талай естіп, көңілде тұнып қалыпты. Шындық өшпейді. Талай адамның көкейінде жүреді. Естіген əңгімелерім санамда жаңғырып, əкемді еске алып, көңілім ала-сапран болды. Əкем де көп қарғаның ішінде ақ қарға болып, өмірден өтті. Аман болыңыз. Сіздей адамдар өмірге сирек келеді.

    • Қолқоюсыз 12 Сәуір, 2018, 16:54

      Дұрыс айтасыз,қандай адамға әруақ қонады,кісіге,жан баласына кесепат жаса-маған адамға.
      Алтай-Атырау арасын ұрпағына аманаттаған ата-бабамыз әруақты.
      Жерінің бүтіндігін,ұрпағының амандығын,тілінің тазалығын сақтаған,сол жолда құрбан болған батырлар,билер,ер азаматтар,бейбіт күнде дана,жаугершілік заманда пана,қорған болған, әруақты.

  26. Дала 12 Сәуір, 2018, 02:25

    «Платон менің досым, бірақ ақиқат маған одан да жақын ғой» деген екен Аристотель. Міне, бәрімізге Әуезов те, Жамбыл да, Мырзалиев те тұлға ретінде таныс ғой, бірақ ҚАЗАҚҚА ақиқат пен шындық керек. Егер Шахановтың айтып отырғаны шындық болса, неге біз ақиқаттан қашқақтаймыз? Тараза басының қай жағында ақиқат тұрса сол жағын біздің қазақ ұлты алуы керек. Ақиқаты болмаған тұлғалар – құрбандық. Не болмаса сүмірейіп үндемей отыра беру керек, қайран қазағым!!!!!!

  27. Азамат. 12 Сәуір, 2018, 08:53

    Осы колкоюсызлар неге атын жазбайды

  28. Азамат. 12 Сәуір, 2018, 08:54

    Осы колкоюсызлар неге оз атын жазбайды

  29. Әбу 12 Сәуір, 2018, 09:16

    «Жұма-Назар Сомжүрек мырзаға. Құрметті сыншы, сіз де білмейтініңізді «білем!» деп қалады екенсіз. Атап-атап айтқан «ерлік» туралыңызға менің мына қосымшамды оқығайсыз: Шындық керек!» деп дәуілдеуге шеберміз, бірақ Шындықтың не екенін біле бермейміз. Мұхтардың, мысалы, Жамбылды Сталинді мақтағаны үшін кінәләуі жөн емес Жамбыл екі өмірді көрді: бірі – «арқа етін арша, борбай етін борша еткен», екіншісі – «қағанағын қарқ, сағанағын сарқ» еткен заман. Олай болса, ол, оның орнында басқа жырау да, екінші өмірін қуана мадақтап жырласа, оның несі айып? Жәкең Ленинді, Сталинді Қазақстан басшыларының: «Сізге осындай бақытты қарттық силаған, бәрімізді патшаның, бай-құлақтардың құлдығынан құтқарған көсемдер!» деп ұғындыруымен жырлады. «Көйлегі көк, тамағы тоқ» кезге кім риза болмаған? Жамбыл жырларынан саяси астар іздеу – саяси сауатсыздық. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде марқұм адам туралы айтарда тіліңе құлып салыңдар, оның жақсылығын ғана айтыңдар. Ол бұ дүниедегі қателіктері үшін жауап беретін жерге барды, делінген. М.Шаханов та, «шындықты айту керек, халық, ұрпақтары білсін!» деушілер де – пайғамбардың хадистерін оқымаған, оқыса да «үрритсоқшылдықтары» жеңе беретіндер. Биліктің орта шенінде біраз жыл жүргендіктен білгенімше мыналарды айтайын: 1. Кешегі қанды Желтоқсан себептерін анықтауды, жазықсыз жастарды кінәләуді тоқтатуды, Кремль қаулысындағы «махровый казахский национализм» деген сұмдық сөз үшін оны ойлап тапқандар қазақ халқынан кешірім сұрауын, жалпы Желтоқсан оқиғасының себеп-салдарын зерттейтін, тексеретін, халыққа шындықты айтып беретін комиссия құруды қазақстандық партия мен үкіметтен ашық талап еткен, ол талабын Кремльге мәлім етуді де талап еткен бірінші адам – Сыртқы істер министріміз Михаил Иванович (Хакім Тілегенұлы) Есенәлиев болды. Арнаулы комиссия содан үш айдан кейін құрылды. Есенәлиевтің 2007-жылы «Арыс» баспасынан жарық көрген екітомдық Шығармаларында ресми құжат бар. 2. Мұхтардың Кремль мінберінен, халық депутаттары съезінде, сөйлеуіне Горбачевке записка жіберіп алдап жол ашқан адам – Еркін Әуелбеков. Ерекең таңбалыбас Горбачевпен Жоғары қоғамдық курста бірге оқыған, «сен» деп сөйлескендер.Кәрішал Асан Атаның жазбасында бар. 3. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі, тазалығы үшін күрескендер мақалалары Сәкен Сейфулиннен басталған және одан бертінде, 1970-1990 жылдары жазылғандар да жеткілікті, бірақ оларды Қазақстанның басшылары елемеді. Ал тәуелсіздік келгеннен кейін ашық, батыл сөйлеуге жол ашылды, Мұхтардың бұл жолдағы еңбегі, рас, аз емес, шындық. Ал 1987-жылы Колбин тіл мәселесіне қатысты мәжіліс өткізгенде Мұхтардың қазақ және орыс тілдерін қатар ұстауды қостап, Колбинге: -Уважаемый Геннадий Васльевич, народ считает Вас «Отцом двух языков», это правильно! – дегені де рас. Тек кейінде тезірек өзгере білді. 4.Қазаққа Наурыз мерекесін қайта алып келуге ересен күш жұмсаған, айғай-дабырасыз жүзеге асырған адам – Өзбекәлі Жәнібеков («Тағдыр тағылымы» атты қостомдық еңбегінде айтылған). Міне, осы шындықтарды Мұхтар Шахановтың аузынан естідіңіз бе, кітаптарынан оқыдыңыз ба? Мұхтар әріптесі Олжас Сүлейменовке ұқсас, оң істің бәрін өзі бастағандай сөйлейді, бастаған алдыңғыларды ұмыта береді. Онысы жөн емес. Адам, Азамат үлкен-кіші Ақиқаттан аттап кетпеуге міндетті. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде Адамгершілік жайында да айтылған. Қысқасы, кімді ұнатсақ та, ұнатпасақ та, дақпыртқа ұрынбайық, Шындықтың шегінен шықпайық. Құлағымызға емес, көзімізге сенейік, өйте алмасақ – өтірік-өсекті дуылдата беретін боламыз. Ал сіздің қазаққа келген нәубеттің бәрі өзімізден деген тұжырымыңыз өте дұрыс. Кремльден: «Мыналарды құртыңдар!» деген тізім түскен емес. Егер «үш әріптің» әлі де құпия жатқан, жата беруге тиіс материалдары жарияланса, қазекемнің бүгінгі ұрпағы өзара қырғын жасар еді, – ондайдан аулақ!».
    Сәкен Тілеуұлының осы сайтта 2018, 7 сәуір,21:52 жазған мына пікірін жолдап отырмын, нағыз шындық осында екені деректерінен көрініп тұр. Ал біздің көпшілігіміз: «Шындық! шындық!» деп аттандауға бармыз да, шындықты ұқпауға, өңін айналдыра сөйлеуге шеберленіп алғанбыз. Яғни осындағы шын деректерді мойындап бір ауыз сөз айтпай жүрген М.Шахановқа таңданудың орнына оны орынсыз мақтап, арандата түсудеміз. Жалған шыншылдан жақсылық күтуге болмайды. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерін оқымай, сайттардағы өсек-өтіріктерді теріп, «өлілер туралы шындықты неге айтуға болмайды?» деп өзеуреуші ағайындар, солай десеңдер, онда өздерің білген ақын-жазушылардың қайсысы арақ ішумен, жанжалдасумен, төбелесумен, тілдеумен, қатын тастаумен, арандатумен, ойнас қылумен… жүрді, – соның бәрін «шындық» деген желеумен желпілдете беріңдер, сөйтіп, қазаққа дос еместерге күлкі болыңдар, армандарың, мақсаттарың сол болса.

    • Роза Есекешова Арал қаласы 12 Сәуір, 2018, 12:50

      Сіздің пікірлеріңіз өте нақты ,әрі құнды.Маған қатты ұнады.Бірақ біздің елімізде сіз секілділер аздық етеді,осынысы өкінішті.сізне көп рахмет.Біріншіден мен сүйетін және табынып өскен кешегі Мұхтар мен жамбылдарды ақтап алу өте білімді адамның қолынан ғана келеді.

  30. шал 12 Сәуір, 2018, 10:52

    Жамбыл Өзі Сталинді тікелей мақтаған жоқ, себебі сауаты жоқ. Жаза алмайды. Сталинді «мақтатып» жүрген, айтпағанды айтты деп ақын сөзін «жөндеп» жүрген қасындағы жандайшап аудармашылары. Мұхтарың тарихтан боқ та қақпайды,

  31. жан 12 Сәуір, 2018, 10:57

    Бұл жерде жеке бас мүддесі үшін әруақ болғане Мұқаңды қозғаған, Жамбыл бабамызды түрткілеген Нұрлан Оразалин деген болып тұр. Шындыұ ащы. шындық айтып туғаныңа да жақпайсың күллі халық түгіл, сондықтан Мұхтар Шаханов ағамызға қолдау жасайық, шындық айтар аз кісінің бірі Шаханов. Ал мынадай арандату әрекеті Оразалинді оңдырмайды, өзінің қатесін мойындау да ерлік!

    • Мақсұтбек 14 Сәуір, 2018, 15:40

      Ел мүдесіне қызмет ету екінің бірінен келе бермейтін іс. Ал іспен сөздің бір жерден шығуы нағаз батырлық,ерлік.
      Қазыргі қоғамның. Нағыз батыры қазақ жанашыры Мұхтар Шаханов сияқты ірі тұлғаларды аяқтан шалуды қояйық.Ағайын.

    • Қолқоюсыз 15 Сәуір, 2018, 00:46

      Арандатушы қотыраш-батыраштар,көлгірсуден өзгені білмейтін,жан-жағына өздеріне жағымдыда тиімділерін жинап алғандар шындықты көтере алушыма еді.
      Елдің ішінде баяғыдан мың мәрте айтылған,сынаған,жаңалық емес бірдеңелерді көңірсітіп қоймайды екен.

  32. Айка. 12 Сәуір, 2018, 11:07

    Мухтар ага шындыкты айтты. Неси айып. Тек шыншыл болу керек. Мен колдаймын.

  33. Қолқоюсыз 12 Сәуір, 2018, 11:39

    Ырбигүл мен Жырбибектер жазып отыр ма мұны, өзі айтты емес пе «атақты адамдарды мақтай береміз бе, кемшілігін айтпаймыз ба» деп. Не сонда Мұхтарыңды тек мақтай беру керек пе. Кемшілігін айтсақ бірдеңесі кете ме, бәрін өзі былғап отыру керек пе. Болды, жетер !

  34. Әбу 12 Сәуір, 2018, 22:47

    Иә, мынау «Жан», «Айка» сияқтылар шындықтың не екенінен хабар-ошарсыз екен. Сәкен Тілеуұлының жазғанын оқымаған, не оқыса да – түсінбеген. Бұлардай сыңаржақтарға халқымыз: «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген. Бірақ мынау шашбаушылар бұл сөзді де ұқпайды ғой.

  35. акыл 12 Сәуір, 2018, 23:39

    Мухтар ага кулдык санадан кутылмагандарга окпелемениз шындыкка шыдамаган трайбализмнин кулдары енсенизди тусирмесин Ал кулдарга айтарым жок олар себеби КУЛ гой

    • Қолқоюсыз 15 Сәуір, 2018, 01:00

      Иә,солай сияқты,шойыннан соққан құлдық қамыттан босана алмай бұлқынуда.қамыттан босаса,жүре алмай қалады,тілдері тұсаулы.

  36. Тоғайбай Нұрмұратүлы 13 Сәуір, 2018, 10:28

    Алдында Ресей патшалығының құлдығында, сосын СССР қандыбалақ коммунистерінің қайғы қасіретінде, қазірдің өзінде ресей саясатының ықпалында отырғандықтан екі жүз жылдық құлдық сана әлі жалғасып келеді. Кеңес кезінде Қазақ ССР і жазушылар одағы қазақ ұлтын, тілін, дінін, мәдениетін, тарихын жою үшін қодарынан келгенін істеді. бірақ мысал, осы қылмыскерлер одағына мүше ақын жазушылардың бірде біреуі балаларын қазақша оқытқан емес,балалары қазақша оқымақ түгілі түсінбейтін де болған. Сонда олар өлеңдері мен романдарын кімдер үшін жазды. бұған ешкім жауап бере алмайды.Ал ресей тарапынан екі жүз жылдық отарлау кезінде қазақтың миын кептіріп құлдық сана қалыптастырды. осы құлдық санаға арнап қазаққа ұлы ақын, ұлы жазушы, ұлы ғалымдарды қолдан қалыптастырды.біз оларды әлі ұлы санап келетін себебіміз құлдық психология, сана әлі бұзылған жоқ еді. Мұхтар Шаханов ағамыз осы орта қол ұлылардың кемшіліктерін айту арқылы екі ғасыр қалыптасқан құлдық санаға тұңғыш шабуыл жасады. мұны енді отызға дейінгі азат қазақтың, тәуелсіз жастары әшкерелеп әркімді тарихтағы өз орнына қояды. Алаш арыстары мен атақты от ауызды, орақ тілді ақын жырау, шешен, би бабаларымыз әлі өз орындарын тапқан жоқ.

  37. Атыраулык окырман 15 Сәуір, 2018, 00:30

    Барлык шындык динде-исламда деп жар салатын Асыл Арна каналы кайдагы бир дудамал.тусиниксиз уагыз айтканша.Мухтар Шахановтын олендерин берсендерши.Абай.Жамбыл.Мукагали т.б туралы халык арасында айтылып жургендерди оленмен жеткизген Мухтар айыптыма?

    • Қолқоюсыз 15 Сәуір, 2018, 21:16

      Мұхтар ағамыз шындықты айтқаны үшін ешқашан кінәлі болмақ емес, тек мына сайқалдыққа құралған қоғамда шындықты айтқан адам жағушы ма еді…

  38. Ерлан 15 Сәуір, 2018, 21:14

    Мұхтар ағамыздың ұлты үшін басын ажалға тігіп Кремльде 1989 жылы айтқан жалынды сөздерін қалай тез ұмытып кеттік. Кім не десе де Мұхтар ағамыз қазақ елінің тарихында есімі алтын әріппен жазылып қалатын тұлға! Әттең, біз қазақ тек тіршілікте соңына ит қосып қуып, өмірден өткен соң ғана «жақсы адам еді» деп ұлықтауға ғана үйір елміз…

  39. Сейтжан 18 Сәуір, 2018, 19:00

    Дұрыс халық шындықты білуы тиіс.бары білсін шындықтың қашанда айтылатынын бүкіл халық қарғап өтетінін

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.