Астана тұрғыны 1 бөтелке сыра үшін 96 мың теңге төледі

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі алкогольді өнімдерді 21 жасқа дейінгі тұлғаларға сату фактісі анықталды деп жазады ҚазАқпарат.

ІІД Жергілікті полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, Гете көшесінің бойында орналасқан  дүкендердің бірінде сатушы этил спиртімен тең, төрт пайыздан асатын алкогольді «Кружка свежего» сырасын, 1997 ж.т. П. есімді азаматқа сатқан.

Алкогольді өнімдерді сатып, ҚР заңын бұзғаны үшін 1972 жылы туған Р. есімді дүкен иесіне ҚР ӘҚБтК 200-бабының 1-тармағы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу»  бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

«Астана қаласының Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен  Р. есімді азаматшаға 40 АЕК (96200) көлемінде айыппұл салынып, 1 ай мерзімге дейін  алкогольді өнімдерді сату лицензиясы уақытша тоқтатылды», - делінген баспасөз баянында.