"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Әкежан Қажыгелдин Брюссельде қандай мәселелерді көтерді?

Көп қазақстандықтар үшін еліміздің елге танымал бір топ журналистері мен саяси сарапшыларының Бельгия астанасы Брюссель қаласында шет елдегі оппозициялық бағыттағы қазақтармен кездесіп жатқаны туралы хабар тосын жаңалық болды. Алайда, мемлекеттік құрылымдар мен билік бұдан хабарсыз болды дей алмаймыз. Себебі, алдын ала визалар мен билеттер алынып, қонақүйлерге тапсырыс беріліп жатқанда, бұл жағдай оларды түшкіргеніне дейін бақылап отыратын биліктің назарынан тыс қалыпты деу ақылға қонбайды. Сондықтан, бұл кездесуге біздің билік тарапынан «үнсіз келісім» болған сыңайлы.. Әйтпесе, оларды жібермеудің небір амалдары құрып қалды деймісіз…

Енді, келесі ойды осы ойдан өрбітер болсақ, онда «Билік не себептен бұған келісті?» деген заңды сұрақ туындайды. Ең қиын әрі түйінді сұрақ осы ма деймін. Оған шамамаен мынадай болжамдар жасауға болатын шығар:

Біріншіден, бұл мәселе Еуропарламентпен алдын-ала келісілген іс-шара болғандықтан, билік тарапы қазақстандық делегацияға қатаң шаралар қолданудың соңы қандай «жауапқа» ұласатынын ұққаннан болуы мүмкін;

Екіншіден, Әкежан Қажыгелдин мәлім еткендей, ондағы көтерілетін мәселенің бірі − «ұрланған қазақстандық капиталды елге қайтару» мәселесі. Ал, бұл мәселені өткен жылы да, биыл да Елбасының өзі бірнеше мәрте биік мінберден айтқан болатын. Ендеше оған билік неге қарсы болуы керек? Оның үстіне, ол мәселе жанама түрде болса да Әблязовке де, Храпуновқа да қатысы бар емес пе?

Үшіншіден, Қазақстаннан барған 7-8 адам ол жақтан қосылған соншама адаммен бірігіп «Жаңа Қазақстан» деген партия құруы мүмкін дегеннің тек қауесет екенін, олардың ондай қадамға ешқашан бармайтынын билік алдын ала білгенге ұқсайды.

Төртіншіден, өздеріңіз байқап отырғандай, онда жиналған қазақстандық саясаттанушылар «құр айқайдың» адамдары емес екендігі. Өзімізге белгілі Айдос Сарым мен Расұл Жұмалы да, Дос Көшім де елімізде саяси мәселені мәдениетті түрде қоя алуымен ерекшеленетін тұлғалар. Бір жағынан олар өздерін «ұлтшыл-патриоттар» қатарына жатқызады. Сол сияқты, саясаткер Әміржан Қосанов та кейінгі кезде өзінің конструктивті ұсыныстарымен жиі шыға бастады. Ал Ермұрат Бапи − ақпараттық қолдау көрсетудің хас шебері. Міне, осыдан-ақ ол кездесуге тосқауыл қою қазақстандық билікке еш тиімсіз екенін көреміз.

Бесіншіден, Еуропарламенке ұлтшыл азаматтардың көптеп шақырылуы − «қазақстандық ұлтшылдықтың» «мемлекетшілдікпен» ұштасып кеткеннін, ұлттық қозғалыстың мемлекеттік дамудың ажырамас бөлігіне айналғанын білдіреді. Ал, ол позиция, айналып келгенде, президент Н.Назарбаевтың өткен жылы жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен және биыл ғана айтылған «Қазақ халқының мемлекеттік жауапкершілігі» сөзімен үндесіп жатыр.

Шын мәнісінде, табиғат заңы бойынша еліміз билік ауысуының транзиттік кезеңіне − ол қаласа да, қаламаса да − үздіксіз жақындап келе жатыр. Оны сезген ОСДП партиясы биыл «Сайлау туралы» жаңа Заңды қабылдауды ұсынды. Брюссельдегі «ақылдасу тобы» да бұл мәселені айналып өте алмайды деген ойдамын. Бірақ, олар «Сайлау туралы» заңның өзгермейтінін білмейді емес, біледі. Сондықтан, олар осы − қолданыстағы, әділетсіз сайлауға саңлау ашып қойған заң аясында «әділ сайлауды қалай өткізу» мәселесін де талқылап, оның тактикалық жағына тоқталуы мүмкін. Бұдан Қазақстан билігіне төніп тұрған еш қауіп жоқ!

Кешелі бері, әлеуметтік желілерде  біраз ағайын «ашулы» кейіп танытып жатыр. Олар кездесушілерді «ақордашылдар» деп кінәлауда. Бірақ онымен келісе алмаймыз. Себебі, елдің болашағы талқыланатын кез келген шараны біз құптауымыз қажет. «Неге мен емес!» деген амбицияның бұл жерде еш қажеті жоқ! Ол азаматтар Брюсселге «қыдырып қайту» үшін бармаған болар − Брюссель оларға таңсық қала емес!

Әбдірашит Бәкірұлы,

Abai.kz





15 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. оқырман 11 Сәуір, 2018, 11:55

    түк түснсем осылар ағайындар биліктің қол балаларыма , басым қатты мүмкін емес мүмкін дегендеи шақшадай мыйым бар еді олда жасамай түк түсінбеи отырмын егер білетіндер түсіндіріп жіберіңдер тек двк-ға қарсы құрлып жатқан әрекет демеи кеңінен ашып кім түсіндіре алады

  2. Қолқоюсыз 11 Сәуір, 2018, 13:32

    «Құлақтар»

  3. Қолқоюсыз 11 Сәуір, 2018, 13:33

    «уши» или «ухи»

  4. Қолқоюсыз 11 Сәуір, 2018, 14:35

    Ұрланған қаржы қазынаға қайтарылып, елдің жайы мен күйі өз дәрежесінде шешіліп жатса, қай партия болса да жұмысының жемісті екені белгілі. бірақ, бұлар партия құрмаған. тек кездесуге барған ресми тұлғалар ғана сықылды. Елдікке жете білсек -сол жеңіс!

  5. Ш.З.Д. 11 Сәуір, 2018, 14:41

    Басқосудың басты мақсаты Нұрсұлтан Назарбаев тақтан түскеннен кейін орынына кімді отырғызуды және Қазақстан саясатын қалай өзгертуді болжау, немесе жоспарлау.

  6. Жұмыссыз 11 Сәуір, 2018, 20:59

    Қазақта бір сөз бар еді , сол есіме түсіп тұр !! » Бүйректен —-сирақ шығарып» — деген , соның кері келмесін !!!

  7. Бақытбек 11 Сәуір, 2018, 21:27

    Халықтың, мемлекетіміздің болашағын ойлап, мәселелерін талқылаған қандай да болсын жиын пайдалы. Бұл жиынға қазақтың мұқтажы үшін ұзақ уақыт толассыз күресіп жүрген Дос Көшім, Айдос Сарым, Расұл Жұмалы сияқты щоқтықтары биік азаматтардың қатысуы көңілге сенім ұялатады. Жыртыспайық ағайын.

    • көше баласы 12 Сәуір, 2018, 01:10

      дәл айтың бірақ бірақ деген ои мазамнан кетер емес ел жер деп жүрген жігітер , биліктің сөзін сөилеп жүрме не шынайы елдің жағдайын оилап жүрме деген маған әбілиязов деген бір тыйын мені мазалап отырғаны шынайы ел жанашырларының қозғалысыма деп қуанып біржағынан не шынайы нәнің не көсемнің неше жылдан бері дайындаған балдарыма деп басым қатып отыр

  8. кәдірғазы 11 Сәуір, 2018, 22:01

    бұлар қуыршақтар емес пе. егер билікке қарсы болса билікке келем деп аблязовқа ұқсап жар салады. бұлардың сынайтындары кәкір-шүкірлер ал көкелерін сынауға дәрмендері жоқ.

  9. оқырман 12 Сәуір, 2018, 19:56

    араларыңа МҰХТАР ағаны қосаңдар шыны менен ел қосғалып биліктегілердің астан кестеңі шығады қәзір елдегілер сендерді түсінбеи оиларын сан саққа жүгіртіп отыр түсінбеи биліктің қоилымыма деп ағалар араларыңа елдің жан айқайын жеткеріп жүрген ағаларды қастарыңа тартыңдар сонда үлкен қозғалыс болады

  10. оқырман 12 Сәуір, 2018, 19:58

    ана жерде ШАХАНОВ дегенім және басқа Мұқтарлар жайлы емес ШАХАНОВТЫ тартыңдар

  11. Қолқоюсыз 13 Сәуір, 2018, 12:34

    Бас қосулары өте орынды. Елдің ертеңін ойлайтын азаматтар бас қосып ақылдасып жатса неге қолдамасқа.Қазақ елін көтеретін уақыт жетті ғой. Халықтың жағдайы, күнкөріс деңгейі күннен күнге төмендеп бара жатыр емес пе.Халықтың жағдайын көтеруге қазіргі Үкіметтің шамасы келмей жатқан жоқ па .Ел аман болсын ағайын. Ел жағдайын көтерем дейтін азаматтар табылып жатса қолдау жасайық,сенім артайық.

  12. Қолқоюсыз 15 Сәуір, 2018, 12:48

    Ел билігі шеше алмаған мəселелерді барып тыңқитып ақшаны қайтарып немесе басқа да маңызды мəселелерді шешеді дегенге өз басым сенбеймін.Құр далбаса

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.