"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Прокуратура: Әблязовтің үстінен Тәтішев өлімі бойынша іс қозғалды

Қуғындағы саясаткер Мұхтар Әблязовтің үстінен «банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырды» деген айыппен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады Қазақстан Бас прокуратурасына сілтеген BNews.kz сайты.

БАҚ-тың ресми сауалына жауап берген бас прокуратура Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастыру фактісі бойынша Әблязовке қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын айтқан.

«Мұхтар Әблязовті экстрадициялау және одан ары қылмыстық жауапқа тарту мәселесі сотқа дейінгі тергеу аясында Қазақстан заңдарына және халықаралық келісімдерге сай қаралады» деген бас прокуртура.

2004 жылы желтоқсанда аңға шыққанда мерт болған Ержан Тәтішевтің қазасынан кейін «ТұранӘлем» банкі басшылығы қайғылы оқиғаның саяси астары жоқ әрі бәсекелестік тартыстың кесірі деп санамайтындарын мәлімдеген. Ал 2017 жылы құзырлы органдар «Казстройстекло» компаниясының бұрынғы иесі Мұратхан Тоқмәди «Ержан Тәтішевті аңға шыққанда қасақана өлтіргенін және өзіне тапсырысты Мұхтар Әблязов бергенін мойындағанын» мәлімдеген.

Жамбыл облыстық соты наурыздың 16-сы күні «ТұранӘлем банк» басшысы Ержан Тәтішевтің қазасы бойынша бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиді айыпты деп танып, 10 жыл 6 айға соттаған.

2017 жылдың сәуір айында Әблязов шетелде тұратын қазақстандық жақтастарымен бірге «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысын құратынын жариялаған. Қозғалыстың мақсаты «Қазақстанда демократиялық реформаларды жүзеге асыру» деген. Астана соты 13 наурызда Қазақстанда ҚДТ қызметіне тыйым салып, «экстремистік топ» құрамына енгізген.




Осыған ұқсас:

  1. Прокурор Мұратхан Тоқмәдиді 12 жылға соттауды сұрады
  2. Мұратхан Тоқмәдидің сотында куәгер жаңа деректерді жайып салды
  3. Атамқұлов Тоқмәдидің адамгершілікке жатпайтын әрекетінен түңіліп кеткенін айтты
  4. Куәгер Тоқмадидің Тәтішевті қалай өлтіргенін айтып берді
  5. Қылмыс әлемінің серкесі Мұратхан Тоқмәди БТА банк төрағасын өлтіргені үшін сотталады

Facebook арқылы пікір жазу



5 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 11 Сәуір, 2018, 15:17

    Бар қаржысын қазынаға құйып, сосын құра бермей ме құратын партиясын!

  2. Белгісіз 11 Сәуір, 2018, 16:44

    Қашқындарды сыртынан соттау деген дәстүрге айналған ба? Әлде бұл да халықты алдап көзбояушылық жасаудың тиімді тәсілі ме? Бұрын Мұқтар Әлиевті де сыртынан соттап, ұстай алмай, ақыры өліп пе, өлтіріп пе, тынған жоқ па? Мықты ұстап әкеліп ел алдында ашық сот қылып соттамай ма? Мынау не баланың ойыны сияқты. Бұл да Әлиевке жасалған сценарийдің көшірмесі сияқты. Әлде мұның да саяси астары бар ма? Түсінсем бұйырмасын.

    • 12 Сәуір, 2018, 06:33

      Әбіләзовқа қыйын болды, қылмысом больше, қылмысом меньше.
      Қылмыс болдыма болмадыма одному Аллаху ведомо.
      Бізде әйтеуір былшылдатып, соттай беру керек.

  3. Белгісіз 12 Сәуір, 2018, 00:21

    шындык о дуниеде

  4. 12 Сәуір, 2018, 06:33

    Әбіләзовқа қыйын болды, қылмысом больше, қылмысом меньше.
    Қылмыс болдыма болмадыма одному Аллаху ведомо.
    Бізде әйтеуір былшылдатып, соттай беру керек.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.