"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



АҚШ санкциялары салдарынан ресейлік миллиардерлер бір күнде 12 млрд долларынан айрылды

АҚШ-тың жаңа санкцияларынан ең бай 50 ресейліктің бір күнде 12 миллиард долларға дәулеті кеміді деп жазады centralasian.org.

Санкциялық тізімге енген бизнесмен Олег Дерипасканың дәулеті бір тәулікте бір миллиард долларға кеміген. Оның «Норильский никель» компаниясындағы әріптесі Владимир Потанин да дәл сондай қаржы жоғалтқан. Аталған кәсіпкерлерге тиесілі компаниялардың акция құны айтарлықтай түсіп кеткен. «Қара тізімге» енген Виктор Вексельберг те бір млрд доллар жоғалтқан. Нарықтың құлауынан Сулейман Керимов, Леонид Михельсон, Геннадий Тимченко, Владимир Лисин, Роман Абрамович, Вагит Алекперов және Алексей Мордашов секілді ресейлік кәсіпкерлердің дәулеті кеміген.

Санкция салдарынан ВТБ банкі, «Русал», «Мечел», «Норильский никель» компанияларының акциясы азайды. Әлем нарығында құнды қағаз түскеннен кейін, ресейлік рубль бағамы да бірден құнсызданды. 2016 жылдың тамызынан бері бір еуро 74 рубльге бір-ақ көтерілді. Доллар бағамы да 59 рубльге көтерілді.

Дерипаскаға тиесілі En+ компаниясы да «қара тізімге» енгеннен кейін, директорлар кеңесінің екі мүшесі қызметінен кетті.

6 сәуірде Құрама Штаттар Ресей азаматтары мен жеке компанияларға қатысты жаңа санкциялар енгізді. Бұл шектеулер былтыр Конгресс қабылдаған Америка қарсыластарына қарсы тұру заңына сәйкес болып отыр.




Осыған ұқсас:

  1. «Астана Банкі» лицензиясынан айырылды
  2. Зейнетақы жинақтарының 32 пайызы шетел мемлекеттерінің валюталарына салынды
  3. Жаңа санкция: АҚШ құны 200 миллиард доллар тұратын Қытай экспортына қосымша салық енгізбек
  4. Доллардың қымбаттауы зейнетақы қорындағы қаражатқа қауіп төндіруде
  5. Апта басында ақша айырбастау орындарында доллар 381 теңгеден сатылып жатыр
  6. «Еуразиялық одақ Қазақстанды етегінен тартып, төменге сүйреуде» – Досым Сәтпаев

Facebook арқылы пікір жазу



7 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 10 Сәуір, 2018, 18:55

    Теңгемізге не болар екен.

  2. 10 Сәуір, 2018, 20:52

    Не болсын рубль агасымен бирге кулдырайды

  3. Белгісіз 11 Сәуір, 2018, 01:43

    тенгебай агасымен кулдырап жатыргой биздин олигархтардан уикынын мазасы кеттимекен агаларын оилап.

  4. Белгісіз 11 Сәуір, 2018, 09:56

    Біздің «көпқырлы», «көпсалалы» шенділер енді басқаша сайрай бастады, о баста ресейге салынған санкция бізге еш әсер етпейді деп көкіп еді, енді неге «басқаша» сөйлей қалды. Ресейден тауар алмасақ аштан қаламыз ба, өзге елдер де сол сападағы тауарды қуана жеткізіп береді, бәлкім одан да арзан бағаға, әлде шенділер «үлестерінен» қағыламыз деп қауіптеніп, күңіреніп отыр ма?!

    • 11 Сәуір, 2018, 10:13

      Алыс-беріс,ортақ бизнес барда.
      Не үшін көттесіп қалды деп ойлайсыздар.

  5. Белгісіз 11 Сәуір, 2018, 17:59

    Уақыт бар да Ресеймен саясатты қайта қарау керек. Кейін кеш болып жүрмесе екен.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.