Назарбаев: «Сағадиев дұрыс жолда келе жатыр»…

2560
27
Бөлісу:

Сағадиев дұрыс жолда келе жатыр! Ақордаға Білім министрін шақыртқан Елбасы осылай деді.  Еліміздің бас мұғалімін мақтаған президент оған ерекше үміт артып отырғанын да жасырған жоқ.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Білім беру жүйесінде жаңғыру жүріп жатыр. Жалақысын көбейтіп жатырмыз мұғалімдердің. Жоғарғы білім беру саласында қанша мәселелер бар. Оңай емес барлығы. Сенің мойныңда үлкен жүк бар. Өте көп міндет бар, өте көп үміт бар. Мен білем жұмысты істеп жатқаныңды барлық жағынан. Көп нәрсені өзгертіп жатырсың, дұрыс жолда келе жатырсың.

Жылы сөзге жаны семірген Сағадиев та қарап алмады. Елбасының жұмыс үстеліне қағазға басылған жоспарларын жайып жіберіп, біраз көсілді. Сөзіне сенсек, биыл балаларды бақшаға орналастыру қиындығы толық шешіледі. Үш ауысымды жою мен тоз-тозы шыққан мектептерді жөндеу де біртіндеп азайып келе жатқанын айтты.

Сондай-ақ Ерлан Сағадиев 2019 жылдан бастап 10,11,12-ші сыныптарда химия, физика,информатика,биология пәндерінің ағылшын тілінде оқытылатынын еске салды.

Бұл үшін мұғалімдер қазіргі таңда жаппай курстарға жазылып тіл үйреніп жатыр. Осы жерде Білім министрі ағылшын тілінде бала оқытатын ұстаздардың жалақысына 35 мың теңге қосымша ақша төленетінін айтуды ұмытқан жоқ.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 27 пікір жазылған

  1. Ханшайым 10 Сәуір, 2018 13:12 Жауап

    Жоғары сыныптарда ең қиын деген химия, физика, информатика, биология пәндерін ағылшынша оқытудың жалпы білім беруде қаншалықты тиімділігін министр ойланды ма екен? Ол үшін әр мектептің осы пәннен сабақ беретін мұғалімдері ағылшын тілін жетік меңгеруі керек. Ал бір-екі айлық курстан ол мұғалімдер қалай жетік білетін маман болып шықпақ? Тіпті оларға осындай талап қоюдың өзі дұрыс па? Қазірдің өзінде мұғалімдіктен бас тартып жатқандар аз емес. Бұл пәндерді қазақ тілінде оқытудың қиындығының өзі жетіп артылмай ма? Арнаулы тереңдетіп оқытатын гимназияларда т.б. жекелеген пәндерге қабілетіне қарай таңдалған сыныптарда болса бір жөн. Және де бүгінгі күні ағылшын тілін меңгеруге талабы бар оқушы үшін қосымша білім алудың жолдары жоқ емес.Бұл мәселені әркім өзінің қажетіне, сұранысына, қабілетіне қарай шешпек. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерге бұл пәндерді ағылшын тілінде оқытуд артық тыраштану, мамандарға артық бас ауру тауып бергендігіне неге көз жұмып қарауға болады? Одан да ағылшын тілінен мұғалім таппай отырған ауыл мектептерінің жайын шешпей ме?

    • Arystan 11 Сәуір, 2018 11:13 Жауап

      Қазақ болашағын ойлайтын, барлық азаматтар Елбасыға ашық хат жазып, қазіргі білім саласында іске асып жатқан реформалар болашақ ұрпақты мәңгурттеніп, ой санасын ұлап, тек маңсап, дүние ойлайтын ұрпақ қалыптастырамыз. Барлық білім беретін ұйымдар балабақшадан бастап, жоғарғы оқу орнына дейін тек Қазақ тілінде болу міндетті, сондай талап қою керек Үкімет алдына. Егер олар бұған құлақ аспаса басқа Үкімет келу керек, Ел мүддесін ойлап, қорғайтын.

      • Гүлзи 14 Сәуір, 2018 11:51 Жауап

        Өте дұрыс айтасыз оқушы балаларды мəңгүрт қылатын болды қазаншы болды бұл министр сымақ қайдан құлақ шығарсада ойына не келсе соны шығарып

  2. Талап 10 Сәуір, 2018 13:40 Жауап

    Бір адамның көңілінен шықса болды. Халықтың ой-пікірі бұл жерде маңызды емес. Соқыр тауыққа бəрі – бидай.

    • Қолқоюсыз 10 Сәуір, 2018 14:36 Жауап

      Шал шалға айтты,баласы кірді.
      Өйтіп жатырмын,бүйтіп жатырмын,қатырып бәрін ағылшынша зарлатып жатырмын,өй,мұғалім атаулы сарнап тұр ағылшынша,бөскен ғой.
      Ау,ағылшын тілі тамақ болама,үй болама,оны білген елдердің бәрі кәмунизмде өмір сүріп жатыр ма.әйтеуір,алжып атырмыз,көштен қалмайық,әмірике,рәсейіне күзкинді көрсетем деген баяғының бір шалықпасы.

  3. ШЗД. 10 Сәуір, 2018 15:57 Жауап

    Қысқасы Қазақ елі деген атымызды ағылшын халқы деп ауыстыра салайық та… Өңкей шошқалар! Тұқымымызды тұздай құртатын болды, әбілет басқырлар!

    • Қолқоюсыз 10 Сәуір, 2018 16:39 Жауап

      Түріміз қытай,тіліміз инглиш,жегеніміз бич-пакет,кигеніміз қытай-шәркей,шақай.
      Қанымыз қазақ еді,олда сұйылып-аралас-қоралас болып,құдай сақтасын,не боп барады өзі.

      • Қолқоюсыз 14 Сәуір, 2018 12:12 Жауап

        орыс-ағылшынды қосып шатпырақтап,қазақ тілі әдірәм қап,шатып-бұтып,оны қата-мата латын қарпіменен жазып,бір-бірімізді ұқпай,бас десе құлақ деп,ит деп жазып,доңыз деп оқып,кәрөче,басты қатырады.

  4. Серік Алматы 10 Сәуір, 2018 19:49 Жауап

    Қазақтың болашағын құрту реформалары( Химия , биология , физиканы ағылшынша оқыту , əлі оңы мен солын , ана тілінде танып үлгермеген балаға , ағылшынша оқыту ,..т.с.с ) дұрыс жол деп айтса , оны былай түсіну керек : Қазақты құрту саясаты жүріп жатыр деген сөз –,, менің түсінігімше ????

  5. Қолқоюсыз 10 Сәуір, 2018 20:54 Жауап

    El basyna bireylerden tapsyrma kelgen. Sol tapsyrmalardy tez opyndau ushin jan talasyp jurgoi baigus. Aitpese ujymaqqa qa byldanbai qaladygo. Al cagadiev komektesse oganda ujymaqtan aibat ekibqabat matrasy bar qus korpesi bar oryn alyp qoiadygoi kokesi.

    • Қолқоюсыз 11 Сәуір, 2018 10:28 Жауап

      Онда НЕГЕ отыр ? Кеше столдың астына кір десе кірейін деп отыр. Өзінің мнениесы ЖОҚ…

      • Қолқоюсыз 14 Сәуір, 2018 12:18 Жауап

        Бұлар бар ғой,терісқақпайлар.
        Теріс жүріп,теріс тұрып,теріс сөйлеп,желге қарсы шаптырып,суға сиіп,ңыңңата ысаб деген сияқты ма.мектепте осылай оқып,жазушы едік,үлкендер түсініп қоймасын деп.

    • Гүлбану 15 Сәуір, 2018 01:20 Жауап

      Сағадиевті Елбасының тапсырмасын асыра сілтеп орындау үшін министр етіп қойғаны айдан анық болды. Енді ол суға салса кетпей, отқа салса күймейтін супермен болды ғой.

  6. Қолқоюсыз 12 Сәуір, 2018 07:22 Жауап

    Аталмыш пәндер ағылшынша оқытылатын болса, қазақша ғылыми тіл қалай қалыптасып дамиды? Ол жағы да ойластырылған шығар?

  7. Назар 13 Сәуір, 2018 13:05 Жауап

    Ұлт болашағына балта шабылып жатыр. Ағылшын тілін білуге қарсы емеспіз, бірақ балаға бастауыш сыныптың бірінші , екінші сыныбынан тіпті бала бақшадан бастап үйретілуі нағыз адасқандық. Ал жоғарғы сыныптарға аталған пәндерді өздері ағылшын тілін шала білетін мұғалімдер қайтіп терең үйрете алады. Бұл қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ дегенге келеді. Қазір халық сауатсыз емес. Ненің дұрыс бұрысын біледі. Бірақ өзін данышпан санайтындар халық пікірімен санасатын емес.

  8. Қолқоюсыз 14 Сәуір, 2018 09:02 Жауап

    Қазіргі мектептерде енгізліп жатқан жаңартылған бағдарламалар жəне оқулықтар жөнінде баспасөзде жарияланған пікірлер, соның ішінде Мәжіліс депутаты, көп жыл мектеп директоры болған одан қалды Сағадиев мырзаның балаларын оқытқан мектеп ұстазының, қатардағы қарапайым ұстаздардың пікірлері неге құлаққа ілінбейді? Аталмыш зияткерлік мектептің бағдарламасын күштеп енгізіліп жатыр. Оның нәтижесі аса айтарлықтай да емес. Балаларды тек интернетке байлап, өздерің білім табыңдар деп, көздерінен қөз қалмай, жүйке ауруына шалдықтыратындай етіп жатқан жағдай бар …

Пікір немесе жауап жазу