"Шапырашты салаты": Рулардың атымен аталатын ас мәзірі елдің қызу талқысына түсті

Елімізде ру атымен аталатын тағамдар жұртты қайран қалдырды. Бұл туралы stan.kz хабарлады.

Тамақтаны орнындағы ас мәзірінің суретін Айдос Жұқанұлы есімді желі қолданушысы жүктеді.

Желі қолданушылары мәзірден өз руын іздеп әбігер болды. Бірі мұны адам назарын аудару үшін жасалған жарнаманың бір түрі десе, енді бірі мәзірге ру жазуды қолдамайтынарын жеткізді.