Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Президентінің көмекшісі болды

Елбасының Жарлығымен Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы  болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылсын",- делінген Жарлық мәтінінде.