"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қазақстанда Telegram желісі бұғатталуы мүмкін

Қазақстанда Telegram мессенджері бұғатталуы мүмкін немесе мүмкіндігі шектеледі. Бұл мәселені ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қарастырып жатыр.

Бұл туралы министр Дәурен Абаев өз блогында айтты, деп хабарлайды Stan.kz. Қазақстандықтардың бірі өзінің рұқсатынсыз Telegram-дағы Әблязов құрған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысының арнасына  қосып қоятынын айтып, шағымданды.

Қазақстандық Гүлжауһар Исабекова өзінің пәрменісіз қозғалыстың тобына наурыз айында қосып қойған.

“Бұл Қаазақстанда экстремистік топ деп танылған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысы”. Әлеуметтік желідегі мұндай топтарды Telegram әкімшілігі арқылы бұғаттауыңызды өтінемін”, – деп жазды ол.

Министрдің жауабында, Telegram әкімшілігіне сот шешімін жүзеге асыру туралы ресми хабарлама жіберілген. Онда Қазақстанда тіркелмеген қозғалыстың материалдарына шектеу қою немесе желідегі тобын бұғаттап тастау сұралған.  

“Егер жіберілген хабарламада жазылған сот үкімі орындалмаса, Telegram желісі бүкіл Қазақстан аумағында бұғтталатын болады”, – деді Абаев.

13 наурызда Қазақстан бас прокуратурасы Әблязов құрған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысын экстремистік топ деп таныды.





2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Баубек 4 Сәуір, 2018, 15:35

    Телеграмм, түгіл майл ру, однокласники, в контакте қазақстан аймағында жабу керек, қарап отырсам, бақылағаным, бұлар жазған посттар үшін ешқандай жауапкершілік алмайды, менімше бұл орыстардың геосаяси саяси технологиесі сияқты, қазақстандағы ақпарат кеңістігін өз ықпалында сақтауға ұмтылатын сияқты, бұл ертең біздің егемендігімізге кедергі болуы мүмкін, менің білуімше, қазақстан азаматы BK-да таратылған кері діни ағымға пост жазамын сотталған. Менімше, қазір қазақстан ақпарат кеңістігін, әсіресе ресей жағынан тазартуға күш салу керек сияқты.

  2. Вова 4 Сәуір, 2018, 21:20

    РЕСЕЙДІҢ 5 СӘУІРГЕ ДЕЙІН ТЕЛЕГРАМ ТАЛАБЫН ОРЫНДАЛМАСА БҰҒАТТАЛАДЫ.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.