ШҚО-да тағы бір ауданды су басты

Зырян ауданы әкімінің бұйрығымен аталған аумақта төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зырян ауданындағы өзенде су деңгейі көтеріліп, салдарынан 300 үй мен 160-қа жуық ауланың аумағын су басқан. Кеше Бұқтырма өзеніндегі жағдайды бақылау үшін «Қазавиақұтқару» АҚ-ға қарасты үш тікұшақ пен облыстық әуеқұрылымдарының өкілдері жағдайды бақылаған.

Аталған тікұшақтың бірінде ШҚО әкімі және облыстық департаменттің бірінде Нұрлан Мадияров болған. Кеше Зырян және Бесқарағай аударында мұзды жару жұмыстары басталды. Ертіс өзеніндегі мұздың кептелуін болдырмау үшін мамандар 5 мың келі жарылғыш затты пайдаланған.

Мұзды жару процессі бүгінде жалғасады. Бұл жұмысты «ВостокВзрывПром» ЖШС мамандары жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында Аягөз, Глубокое, Шемонаиха аударында және Семей қаласында төтенше жағдай режимі сақталып отыр.