АНАҒА ТАҒЗЫМ

2415
0
Бөлісу:

     Кез-келген қоғамда адам жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ананың ақ сүтімен, әлпештеп өсіруімен яғни ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана болу –­ бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды. Ол арқылы оның жаны нұрланып, нәрлене түседі. Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгуі арқылы әлем нұрланады. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген перзент еліне елеулі, халқына қалаулы  азамат болары хақ.

Қазіргі таңда қоғамда үлкен қасірет пайда болды. Нақтырақ айтсақ, баланың анаға емес, ананың балаға деген сүйіспеншілгінің  жоғалуының салдарынан жеке басының қамы үшін жазықсыз жаңа туылған шарайналарды тастап, одан қалды жастар арасындағы жасанды түсік жасатып не болмаса жетімдер үйіне өткізіп жүрген жандардың қарасы  күн санап құмырысқадай көбеюде. Ұрпақ үшін төнген қауіп  туралы жаңалықтар және интернет жүйелері арқылы тарап жатқан тәрбиелік мақсаттағы насихат жұмыстары  жеткіліксіз болып тұр.  Сондықтан да елімнің азаматы ретінде өрескел қателіктердің алдын алу мақсатында перзентханалар,  жетімдер үйі және мектептердің алдына «Анаға тағзым» атты анамен бала бейнеленген ескерткішін орнату жобасын ұсынамын. Осы ескерткішті көрген әр ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін артыра түсетініне сенімдімін. Себебі, күнделікті  көз алдында бейнеленген мүсінді көрген  ақыл есі дұрыс, санасы бар жанды ойландырары белгілі.

 

Қазақтың санасында түсік тастау, жетімдер мен перзентханаға баланы тастау деген ұғым болмаған. Ана сүтін еміп, қазіргі таңда бала сүйіп, немере тәрбиелеп отырмыз. Болашақтың қамын ойлайтын  сіздер мен біздер екенімізді ұмытпағанымыз абзал.

«Анаға тағзым» жобасының  аясында ескерткіштен бөлек, жыл сайын дәстүрлі түрде аналарды  ардақтауға, ананың балаға деген махаббатын, сүйіспеншілігін насихаттау мақсатында руханиятты байытуға арналған концерт өтеді. Елдің болашағы – ананың құрсағында екенін ұмытпайық!

                                                                                                                                                    Эдик Омарбеков

qazaquni.kz 

 

 

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

2 × 1 =