Бас прокуратура елдегі барлық сауда нысандарын тексеруді тапсырды

3248
2
Бөлісу:

Өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы бұзушылықтың алдын алу мақсатында Бас прокуратура өртке қарсы қызмет органдарына барлық республика бойынша сауда нысандарын жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыруды тапсырды, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ұлттық порталы Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі ай ішінде 1,5 мың шаршы метр және одан да үлкен құрылыс ауданы бар 1151 нысанды қамту жоспарланған.

Сауда нысандарынан басқа, прокуратураның талабы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқуды жүзеге асыратын жеке мекемелер, сондай-ақ жалпы білім беретін оқу орындары тексеріледі.

Аталған іс-шаралардың мақсаты – өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзып отырған нысандардың қызмет жолын кесу, осындай іс-әрекеттерге ықпал ететін себептерді жою.

Өртке қарсы қызмет органдары осы жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған сауда орталықтарын ғана тексере алатынын атап өтеміз.

Уәкілетті мемлекеттік органдарға адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупі болған кезде жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсыру құқығы прокуратура органдарына тиесілі.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. шал 1 Сәуір, 2018 10:18 Жауап

    аи аиналайын бас прокурор шымкалада бауыржан селтанов деген генерал полковник шыгыпты абай ауылындагы ауыл аксакалына кысым корсетип жатыр екен ана баланын исин белсенди инилеринди токтат жаусын исти болмаса подляние истетип сени соттатып жиберем депти осы истиде тексертип жиберсениз жаксы болар еди халык кутип отыр адилдикти.юг та аким калмаганау деим г полковниктер оиына келгенин истесе.

Пікір немесе жауап жазу

он тоғыз + 11 =