Шымкентте балмұздақтан уланғандар саны 41-ге жетті: Қылмыстық іс қозғалды

2773
6
Бөлісу:

Шымкентте балмұздақтан уланғандардың саны 41 адамға жетті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.

– ОҚО Полицейлердің мәліметінше қазір азаматтардың жаппай улану оқиғасы бойынша ҚР ҚК 304-бабымен қылмыстық іс қозғалған. «Шымкент қалалық ІІБ әл-Фараби полиция бөліміне жұқпалы аурулар ауруханасынан 41 адам балмұздақтан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайт әл-Фараби полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне «санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда», делінген хабарламада.

Еске салайық, кешеден бері Шымкент қаласында балмұздақ сататын бір орыннан тәтті жеген 40-тан астам адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына өткір ішек инфекциясымен түсті.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 6 пікір жазылған

  1. Қазығұрттық 31 Наурыз, 2018 20:10 Жауап

    Кеше осы төменгі жазарымды «Азаттық» сайтына жазып ем, бірақ шығармады.
    Алайда осы «Қазақ үні» порталына ризамын өз басым. «Алдыңа ас қойдым, екі қолыңды бос қойдым» дегендей кең дастарханда отырғандай боласың ашар болсаң.
    Рас, ОҚО Денсаулық Басқармасына басшы болып Мұқан Егізбаев деген азамат келгелі денсаулыққа қатысы бар дүниелер күрт теріс айнала бастады. Қандай да бір аудандық емхана, ауруханаларда еш бітпейтін дау, бір бірімен айтысып бітпес шу көбеюде. Медицина саласына қатысың бар ма, жауаптысың ба көшедегі адам ағзасына қатысы бар дүниелерді тексеруге міндеттісің!
    Негізінде бұл адам ілгеріде айдың аман күнінде басқа обылыстан осы ОҚО-ға, осы салаға басшы болып келген бір іскер адамды «Біздің арамызда сырттан келер «келімсекке» жол жоқ» деген принциппен, яғни трайбалистік пиғылмен бүкіл аудандық емхана, аурухана басшыларын ұйымдастырып «қуып» шыққан болатын.Әлі де ұстанымы сол пиғылда.
    Осыны білетін былтыр обылыс әкімі болып келген Ж. Түймебаев да «аш құлақтан тыныш құлақ» дегенді ұстанып сол орынға келісім беріп де еді. (Мүмкін туыс болып да келетін шығар?)
    Осындай тек жеке басын ғана ойлар М. Егізбаев сияқтылардан құтылмай, ел болуымыз екіталай!

  2. Роза 31 Наурыз, 2018 20:39 Жауап

    Мына ащы шындықты кім көтерсе де ризамын.
    Мұқан Егізбаевтан құтылмай еңсеміз көтерілмесі анық!

    Жерлестерім қатты алаңдаулы. Қайнарбұлақ ауылдық ауруханасы жабылады екен. Бүгін!!!
    …Неге? Ешкім білмейді.
    Бұл аурухана Кайнарбулак Ауыл Округіне қарасты онға жуық ауылдың 11 мың тұрғынына қызмет көрсететін. Бір емес, ОНҒА жуық ( !!! ) Қуаты қашқан қарты бар, буыны қатпаған баласы бар – қаншама жанға шипа дарытып отырған округ орталығындағы осы аурухананың палаталары бос болған кезін көрмеппіз. Қаңырап тұр деп қара құлып салатындай себеп жоқ! Қайта кеңейгені керек еді.
    Бірақ бір «білгіштер» мәселені осылай – тұрғындарға тым тиімсіз тұсынан шешіпті.
    Тиімсіз дейтін себебім: аудан орталығы – #Ақсукент осы төңіректегі барша ауылға алыс. Жолы да теріс. Тікелей жүретін бағыттық автобус жоқ. (Одан облыс орталығына жету оңай). Яғни аталған аурухана тұрғындарды, дұрысы науқастарды жаздың аптабы мен қыстың қаһарында алысқа қатынаудан сақтайтын. Дерті меңдеп тұрған жанға жол жүру оңай дейсіз бе? Кейде ауырған адам үшін қадам аттау мұң. Сонда бірнеше ауыл адамдарын алысқа сандалту #КІМГЕ, не үшін керек болды?
    …Кезінде осы аурухана бір рет жабылған. Оңтайландыру, бюджет қаржысын үнемдеу болды-ау деймін сылтауы. Мақұлдамағанмен биліктің мұнысына үнсіз көнген онға жуық ауылдың бірнеше мың тұрғыны көп ұзамай қатты қиналды. Ауырған адамның бірі Қарабұлақ, екіншісі аудан деп Ақсукентке жіберілетін. Шынын айтқанда, жұрт сандалып кетті. Содан наразылық, шу шықты. Ақыры бірнеше жылдан кейін аурухана қайта ашылды.
    Бүгінгі жағдай ол кездегі сандалуды тағы қайталайтын түрі бар.
    #СҰРАҚ: уақыттың өзі округ орталығына осы аурухананың керек екенін көрсетіп берді. Олай болса оны қайтадан жабудың қажеті қанша? Науқастарды аясаңыздаршы, басшы мырзалар! Әлде ауылда адам ауырмайды деп ойлайсыздар ма?
    Ауданға портал кезегін күткенше ауруы асқынатын талай адамның денсаулығын түзеп жүрген шағын болса да осы ауруханаға ДЕМЕУ болып, ҚОЛДАУ көрсету орнына не бүлдіргелі отырсыздар өзі?
    Ау, Сайрам Аудандық Мәслихат Аппараты, Сайрам Ауданы әкімі, сондағы халық қалаулылары! «Есектеріңіз судан өткен» соң етегіңіздегі елді шулатып қойғандарыңыз қалай?
    Аурухананы жабарда ақсақалдардың, сондағы халықтың бір ауыз пікірін тыңдап көрдіңіздер ме?
    Әлде өздеріңіз онда жатпайтын болған соң сіздерге бәрібір ме?
    Оңтүстік Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы, жауап қатсаңыздар екен!

    • Қолқоюсыз 31 Наурыз, 2018 21:15 Жауап

      Керемет бопты,туысы болса,құдайдан ары болмаса,бері емес,бастарыңа отырғызып алсай.түймебаев емес,президенттің туысы болса,төбелерінен төмен сарытама.

Пікір немесе жауап жазу

3 + сегіз =