Семейде жүздеген үйді су басып, төтенше жағдай жарияланды

Семейде Ертіс өзенінде су деңгейі көтеріліп, жүздеген үйді су басты деп хабарлады ішкі істер министрлігі төтенше жағдай комитетіне сілтеген жергілікті агенттіктер.

«Алғашқы деректер бойынша, Семейде Ертіс өзенінде су деңгейі көтеріліп, 141 үй мен 596 саяжай массивінде орналасқан үйді су басты. 220-дан астам адам эвакуацияланды. Саяжай массивінен өзге Краевой, Портовой, Матросский және Буксирной көшелерінде үйлерді су алды. Тұрғындар қонақүй, профилактория және мектептердегі эвакуация пунктеріне орналастырылды. Оларға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр» делінген комитет хабарламасында.

Су басқан аймақта құтқару жұмыстарына 500-ге тарта адам, ондаған техника мен су тартатын құрылғылар тартылған.

29 наурыз күні кешке Семей қаласында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Арнайы комиссия құрылып, келтірілген материалдық шығынды есептеп жатыр.

Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаменті кеше сеңнің алдын алу үшін Ертіс өзеніндегі мұзды жарған. Өзендегі қолдан жасалған жарылыстан маңындағы үйлердің терезесі сынған. Департаменттің баспасөз өкілі Анастасия Склярдың айтуынша, басқа аймаққа көшірілетін адамдар саны артуы мүмкін. Дереккөз:Азаттық радиосы