Алматыда «Әділ Қытай» қылмыстық ұйымына қатысты алғашқы сот басталды

3793
7
Бөлісу:

Алматыда «Әділ Қытай» қылмыстық ұйымына қатысты алғашқы сот басталды. Топ құрамындағы 12 адам тапсырыспен  адам өлтіріп, кәсіпкерлерден ақша бопсалап, тонаумен айналысқан деп айыпталуда. Тергеу барысында 500-ге жуық куәгердаен жауап алынған, деп хабарлады КТК арнасы.

Сот отырысында 1 жарым сағатқа жуық сөйлеген мемлекеттік айыптаушы талайды қан қақсатқандардың бар былығын әшкереледі. Тіпті, 153 томнан тұратын істе 500-ге жуық куәгер тартылған екен.

Айыптауда көрсетілгендей, Әділжан Зайнаудин 2006 жылы ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, тапсырыспен  адам өлтіріп, кәсіпкерлерден ақша бопсалап, тонаумен де айналысқан.

Айта кетейік, «Әділ Қытай» атымен белгілі қылмыс әлемінің мүшелері өткен жылдың мамыр айында тұтқындалған болатын. Тіпті, олардың ісіне көз жұма қарап, қылмысын жасырып келген полиция полковнигі Бақыт Қасабеков те құрыққа ілінді. Кінәсі дәлелденген ол, былтыр 5 жылға бас бостандығынан айырылғанын айта кетейік.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 7 пікір жазылған

  1. Роза 1 Сәуір, 2018 17:03 Жауап

    негізінен бұндай әрекеттерге баруды тек өзге елдерден көрудің қажеті жоқ.Өзіміздің сана сезіміміз өте төмен деп айтуға болады.Себебі.осындай қылмыстарды істегеннен кейін ұсталмаймын деп ойлай ма екен.Көп асқанға бір тосқан деген осы.Қытай емес,нағыз қазақ екені кескінінен белгілі болып тұр-ғой.Пайдакүн,емдік,қарақшылықпен ақша табуға етіміз үйреніп келе жатырған сияқты.Тек өзгелерден қалыспауға тырнысамыз.Неге әділ жолмен ақша табуға тырспаймыз.Азғана ғұмырды тек жақсылықпен өткізуге тырыспаймыз.Бұған қоғамымызда кінәлі секілді.

Пікір немесе жауап жазу

бір × бес =