ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАЗАҚТЫҢ ҮЙРЕНІП ЖАТҚАНЫ – ҚАСІРЕТ!

6537
9
Бөлісу:

 

Қарағанды облысының əкімі Ерлан Қошанов облыстық Тілдерді Дамыту Жөніндегі Басқармасын сынға алып, сөйледі. Сөйлегенде бүй деді:

– Тіл оқытудағы әдістемелік құралдарыңыз, методикаларыңыз сын көтермейді. Мен бір ғана мысал келтірейін, бір әріптесім өз ниетімен, орталықта қазақ тілі мен француз тілін бір мезетте оқи бастады. Базалық француз тілін меңгерді де, қазақ тілін үйрене алмады. Демек әдістемеде шикілік бар. Тілдің дамуы – ұлттың болашағына, елдің келешегіне байланысты. Ал егер біз оған осылай атүсті қарайтын болсақ, қайда барамыз ертең?».

Бір жағынан қазақ тілін қазақтың үйреніп жатқаны қасірет! Әйтсе де, әкімге ырзамын! Ерлан мырза қарамағындағы шенеуніктерді бұдан әрі де алқымдап, тіл талабын күшейтсе. Бір әріптесім айтады: «тіл үйрену курсына төменгі шендегілер ғана келіп отырады. Ал беделді, жоғарғы шендегілер сертификат аларда ғана бой көрсетеді. Амал жоқ, ұстаз сертификатты қолына ұстатуға мәжбүр. Қорыққаннан. Ал оларды оқытуға бөлген үкімет ақшасы желге ұшуда» деп.

Ертеде бір патшаның шолжаң баласы сабақ оқымай ұстазын мезі етіпті. Қажыған ұстаз патшаға наз айтады ғой, баяғы. Билеуші ақылды жан екен. Шешімін тауып, ұстазбен уағдаға келіпті. Ертеңіне ұстаз ханзаданы оқытып жатқан үстіне патша кіріп келіпті. Ұстаз бас салып ұрса жөнелді дейсің. «Сабақ уақытында рұқсатсыз неге кіресіз? Менің жұмысыма неге бөгет боласыз? Бұ не көргеніздік?» дегенге дейін барыпты. Уағда бойынша билеуші де жасқаншақтап, «кешіріңіз»-ді әлденеше қайталап шығып кетіпті. Ерке ханзада сол күннен бастап оқуға бейіл беріп, зейін қойды дейді. Акылды патша ұстаздың беделін көтеру арқылы түйінді шешті. Бізге де қазақ тілін оқытатын ұстазға билік бермей, беделін көтермей болмайды.

Жанат Тілегенов,

Қазақ үні

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 9 пікір жазылған

  1. С 28 Наурыз, 2018 20:07 Жауап

    Пікір жазу үшін телефоныңды, электрондық поштаңды көрсет дегеннен кейін бұрын да аз оқитын газеттерді оқудан мүлдем қалдық. Ешқандай газет оқымай-ақ, пікір жазбай -ақ қояйық. Өз газеттеріңді өздерің оқып бізде Хабар телеканалындағыдай бәрі жақсы деп мәз болып , аман-есен жүре беріңдер. Ал маған бәрібір….

    • Қолқоюсыз 28 Наурыз, 2018 21:12 Жауап

      Кітәп,газет оқымаймыз,телевизор қарамаймыз,енді интернетте қарамай қойсақ,ештеңе оқымасақ,жазбасақ,әріп атаулысын ұмытып қалатын шығармыз.тек сөйлесу,есту арқылы ғана жаңалықтарды радиодан тыңдасақ.

  2. 123456 28 Наурыз, 2018 22:28 Жауап

    Е.Қ.-осы əкімнің өзі беті бүлк етпей орысша сөйлеп тұрғанын көріп жүргендіктен бұ сөзі иландырарлық бола қойа ма?Жəне Ə.Бөкейханға аудан атын бере алмай отырып сөз айтқаны……

  3. Galy Baysimaqtegi 28 Наурыз, 2018 22:42 Жауап

    Ăriyne durys aytadi maqalashi myrza. Men bugan qos qolummen qosulam. Nege deseńiz fransuz tiliniń ayasi œte keń. English tilinen keyin ekinshi orun aladi alemde. Al bizdiñ til toluq kemeline jete qoymagan damow ùstindegi til dese de boladi. Amal neshik basti kina òzimizden de bar. Biraq sovet odaqqa bodandiq til tyenisin keñinen asha almay qoldanis ayasin ùnemi tömen dengeyde ustap keldi. Tek auyeldiq auyezeki söyleude. Al gyelim men technikaga jolatpadi orun bermedi. Berse käne. Endi täuelsiz el bolganda tildi ilgeri damitpasaq ullttygyemizga syn

  4. мен қазақ 29 Наурыз, 2018 15:50 Жауап

    Үстіңнен арыз айту, өсек тасу, жамандау шенеуніктердің бас қаруы!! Мен сізге толық қосыламын, сіз өте дұрыс айттыңыз – Қолқоюсыз

  5. Ш.З.Д. 29 Наурыз, 2018 17:57 Жауап

    ЕРЛАН ҚОШАНОВ тағы да қуантты!
    Айналып қана кетейін осындай Азаматтан» !!!
    Рухани жаңғыру бастамасының нағыз Батыры!
    Қазақ тілінің Қаһарманы!
    Бұрын соңды мұндай батыл бастама көтерген адамды естіген емеспін! Енді басқа басшылар да бастаманы белсенді жалғастырса, Қазақ тілінің рухы көтерілер еді!
    Жасасын, ЕРЛАН ҚОШАНОВ !!!
    Игі ісіңізді Алла қолдасын!

  6. Дос 29 Наурыз, 2018 22:23 Жауап

    Тіл үшін мансабын тәуекелге тігіпті әкім, Ел қолдауына үміт артып. Ерім дейтін халық болайық, ағайын. Ерлігі жемісті болуын тілеп.

  7. Қолқоюсыз 13 Сәуір, 2018 14:49 Жауап

    Әдістемеде кемшін бар шығар, бірақ негізгі кемшілік қызметкердің зейінінде, бұл тілді меңгеру қаншалық қажет деген ой-пиғылына да байланысы жоғары. Егер,қазақ тілін меңгермеген шендіге «жылы орнымен» қош айтысады ертең десе, көбі дәл қазір-ақ қазақша сайрап кеткелі тұр, бұған Үкімет отырысы мен Парламент отырысы анық дәлел!

Пікір немесе жауап жазу

13 − жеті =