"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Жақсыбековтың орнына Даниал Ахметов тағайындалды

Астанада Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті. Жиын барысында федерацияның жаңа президенті болып Даниал Ахметов сайланды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Кезектен тыс конференция барысында екі мәселе қаралды. Атап айтқанда, Жеңіл атлетика федерациясын бұған дейін басқарған Әділбек Жақсыбековтің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату және федерацияның жаңа президентін сайлау. Атқару комитеті мүшелерінің бірауызды шешімімен Әділбек Жақсыбековтің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, оның орнына ҚР жеңіл атлетика федерациясының президенті болып Ахметов Даниал Кенжетайұлы сайланды.

«Маған сенім білдіргендеріңізге рахмет! Әділбек Рыскелдіұлы басқарған бір жылдың ішінде аз шаруа атқарылған жоқ. Енді сол бастамаларды ары қарай жалғастырып, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясын дамытуға тырысамыз. Алдымызға қойған мақсаттарымыз өте көп. Мәселен, бірінші ретте, спорттық инфрақұрылымдарды жетілдіруді көздейміз. Жақын уақытта жеңіл атлетикаға бейімі бар барлық өңірлердің әкімдерімен кездесіп, сол аймақтардың жеңіл атлетика спортын дамыту жолдарын қарастырамыз. Соның ішінде, келесі жылы Семей қаласында Ұлттық құрамалар базасы дайын болады», – деді Даниал Ахметов.

Сондай-ақ шара барысында Жеңіл атлетика федерациясы Атқару комитетінің жаңа мүшелері бекітіліп, Әділбек Жақсыбеков Атқару комитетінің құрамына енді




Осыған ұқсас:

  1. Әлемде тұңғыш рет таңғажайып операция Өскеменде жасалды
  2. ҚАЗАҚТЫҢ ЖАРТЫСЫ ҚЫРЫЛҒАН ЗҰЛМАТ ӘКІМДЕРГЕ МЕРЕКЕ МЕ?
  3. ТРАГЕДИЯ, УНЕСШАЯ ПОЛОВИНУ КАЗАХОВ, ДЛЯ «АКИМОВ» – ПРАЗДНИК?
  4. «С праздником – 31 мая!»: ШҚО әкімінің орынбасары Ашаршылық құрбандарын осылай еске алды
  5. ШҚО-да адам қағып өлтірген әкім орынбасарының ісі жанжалға ұласты
  6. ШҚО әкіміне ресми сауал: «Рухани жаңғыруды» жазған журналист неге жазаланды?


4 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 26 Наурыз, 2018, 17:48

    ПЕНСИЯДАҒЫ ШАЛДАРДАН НЕ ПАЙДА, БІРАҚ СЦЕНАРИЙ БОЙЫНША БҰЛАР ҚАРТТАРДЫҢ МЕКЕНІ БОЛҒАН ПАРЛАМЕНТКЕ БАРАДЫ СОСЫН ШЕКСІЗ ӘРІ ҚАРАЙ АЛМАСЫП ЖҮРЕ БЕРЕДІ

  2. 26 Наурыз, 2018, 21:49

    оз жумыстарын каркылдатып алсын да.мурындарына ииси де бармайтын саланы сандалтканша.

  3. Белгісіз 26 Наурыз, 2018, 22:52

    БИЛІККЕ АДАСЫП КЕЛГЕНДЕР ХАЛЫҚҚА БЕРЕКЕ ӘКЕЛМЕДІ, ӨЗ ҚАРА БАСТАРЫНЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАҒАНДАР ХАЛЫҚТЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫН ЕСТИ АЛМАДЫ, БҰЛ КЕЗЕҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАҒЫМПАЗДЫҚ ПЕН ӨТІІРІКТІҢ ҮСТЕМ ЕТКЕН УАҚЫТЫ

  4. Белгісіз 27 Наурыз, 2018, 07:54

    Ақыр заман белгілерінің бірі осы болады. Жумысты маман басқармайды. Асығыңдар құтылуға ағайын.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.