Кафедегі лағман мен самсаның есек етінен жасалғаны әшкере болды (видео)

2308
6
Бөлісу:

Өзбекстанның Ферғана қаласында есек сойып сатқандардың ісі әшкере болып, үлкен дау тудырды, деп хабарлады sputniknews.kz.

«Узбекистан 24» телеарнасы Ферғанадағы бірқатар қоғамдық тамақтану орны есек етін сатып алып, сиыр және қой етінің орнына пайдаланғаны туралы видеоролик көрсетті.

Қылмыстық банданың үш мүшесі есектерді 250-300 мың сумнан (шамамен 10 – 12 мың теңге) сатып алып, оларды боршалап, дәмханаға келісін 25-30 мың сумнан (шамамен 1 – 1,2 мың теңге) сатқан.

Олардың клиенті негізінен Тошлок ауданындағы «Ягона» дәмханасы мен Ферғанадағы Мурод Тургуновтың асханасы болған.

Бағдарламада есек етін басқа еттен түріне қарап та, дәмі мен иісінен де ажыратуға болатыны айтылған. Сондықтан аспаз бен мейрамхана бизнесімен айналысатын адам қандай жануардың етін сатып алып жүргенін жақсы білген.

Айта кетейік, Исламда есек еті лас болып есептеледі және тамақ ретінде пайдалануға тыйым салынады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 6 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз 26 Наурыз, 2018 15:36 Жауап

    Е не қылар дейсің,жей берсін.Ешак шөп жейді.ал шошқа жуынды,жемейтіні жоқ.Сондықтан ешак таза.кафе лерде пойдот.жей берсін деликатес.. Қытайлар змейден ,мысық тан ,иттен түрлі дәмдеуіштер қосып ас жасап береді қойдыкі сиырдың еті деп,кім тексеріпті,көрмеген соң аумайды, білмейді жей береді.

  2. базарбай 26 Наурыз, 2018 17:57 Жауап

    жылкы жеген затты есекте жеиди ози бир минеткеш жануар неге есекенди арамга шыгарганын еш тусиналмаи журмин.

    • Қолқоюсыз 26 Наурыз, 2018 22:17 Жауап

      қазақтар тепеңдетіп есек мінгенді ар санаған.сарттар,өзбек,ұйғырлар болмаса,сауда жасап,жүк артып жүрген.
      есекке хайуан деп қараған,малдарымен бірге ұстамайтында.бала күннен есек дегенді сирек көретінбіз,көрген жерде ақыртып,күлге аунап ақырып-шақырып,кәпірдің дауысы да ащы,қуып,тақайымен қосып қарық болатынбыз.сүйкімсіз хайуанның етін жеп,құрттап кеткен шығар,ауырулары жұғып.қоғамдық орындардан тамақ ішкеннен жиренетін болды енді.

    • Қолқоюсыз 27 Наурыз, 2018 08:35 Жауап

      Ешек жемеу себебі ол соғым малы емес үнемі ауыр жұмыс жасап жүрген мал сондықтан ,сосын еті қатты болар.

  3. Түңілген 26 Наурыз, 2018 21:11 Жауап

    Еуропада жылқы аз болғандықтан етін жеуге тиым салынған. Сол сияқты арабияда да жұмыс көлігі ретінде қолданылатын емекті жеуге тиым салынған. Ислам дінінен бұрын тиым салынған. Болгарияда есек еті дилекатес болып саналады. Шошқа еті ыстық жерлерде тез арада бұзылады сондықтан адам тез уланады. Суық жақтарда шошқа етін адам асқазаны тез қорта алады. Сондықтан харам мен адал түсініктері салыстырмалы котегория. Өсетін жəне жыбырлағанның бəрін жи беретін қытайлар көбеймесе азайып жатқан жоқ қой.

  4. Түңілген 26 Наурыз, 2018 21:13 Жауап

    Негізі еуропада жылқы аз болғандықтан етін жеуге тиым салынған. Сол сияқты арабияда да жұмыс көлігі ретінде қолданылатын емекті жеуге тиым салынған. Ислам дінінен бұрын тиым салынған. Болгарияда есек еті дилекатес болып саналады. Шошқа еті ыстық жерлерде тез арада бұзылады сондықтан адам тез уланады. Суық жақтарда шошқа етін адам асқазаны тез қорта алады. Сондықтан харам мен адал түсініктері салыстырмалы котегория. Өсетін жəне жыбырлағанның бəрін жи беретін қытайлар көбеймесе азайып жатқан жоқ қой.

Пікір немесе жауап жазу

бес × 2 =