Иманғазы НҰРАХМЕТҰЛЫ: Наурыз күні қазақтың бәрі Қыдыр

Бөлісу:

Кірпігінен аспанның нұр төгіліп,

Ынтығады сол нұрға жұрт емініп.

Тіршіліктің керуені жылжиды алға,

Бір ілгерлеп, бір тоқтап, бір шегініп.

Уақыттың теңізін кешіп өткен,

Келді, міне, әз-Наурыз – тоты-көктем.

 

Кірпік қақпай күзетіп бұл ғаламды,

Қырсықтарды болдырмай шырғалаңды.

Самал болып сыбырлап бата беріп,

Қыдыр ата аралап жүр даламды.

Ошақ асқан бірге жүр анамен де,

Бірге жүр ол ойнаған баламен де…

 

Ару – көктем, бұл көктем – Ана – көктем,

Тас балқиды демінен жанап өткен.

Көктемге еріп ұмытып қайғы-мұңды,

Кеткім келіп тұрғаны-ай, бала боп мен.

Еркелетер, жұрт мені еркелетер,

Көктем сұлу ұнатар, ерте кетер…

 

Асыра айтып қойдың деп сөкпе мені,

Болса болар ойымның жетпегені.

Наурыз күні қазақтың бәрі Қыдыр,

Алғыс болып дариды ақ дегені.

Қыдыр деп біл жасты да, кәріні де,

Періштедей кіршіксіз бәрі, міне.

Иманғазы Нұрахметұлы,

Қазақ үні

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

    • Қанат. Жезқазған. 25 Наурыз, 2018 17:56 Жауап

      Ой, АЛЛАҺ ТАҒАЛАМ, Мына ҚАЗАҚТАРҒА АҚЫЛ БЕРЕ КӨРШІ! НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ҚАЗАҚ әлі дұрыс тойлап жатқан жоқ! Ал, орыстың ЖАҢА ЖЫЛЫН дүркіретіп тойлайды! Шындық осы!!!

  1. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 25 Наурыз, 2018 20:01 Жауап

    ҚЫДЫР АТА, ҚАЗАҚТЫҢ БИЛІГІНЕ ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚТЫҢ КӨРІП ЖАТҚАН КҮНІ МЕН ҚИЫНШЫЛЫҒЫН БЕРШІ, ХАЛЫҚТЫ ТОНАП, ХАЛЫҚТЫҢ БАЙЛЫҒЫН ЖЕКЕМЕНШІК БИЗНЕСІНЕ АЙНАЛДЫРҒАНДАРҒА ТЕРІС БАТАҢДЫ ЖОЛДАШЫ, ТЫМ ҚАТТЫ ДА, САБЫРСЫЗДЫҚ ТАНЫТСАМ КЕШІРІҢІЗДЕР, БАСҚАША ОЛ ЖАУЫЗДАРДЫ ҚАЛАЙ ЖӨНГЕ КЕЛТІРУГЕ БОЛАДЫ, БАСҚА СӨЗІМ ЖОҚ, ҚЫДЫР АТА, КӨМЕКТЕСШІ.

  2. Дала 1 25 Наурыз, 2018 23:27 Жауап

    Әрине әліде дұрыс бәрі тойлап жатқан жоқ.бірақ бар жыл сайын көптеп тойлаудамыз.Негізі біздерге Қазақ тарға күн жылынуы,көктем айлары басталуы,бұл какраз қыстай бірде суық бірде жылы ,көмірге таласып шыққан біздер үшін бұл ерекше той,ұлы той..

    Тіпті.:
    Жазғұтұры қалмайды қыстың сызы,
    Масатыдай құлпырар жердің жүзі ,
    Жан жануар адамзат анталаса,
    Ата ана дай елжірер күннің көзі….

    деп жырлап жіберуге болады.

    Қыстай тоңған сүйектерін шал шақуан күншуақта күнге қақтап..
    Ай ай ұлы Абай қалай біліп айтып кеткен десейші..

Пікір немесе жауап жазу

тоғыз + он бес =