Руза Бейсенбайтегі: Кондуктор қазақша жауап бермесе, автобустың астына түсемін

1660
15
Бөлісу:

Тіл күрескері Руза Бейсенбайтегі «Қамшы» порталының редакциясына хабарласып, Павлодардағы №111 қоғамдық көлігінде болған оқиғаны айтып берген екен.

— Жүргізуші автобусқа кірген бетте: «Оплатите  проезд», – деп айтты. Мен: «Қазақша айтыңыз, мемлекеттік тілді ешкім алып тастаған жоқ дедім», – дейді Павлодар тұрғыны.

Жүргізуші болса орыс тілінде сөйлеп, қайтадан жолақысын төлеуін сұраған.

Ал Руза Бейсенбайтегі кондуктор қазақша сөйлемесе, жолақысын төлемейтінін айтқан.

Автобустағы жолаушылар сол сәтте қазақша сөйлеуді талап еткен тұрғынға жабыла кеткен көрінеді.

— Жолаушылар арасында орныма жолақысын төлеуді ұсынғандар да болды. Мен ақшамды аяп тұрған жоқпын, мемлекеттік тілдің қоғамдық орындарда сақталуын талап етіп отырмын, – дейді Руза Бейсенбайтегі.

Уақыт оздырмай Руза Бейсенбайтегі облыс әкімдігіне хабарласқан. Ол жердегілер тіл күрескерінің  дауысын естіген соң тұтқаны қоя салған. Содан кейін қала әкімдігіне телефон соққан тіл жанашыры: «Егер әкімдіктегілер немесе полиция қызметкерлері  аялдамада алдымнан шықпаса, автобустың астына түссем де, оны тоқтатамын», – деген.

Автобус аялдамаға тоқтаған кезде Руза Бейсенбайтегі оның алдына шығып, жолын бөгеген. Жүргізуші тіл күрескерін қорқытпақ болып, көліктің тұмсығымен кеудесінен ақырын итеріпті. Руза апай онысын елең қылмай, шынтағын тіреп тұрып алған. 5 минуттан соң полиция қызметкерлері келіп, екі жаққа да түсініктеме жаздырған. Нәтижесінде, автобус жүргізушісі Руза Бейсенбайтегінен орыс тілінде кешірім сұрапты.

— Мен жүргізушіге айттым: «Мен сізді кешіремін. Бірақ екі шартым бар: біріншіден, кешірімді мемлекеттік тілде сұрауыңыз керек; екіншіден, келесі жолы қоғамдық көлікте қазақ тілінде қызмет көрсетіңіз», – дедім. Жүргізуші бұл талабымды жауапсыз қалдырып, теріс бұрылып кетті, – дейді Руза Бейсенбайтегі.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 15 пікір жазылған

  1. Жанашыр 19 Наурыз, 2018 14:47 Жауап

    Қазақ тілі тек Елбасы мен Руза апайға ғана емес, баршамызға қасиетті, қадірлі, қымбатты ана тілі! Сол тілді сақтап, дамытып, көркейтіп, қолдануын кеңейтіп, тынысын ашу – әр қазақтың, қазақстандықтың қасиетті парызы. Перзенттік парызға адал болайық, ұрпағымызға шұрайлы, бейнелі, көркем өз тілімізді аманаттайық, шала, бүлінген, жартыесті шұбара тілді емес! Руза апайға мың алғыс, Алла разы болсын!

  2. калбит 19 Наурыз, 2018 20:14 Жауап

    дура!!!!!!!!!!!!!!!! казахша соилеитин адамдар такои надан тупои болады .казахскииге вообще казахстанда соилеуге моратория коиуы керек . если хчеть говорить на казахском Китаига Манголияга кетсин .казахстанда журип уят емеспе !!!!!!!!!!!!это мамбетизм

  3. Руза 19 Наурыз, 2018 21:12 Жауап

    Тілің, ұлтың дегенде қашан қалыс қалушы едіңіздер, асыл Қазекем бастаған бауырларым! Басқа не айтам. Айтпақшы Құқықтық статистикадан бірінші орысша, жауап келді құзырлы органға бердік деп. онысымен хабарлассам, олар да отыр, я рюзкая деп). Әйтеуір біле алмадым сонымен. Бірақ, түсінгенім, жауапқа тартылып жатыр деген сөз, қалай да болса…. Бірінші ретмен емес, тілге қарсы жақ! Сең қозғалды ма, бір және соңғы рет пе, уақыт көрсетер..

  4. шалқар қаман 23 Наурыз, 2018 18:14 Жауап

    орысша сөйлегенін тыңдамай қою керек. білмегендей кейіп көрсету керек.
    қасындағы тілмаштар қазақша аударып берсе , сіз онымен сөйлесесізбе сөйлеспейсізбе ,қай тілде сөйлесесіз ол өз құқығыңыз. яғный ағылшынша жауаб беріп мидарын ашыт.

Пікір немесе жауап жазу

7 + 3 =