"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Су басып жатыр Шығыстың байтақ даласын – Әлібек Шегебай

Су басып жатыр, су басып жатыр,
Шығыстың байтақ даласын.
Қиналған халық шуласып жатыр
Арқалап тасып баласын.

Үйлері құлап үйінді болды,
Үрейдің есіп дауылы.
Көңіл мен күмбір күйімді бөлді
Қайғының азап ауылы.

Екпіні қатты, есер мінезді
Қызыл су деген осы ма?
Тап қылды қандай кеселге бізді,
Табиғи апат қосыла.

Жылауда ана, жылауда бала
Кіре алмай қалған үйіне.
Шеберміз кейде сынауға ғана
Шекпен мен шенді, күйіне.

Сыйлайтын жанға айдыны сезім,
Көлдерім жатыр, обал-ай…
Қызықтап тұрар, қайғының өзін
Қарекеті жоқ, қоғам-ай!

Адасып қалған тектілігінен,
Жасаурап бір сәт жанары.
Тасыған судың екпініменен
Ауылдар ағып барады.

Мұның да ертең сұрауы болар,
Құстарым қайта қонсыншы.
Алланың салған сынағы болар,
Адамдар аман болсыншы!

Әлібек Шегебай




Осыған ұқсас:

  1. ШҚО-да жаназаға келген жұрт суға ағып кете жаздады
  2. ШҰҒЫЛ! Шығыс Қазақстанда 2 шақырымдық жыра пайда болды
  3. БҚО-да былтыр ғана салынған дамба жарылды (ФОТО)
  4. Су тасқынымен күрес жұмыстарына Шығыс Қазақстанға 2 млрд теңге бөлінеді
  5. ШҚО-да тағы бір ауданды су басты
  6. Семейде жүздеген үйді су басып, төтенше жағдай жарияланды


31 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 01:49

    Алибек иним жазыпсын жырды шыгысты судын басканын ширкин ай сол су оятар ма еди казактын ой санасын

  2. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 02:54

    Мына жер жуткыр яхудийлар билеген расеянын полигондары мен космодромдары мен саткын билик, ягни сол сумдардын малайлары бирге курымай, осындай техногендик апаттар кобейе береди Улы Далада. Халкымыз бен Жер Анамыздын, динимиздин жауларын Бiр Аллага тапсырамыз! Алла Жар болсын халкымызга!!!

  3. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 06:49

    Тура би не шектин бауырым? Былтыр да коктем келди осы жерге мысалы Аягозге бирак бундай болган жок. Сондыктан аллахынды емес галымдар косылган комиссия курып неликтен неге кандай себептермен су келгенин аныктау кажет. Аныкталган сон каражат болинип енди болмайтындай гып проблеманы шешип тыстау кажет.

  4. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 06:58

    Дамба мамба сала бермей (жергиликти » мамандар» жасаган ) Казакстан боиынша гидротехникалык карта неге жасауга болмайды? Космоста спутниктер бар, кардын жауыннын суы кайда баратынын спутниктермен коруге бакылауга болад, ягни су жиналатын жерлерди алдын ала дайындауга болад. Ол ушин Казакстан боиынша осыган жауап беретин бир министерсвонын ишинде Жаксы мамандарды жинап бир департамент курып жиберсе оте дурыс боласын еди.

  5. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 07:14

    ЖЫЛ САЙЫН ЗАРДАП КӨРІП ОТЫРҒАН ХАЛЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫ ӨТЕ МҮШКІЛ БОЛЫП ЖАТЫР, БІРАҚ ОНЫ МОЙЫНДАЙТЫН БИЛІК ЖОҚ. БІТПЕЙТІН БАҒДАРЛАМАЛАР, ЕШКІМГЕ ПАЙДАСЫ ЖОҚ ҚАДАМДАР ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕДЕР, МАСҚАРА, ЕНДІГІ ХАЛЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫ НЕ БОЛМАҚ, ХАЛЫҚТЫ ТОНАП, ӨЗДЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЛАРЫН КҮННЕН-КҮНГЕ ЖАҚСАРТЫП ЖАТҚАНДАР ҚҰДАЙДАН ДА ҚОРЫҚПАЙДЫ МА ЕКЕН, СОНШАМА ИМАНСЫЗДАР ҚАПТАП, ХАЛЫҚТЫҢ БЕРЕКЕСІН КЕТІРДІ.

  6. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 07:26

    Жаны ашымастың балтыры сыздамас.Роһондоға бергенің қазаққа бермермеген биліктегілер халықтың қазынасын өз меншігі көргені ғой.

  7. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 09:34

    Топан су басып жан-жақты әбігерге салды халықты

  8. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 09:34

    Керемет жазылыпты

  9. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 09:54

    Халқымыз аман болсын, осындай жағдайларда бір-бірімізге көмек көрсетіп жүрейік.

  10. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 10:00

    Мезгіл сайын болып отыратын құбылыстар белсендеріңізді түсірмей, табиғаттың құбылысын ешкім алдын-ала біле алмайтын болғандықтан барынша қол ұшымызды беріп жәрдемдесейік.

    • Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 12:44

      Ия, табиғаттың күшіне ешкімнің де әлі келмейді. Халық болып жұмыла отырып зардап шеккендерге көмек беруіміз керек деп ойлаймын. Биліктің өзі қазірдің өзінде 50 миллион бөліп қойған екен.

  11. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 10:02

    Әр қилы амалдар жасап, жәрдем көрсету арқылы су тасқының жеңеміз.

  12. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 10:06

    Әлібектің сөз жолдары үйлескен ақын, жұмылып көмектесу арқылы бір амалын жасайық.

    • Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 12:42

      Дұрыс айтасыз, Қазақстандықтар өте ұйымшыл негізінде. Биліктің бөліп отырған қаржысынан бөлек тағы да қаржы жиып бере салады. Ақкөңіл Қазақстандықтар зардап шеккендерге қарап бос отыра алмайды.

    • 14 Наурыз, 2018, 15:06

      Қайда министр,депутаттар,сол халықтың арқасында шалқып жүргендер.
      Ұшақ,вертолетпен шұғыл жетіп,көздерімен көріп,шындықты баяндамайма,жасырмай,8-үй ғана кетті деп.абай мен рательден басқасы түк көрмей естімей қалғанба.
      Халық мал-жанымен,үй-күйімен зардап шегіп,қызыл су басып жатқанда.
      Әншейінде алаулап-жалаулап жүретіндер неғып бұғып отыр?Халық қарлы-мұзды жастанып,не ішіп,не жеп жатыр.

  13. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 12:41

    Табиғаттың салдарынан осындай жағдайға тап болдық. Жаңбырдың толассыз жауғаны арты осындай болып отыр. Әрине, осы жағдай үшін жауапқа да тартылатындар болады.

  14. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 15:35

    Халықтың мұңы жазылған! керемет шумақтар!

  15. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 15:35

    Табиғи апат болмаса екен!

  16. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 16:05

    Ақынның жан тебірінісі!

  17. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 16:10

    Айдана

  18. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 16:11

    Бәрі жақсы болады!

  19. 14 Наурыз, 2018, 16:11

    Тек сабыр етейік!

  20. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 16:11

    Тек сабыр етейік!

  21. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 17:21

    Тек сабыр қылу керек!

  22. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 17:21

    Баспанасыз ешкім қалмайды

  23. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 18:50

    ДЕПУТАТТАР МЕН СЕНАТОРЛАР, МИНИСТРЛЕР, БИЛІКТЕГІЛЕР ҚАЙДА, ЕРТЕГІ ӘЛЕМІНЕН ШЫҒА АЛМАЙ ЖАТЫР МА, СОЛАРДЫ БАСТАРЫМЕН ТЫҚСА ҒОЙ СОЛ СУҒА, БІРДЕН БӘРІН ДҰРЫСТАР ЕДІ, СОЛАРДЫ ОСЫНДАЙ ҚҰЛАП ЖАТҚАН ҮЙЛЕРГЕ ҚАМАСА ҒАНА ХАЛЫҚ КӨРІП ЖАТҚАН ЗАРДАПТЫ СЕЗЕДІ. ЭКСПО ДЕП ШАПҚЫЛАҒАН, АЛАҚАЙЛАП ҚҰТЫРҒАНДАРДЫҢ ЕЛІНДЕ ХАЛҚЫ ОСЫНДАЙ ЖАҒДАЙДА ЕКЕНІН ӘЛЕМ БІЛЕ МЕ ЕКЕН, ӨЗ ЖӨНІМІЗДІ ЖӨНГЕ КЕЛТІРЕ АЛМАЙ ЖАТЫП, ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТУ НЕ ТЕҢІМІЗ, МОМЫН ХАЛЫҚТЫҢ АТА-БАБАСЫНАН ҚАЛҒАН НЕСІБЕСІН АУЗЫНАН ЖҰЛЫП АЛҒАН ТАЖАЛДАР ХАЛЫҚТЫ ШАРШАТТЫ.

  24. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 18:57

    ХАЛЫҚПЕН САНАСПАЙ, МЛНДАП ЗАРПЛАТА АЛАТЫНДАР, ТЫҢДАҢДАР, СЕНДЕРГЕ ЗАРПЛАТАНЫ ХАЛЫҚ НЕ ҮШІН ТӨЛЕП ОТЫР, ҚАШАН ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТЕСІҢДЕР, ЖЫЛ САЙЫН КӨКТЕМДЕ ХАЛЫҚТЫҢ КӨРГЕНІ ЗАРДАБЫН ҚАШАН ШЕШЕСІҢДЕР, ҚЫЗЫЛАҒАШТАҒЫ ТРАГЕДИЯ АЗ БА СЕНДЕРГЕ, ЩАЛҚЫП АСТАНАДА НЕ БІТІРІП ОТЫРСЫҢДАР, ҚОЛДАРЫҢНАН КЕЛМЕСЕ КЕТПЕЙСІҢДЕР МЕ, БАСҚАЛАРҒА ЖОЛ БЕРІП.

    • 15 Наурыз, 2018, 12:21

      Қызылағаш трагедиясының шындығы әлі ашылған жоқ.одан қорытынды да шығарған жоқ.

  25. Белгісіз 15 Наурыз, 2018, 11:41

    Көктем келетінін биліктегілер білмей қалған гой. Білгенде мұндай жағдай болмас еді.

  26. Белгісіз 15 Наурыз, 2018, 11:48

    Саңырау басшылықтың кесірінен,
    Көктемде су астына бататұғын.

    Ринат ЗАЙЫТОВ. Айтыскер ақын

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.