"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Оқушыны жаппай зорлады деген оқиғаға қатысты тың мәлімет жарияланды

Сот-медициналық сараптама қорытындысы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылында бірінші сынып оқушысына сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасалғанын теріске шығарды.

Sputnik Қазақстан редакциясына түскен қорытындыға сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысы сот сараптама институтының мамандары баланың зорланбағанын анықтаған. Сарыағаш аудандық ауруханасы да оқушының денесінен ұрып-соғу белгілерін таппапты.

Оңтүстік Қазақстан облысының 62 жастағы ауыл тұрғыны бұдан бұрын өзінің қамқорлығындағы 1-сынып оқушысының зорланғанын хабарлаған болатын. 12 қаңтарда ол полицияға арыз беріп, екінші сабақтан кейінгі қоңырау кезінде немересін 13 жасар бала ұрып-соғып, зорлады деп шағымданған.

“Тамыз айында бірінші сынып оқушысының әжесі АІІБ-не немересін соққыға жықты деп арыз берді. Әйел адамға жалған шағым түсіргені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені ескертілген. Сол кезде ол арызын қайтып алады. Кейін 12-қаңтарда тағы бір шағым түсіреді. Оның айтуынша, тамыз айынан бері ағайынды 6 және 7-сынып оқушылары немересіне сексуалды сипатта зорлық жасап келген.

Тергеу басталып, комиссия құрылды. Бірінші сынып оқушысы мен айыпталған жасөспірімдер бір үйде тұрады, бірақ әртүрлі мектепте оқиды”,

— деп мәлімет берді Сарыағаш ауданы білім беру бөлімінің басшысы Бауыржан Майрихов.

Майриховтың өзі мектепке барып, сабақ кестесін анықтап, бақылау камераларындағы жазбаларды көрген, психологтармен сөйлесіп, директормен де жиналыс өткізіпті, бірақ әжейдің айтқан сөзін растайтын еш дәлел таппаған.

Білім беру бөлімінің басшысы атап өткендей,

ағайынды жасөспірімдердің өкілі 62 жастағы әйелді сотқа бергелі отыр. Өйткені балалардың әкесі қатты күйзеліске ұшырап, бірнеше күн бұрын қайтыс болған екен.

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың айтуынша, зорлық жасалғаны дәлелденген жоқ.

“Сараптама жасалды, баланы ешкім зорламаған”, — деді ол сейсенбі күні тілшілерге.




Осыған ұқсас:

  1. Былтыр елімізде 3 мыңға жуық оқушы қыз жүкті боп қалған
  2. Оқушылар екі ай бойы жалақы алмаған мұғалімге ақша жинап берді (видео)
  3. Үздік кәсіпкер мектепті үздік бітіргендердің бәріне iPhone сыйлады
  4. Ақтөбеде хиджабын шешпеген ондаған оқушы келесі сыныпқа көшірілмейтін болды
  5. Мектеп директорының орынбасары мен мұғалім оқушыларды мазақ еткен
  6. Елімізде жыныстық жолмен қауіпті аурулар жұқтырған оқушы қыздардың саны артып келеді


13 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 15 Наурыз, 2018, 01:17

    Қазір бопсалау, қоқан-лоқы жасау сияқты жағымсыз қылықтар қазаққа жат болмай кетті ғой. Әйтпесе, 62 жастағы әйелге не жоқ десеңізші. Біресе арыз береді, біресе арызын қайтып алады, әркімнің сөзіне еріп тағы арызданып, өзгелерге жала жабады. Сондағы көкейін тесіп бара жатқаны қу ақша ғой. Ал енді не болды, сараптама баласының зорланғанын жоққа шығарды ғой. Енді немересінің келешегі не болмақ? Ол ауылда бұрынғыдай қалай тұрмақ? Ол бала қазірде, есейгесін де қатар-құрбы, жора-жолдастарының бетіне қалай қарамақ? Ертеңгі күні өзі қатарлы балалар ,,Жалақор,, ,,Күйелі ағаш,, деп жүргізбеуі мүмкін емес пе? Жүргізгені былай тұрсын, қатарына қоспаса жас балаға ауыр соққы болмай ма? Ата-аналар, жасы үлкен кісілер ,,өз дегенім болмады,, деп өзеурей бермей, балаларының болашағын да ойлағандары дұрыс болар деп есептеймін.

    • 15 Наурыз, 2018, 10:11

      Кім айтты ажесі істеп отыр деп, баланы шын мәнінде зорлаған, барын сатып алған олар, жалған ақпарат олар жазып отқаны, экспертиза 2-3 өткеннен не айтады

    • 15 Наурыз, 2018, 11:30

      Үлкен қала емес,кішкене ауылда өз-өзіне күйе жағу деген болмайды.
      жел соқпаса,шөптің басы қимылдамайды.
      мұнда жәбір көрсетушілердің жақтастары ма,олай жөнсіз кінәлауға болмайды.
      титтей бала,оғаш қылық,қимыл болмаса,жаны қиналмаса,өтірікті қалай құрастырады.бүлдіршіннің жазығы қорғансыз қалғаны ма,болғаны ма,қоғам болып сұмдардан арашаламаса,қарсы тұрмаса,жетім лақтай жылап,күйініп,тарығып жәбірленіп өмір сүруі керекпе.

    • Белгісіз 20 Наурыз, 2018, 22:59

      Дәлел барма осы жазғандарыңа, өзіңнің басы келтірмесін осындай жағдай, апаны қорқытып қойған жоғарыдағы чиновник смақтар, олар бәрін сатып алады

  2. Белгісіз 15 Наурыз, 2018, 11:25

    улкен киси отирик айтпайды гой типти акша керек болганда да ортага кишкентай баланы салмайтын шыгар сондыктан шындык али ашылмай тур балага катты ауыр соккы оте жаман нарсе алла сактасын адам ба булар алде еки аякты шайтан ба не болып барад бул заман бари де ертен улкейип азамат болады кимнин алдында не кутип тур ол тек бир аллага аян сондыктан аягынды басканда ойланып басу керек сиякты типти мал екеш малда оз баласына айуандык жасамайды гой ойланайык адамдар ,,,,,,

  3. Белгісіз 15 Наурыз, 2018, 13:58

    Барлыгы заңдя болса неге баланы куштеп поездан тусирип алып калган бир шикиликтиң бары анык ашык бурмалау гой

  4. 15 Наурыз, 2018, 16:19

    Не деген сумдык соз жок ажесе отрик аиты деп оламаимын .балага кандаи ауыр боп тиеп жатыргои кудаи баска бермесин соз жок .барин Аллах кориптур

  5. 18 Наурыз, 2018, 03:08

    Барин 1-Алла биледи!!койын казактар!!

  6. Белгісіз 22 Наурыз, 2018, 00:49

    Сараптаманы сатып алу түкке тұрмайды, өтірік айтып отырғандар әжей емес екені анық, қалай болғанда да ондайға ешкім бара алмайды, тек айыптылар өйте алады, біліп ем олар қалай сатып алмай әлі жүр деп. Шындықты бұрмалап отырғандардың басына берсін, несіне ендеше поездан түсіріп алады, сараптаманы тек Астанада ма жасатқысы келген негізі шетел экспертизасына жүгінген дұрыс, бізде шындық тек қалталылардың жағында

  7. 26 Наурыз, 2018, 22:38

    А

  8. Белгісіз 10 Сәуір, 2018, 11:28

    Мектеп оқушылары жасөспірімдер ғой зорлауға шамалары келмеген шығар мүмкін, бірақ зорлауға әрекет жасалғаны экспертизада қалай дәлелденеді. Оқушылардың сондай бұзық пиғылының өзі қазақы ауылда өте сорақы.

  9. Белгісіз 11 Сәуір, 2018, 10:25

    Бала еш уақытта өтірік айтпайды, сол өтірікті судай сапырып отырған «үлкендер»: омбудсмен Балиева, министрлік өкілі Асылова, т.с.с Шет ел сарапшыларын тартып, дауға нүкте қою керек, көрпені билік өкілдеріне қарай тартпай!

  10. 11 Сәуір, 2018, 12:37

    Бала қандай жагдайда қалды бір алла жазасын берер кіналіге

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.